Талдықорған: +25°C
$ 465.08
€ 536.52
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖУРНАЛИСТИКА – ЖҮРЕКТІҢ ІСІ

02.02.2025
КҮНДЕРЕК
ЖУРНАЛИСТИКА – ЖҮРЕКТІҢ ІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Әр елдің салты басқа» демекші, әр мемлекеттің медиа саласында өзіне тән ерекшелігі бар. Осы орайда Анадолы елінің ақпарат кеңістігіне бойлап көрдік. Әріптестеріміздің құқы, ақпарат тарату мүмкіндігі, әлеуметтік жағдайынан сыр тарттық. Кәсіби журналистиканың жауапкершілігі мен бағасын сараладық.

Министрден биік мәртебе

Түркияда журналистика ел Президенті әкімшілігінің ақпарат басқармасына бағынады. Ақпарат басқармасының басшысы Президенттің тікелей өкілі. Мемлекет басшысы журналистика саласын назарда ұстайды. «Хабар» телеарнасының Түркиядағы меншікті тілшісі Меруерт Қанағаттың айтуынша, журналистердің мәртебесі министрліктен де биік. Сондай-ақ, Қазақстанда ақпарат таратушы корпорациялар «ұлттық» деп аталса, Түркияда қоғамдық мекеме деп аталады. Ақпарат құралдарына қаражаттың жартысы Парламенттен бөлінсе, екінші жартысы электр энергиясы, радио, теледидар сынды техникалық құралдарды сататын сауда орындарынан түсіп отырады. Яғни, техникалық заттар сататын кәсіпкерлер түскен ақшаның белгіленген пайызын бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыруға аударады. Түркияда журналистер мемлекеттік қызметкер болып есептеледі. Сондықтан мемлекеттік қызметкерге тән барлық әлеуметтік көмекті ала алады. Бізде журналистер – жауапкершілігі шектеулі серіктестік, коммуналдық мекемелерге берілген. Тұрғын үй кезегіне тек бюджеттік мекеменің қызметкері ретінде ғана тұруға болады. Мемлекеттің бағдарламалары мен мақсаттарын, жобаларын елге түсіндіріп, іске асырылуын насихаттағанымызбен қамқорлығын толыққанды көре алмай, өгей баланың күйін кешіп жүргеніміз рас. Бұл орайда түріктерден аларымыз көп. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкер бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін жасыл паспорт алу мүмкіндігіне ие болады.
 
Жасыл паспорттың құдіреті

Түркияда жасыл паспорты бар қызметкер мемлекет тарапынан көптеген жеңілдікке ие болады. Оның журналистерге ең тиімдісі, шетелге шығуда көмегі зор. Сондықтан, көптеген ақпарат саласының басшысы тәжірибелі журналистеріне жасыл паспорт алып беруге тырысады. Олар бұл паспорт арқылы АҚШ пен Канададан басқа елдерге визасыз бара алады . Сондай-ақ, билетті жеңілдікпен алады. Анадолыдағы әріптесіміз Меруерт Қанағат: «Біз кеңестік тәрбиемен өскен соң маманның әдемі киініп тұруына мән береміз. Ал түрік журналистикасында бұл маңызды емес, олар сол жердегі ахуалды, жағдайды, көңіл-күйді халыққа боямасыз жеткізуге тырысады. Журналист төтенше жағдай орын алған жерден репортаж берсе, ахуалды сол қалпында көрсетуі тиіс. Оператор тілшінің ойын, айтарын, қайталанбас сәттерді түсіріп үлгеруі керек. «Түркияда жер сілкінісінен кейін үйінділер астынан адамдарды құтқару кезінде әр 20 минут сайын үнсіздік жарияланды. Яғни, 20 минутта бір рет тыныштық сақталып, құтқарушылар «кім бар?» – деп айқайлады. Сол кезде алаңда үйінді астындағы адамның дыбысы естілетіндей тыныштық сақталуы тиіс. Тікелей эфирден хабар беріп тұрған мен де сол жердегі талапқа бағынуға тиіс едім. Тікелей эфирді тоқтатпау үшін камераның алдында ыммен сөйлеуіме тура келді. Міне, апат алаңындағы жұмыс барысын солай «баяндауға» тура келді. Көрермен жұмыс барысын жан-дүниесімен ұғынды. Бізбен бірге жылады, тірі жанның дауысын, тіршілік белгісін құтқарушылармен бірге күтті. Бұл – біздің журналистикада бұрын-соңды болмаған әдіс еді. Түркияда журналистер ахуалға кіре алады. Біздің хабар беру әдісімізде қатып қалған заңдылық бар. Ол – жан-жағы тыныш болу керек, дауыс анық естіліп, артық нәрсе эфирде көрініп қалмау керек деген талаптар қойылады. Сонымен бірге бұл елде кез келген шарадан бір-екі кадр алып, өтірік түсіріп кетуге жол берілмейді», – дейді әріптесіміз. Мекемелер пресса карточкасын журналистиканың «қазанында қайнаған» журналистерге береді. Телеарнада киімге қосымша қаржы беріледі. Одан өндірістегі қызметкерлер сырт қалмайды. Сосын эфирге шығатын журналистерге қаржы көбірек бөлінеді.

Барлық жағдай жасалған

Өткен жылдың күзінде «Хабар» телеарнасының журналисі Данияр Болысбек Түркияға тәжірибе алмасуға барып келген еді. Сол елдің телеарна жұмысына, журналистеріне жасалған әлеуметтік көмекке көңілі толып қайтқан. Астаналық әріптесімізден де бірауыз пікір алған едік: «Түркияда бірінші телеарна болып «TRT» саналады. Ол 1964 жылы құрылған. Холдинг құрамында 17 телеарна, 17 радио және 8 сайт бар. Тек Анкараның бас кеңсесінде 6 мыңнан аса адам жұмыс істейді, қаланың ортасында жеке қалашығы бар. Мұнда жұмыс ғимараттарынан бөлек, қызметкерлердің балаларына арналған балабақша, емхана, фитнес орталық, теннис корды да бар екен. Қызмет көрсету орындарына «TRT» жалақыны өзі төлейтін болған соң көптеген қызметтің ақысы арзан. Мысалы, шаштаразға кірсеңіз қолданған бояуға ғана ақы төлейсіз. Қию тегін. Балабақша тегін. Қызметкерлерді таңда жұмысқа жеткізіп, кешке үйіне апаратын 100-ге тарта шағын автобус бар. 5 жыл мерзімге әлеуметтік тұрғын үй жалға беріледі. Сондай-ақ, күн сайын қызметкерлерге 1 еуроға түскі ас тегін. «TRT» қызметкерлері – мемлекеттік қызметкер болып есептеледі. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерге тиесілі әлеуметтік пакеттің барлығын пайдалана алады. Сонымен бірге, өркениетті елдер тарихи жәдігерлерді сақтауға, елдің басынан өткен оқиғаларды ұмыттырмауды мақсат етеді. Естеріңізде болса, 2016 жылы 15-шілдеде Түркияда әскери ұйым билікті басып алуға әрекеттенген еді. Олар сол кезде «TRT» холдингін тікұшақпен әуеден атқылап, аумағына басып кіріп, эфирден өз талаптарын жариялаған. Сол кездегі студия, камералар журналистиканың аса қауіпті мамандық екенін әйгілеп, мұражайда тұр», – дейді көңілге түйген ойымен бөлісіп.

«TRT»-ның аймағының көп бөлігі орман. Себебі, шығармашылық адамына демалу, табиғатпен сырласу, күш жинауына өсімдік, таза ауа мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Түркияда инфляцияға байланысты жылына екі рет мемлекеттік құрылым қызметкерлеріне 30 пайыз ақша қосылып отырады. Журналистерге сол 30 пайыздың үстіне жұмыс беруші мекеме тағы 20 пайыз қосады. Себебі, қызметкер әлеуметтік жағдайға алаңдап, жұмысын ақсатып алмауы тиіс деген қағида бар. Анадолы елінде журналистердің ақпаратты кедергісіз таратуына конституциялық кепілдік берілген. Ондағы Журналистер одағы (TGS) және халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) – журналистердің құқығын қорғаумен айналысады. Мемлекеттік органдар баспасөзге қысым жасауға құқы жоқ. Түрік журналистикасына қойылатын талап, дін, ұлт, жынысқа бөлінбеу. Яғни, ешкімді кемсітіп, наным-сеніміне тиісуге жол берілмейді. Немесе белгілі бір ұлттың, діннің сойылын соқпау. Дегенмен, белгілі бір партияны жақтайтын басылымдар бар. Мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін журналист қателессе, жауапкершілікті мекеме мойнына алады. Тікелей эфирдің журналистеріне құрметпен, түсіністікпен қарайды. Себебі, онда тәуекелділік жоғары. 

Негізгі бағдарламаны газет журналисі жүргізеді

Бұл елде кәсіби журналистикаға құрметпен, сеніммен қарайды.  Оның мысалы, телерадиода негізгі бағдарламаларды баспада жұмыс істеген, тәжірибелі, білікті журналист жүргізеді. Телевизиялық хабарлар аз, тиісінше қоғамдық ортадан, көшеден алынатын сауалнамалар көп. Студияға өзекті мәселелерге жауап беру үшін саясаткер, органдардың жауапты мамандары, мемлекеттік қызметкерлер шақырылады. Бұл елде халық мүддесі, көрермен құқының ескерілетінін келесі бір жайттан да аңғаруға болады. Телеарналарда 43 минуттан кейін ғана үлкен жарнама көрсетуге рұқсат беріледі. Журналист өз сенімі мен кәсіби қағидаларына қайшы келетін көзқарасты қолдауға немесе жұмыс істеуге мәжбүрленбеуі керек. Кәсіби журналистерде Мәжілістегі депутаттардың ұялы телефоны бар. Тілші депутатқа кез келген уақытта қоңырау соғып, ел ішіндегі мәселелерге байланысты сұрағына жауап ала алады. Билік журналистердің ой-пікірімен толық санасады. Түріктер қызуқанды болған соң, тілшілері ел мүддесіне келгенде ештеңеден тайсалмайды. Анық, нақты, шындықты тайсалмай айтады. Сол үшін де түрлі қайшылыққа тап болып жатады. Ел мүддесімен заңға тартылған журналистерді ерекше бағалайды. Сондықтан журналистикадан депутаттыққа өткен халық қалаулылары әріптестерінің құқын қорғап алуға тырысады. Бүгінде саясат сахнасында жүрген журналистер саны артуда.

Газет бетіндегі  ерекшелік

Мұндағы «RESMI CARETE» жекешеленбеген. Бұл басылымда үкіметтің бағдарламасы, жоспарлары және заңдары жарияланады. Жазылым жылдың басында, қаңтар-ақпан айларында жүргізіледі. Түркияда жарнама мен сатылымнан түскен ақшаның 18 пайызын, ал жазылушылардан түскен пайданың 1 пайызын ғана салық алады. Бұл жазылуды көбейту үшін жасалған шара. Басылымдардың соңғы түрлі-түсті беті жарнамаға арналады. Оның орналасатын орнын жарнама беруші өзі таңдайды. Бірінші бетте көбінесе ішкі беттердегі мақалалардың аңдатпасы тұрады. Логотипті әр жерге ойнатып береді. Кейде логотиптің үстіне сурет те қойылады. Түркия басылымдарында міндетті түрде сарапшы болады. Сонымен бірге, әр редакцияда инфографика жасайтын маман қызмет істейді. Ал инфографикаға қойылатын ақпаратты редактор жауапты хатшымен бірігіп бекітеді. Газетті 1 жылда 3 рет қана шығармауға рұқсат етіледі. Сайлау кезінде өзекті мәселелерді қозғап, іссапарларға шығып, зерттеу, ізденіс мақалалар жазу үшін басылымдарға қомақты қаржы бөлінеді. Газетті таратумен біздегідей «Қазпошта» емес, арнайы фирмалар айналысады. Таратушы түнгі сағат үште шығып, таң бозарғанша жазылушылардың бәріне басылымды таратып шығуы тиіс. Басылым неғұрлым көп сатылса, соғұрлым тәуелсіз болады. Журналистер де сол үшін жұмыс істейді. Аймақтық мемлекеттік орындардың өз хабарландыруын тек сол жергілікті басылымға беруге міндетті. Түркия журналистерінің біліктілігі жан-жақтылығымен бағаланады. Ол – журналист, ол – фотограф, ол – дизайнер, ол – оператор, ол – режиссер. Бір сөзбен айтқанда, ол – бесаспап маман дерсіз. Студенттерге газет тегін таратылады. 

Танымал бір-екі газеттің шығу ерекшелігіне тоқталсақ. «Cumhuriyet» газеті Түркияның ең көне және беделді газеттерінің бірі. Ол 1924 жылғы 7-мамырда Мұстафа Кемал Ататүрікінің бұйрығымен Стамбулда шығарылған. Газет құрылғаннан бастап тәуелсіз және бейтарап саясатын ұстанып, Республика құндылықтарын қорғаушы басылым ретінде қалыптасты. «Cumhuriyet» соңғы жылдары цифрландыру процесі арқылы журналистикаға заманауи көзқарас қалыптастырып, баспа және цифрлық даму үлгісі бойынша үлкен оқырман аудиториясына ие. «Cumhuriyet» белгілі бір кезеңдерде саяси қысымдарға ұшырап, түрлі сот процесіне қатысқанымен, тәуелсіздігін сақтау үшін күресті. Бүгінгі таңда Түркиядағы маңызды тәуелсіз газеттердің бірі ретінде өз жұмысын жалғастыруда. 

Енді оқырманы көп «Sabah» газетіне шолу жасасақ. «Sabah» 1985 жылы жариялана бастаған. Басылым көптеген қадам жасап, бірнеше жылда қуатты брендке айналыпты. Газеттің негізгі принципі – қоғамдық мәселелерге бейтарап көзқарас танытып, көпшілік пікір қалыптастырып, дұрыс шешім қабылдауға көмектесу. Қысқа уақытта қол жеткізген жетістігі оқырманға оң әсер етіп, оны медиа нарығында жетекші брендке айналдыру. «Sabah» газетін күн сайын 1 миллионнан астам адам оқиды. Өзінің арнайы қосымшалары мен жаңалықтары арқылы әйел оқырмандарының санын арттыруда. Әр төрт оқырманның бірі – әйел. Басылым жарнама берушілерге өнімдер мен брендтерін кең және мәртебелі оқырман аудиториясына жеткізу мүмкіндігін берді. Таңдаулы бағаналар жүргізу арқылы «көп дауысты газет» қозғалысын және дамыған технологиялармен бет жасау, газет басып шығару процесін бастаған. Жазу мен түсті суреттердің интеграциясында әлемнің санаулы газеттерінің қатарына қосылыпты. Соңғы үлгідегі түс ажырату және баспа машиналары арқылы өндіріс қуатын және сапасын арттыруда. Баспасөз жарнамаларына жан мен түс қосып, газеттің оқылуын жеңіл әрі қызықты етуде. Жылдар бойы тар шеңберде қалып келген түсті бет көлемін үнемі арттырып, түсті жарнамаларға көбірек орын береді екен. «Sabah» газетінің Стамбулдағы басылымы 48 түсті, 56 беттен тұрады. Аймақтық басылымдар 32 түсті, 40 бет болып басылады. Демалыс күндері шығарылатын «Sabah Cumartesi» және «Sabah Pazar» қосымшалары бар. Әр сәрсенбіде шығатын «Sabah Tatil» қосымшасы, сонымен қатар, ай сайынғы қосымшалар «Otomarket», «Sabah Kitap», «Ekokobi» бар. Жыл бойы арнайы күндерге арналған қосымшалар (жаңа жыл, мейрамдар, ғашықтар күні, аналар мен әкелер күні) қызықтылығымен оқырман тартады.

Біздің елде ғана емес, әлем бойынша, соңғы жылдары газетке жазылушылар саны төмендеп кетті. Мұны түрік еліндегі басылым тиражының азайғанынан да байқауға болады. Былтыр, яғни 2024 жылы Түркияда газет таралымдары айтарлықтай төмендеген. Шілде айында «Türkiye Gazetesi» орта есеппен 108 000 дана сатыла отырып, бірінші орынға шықса, қыркүйек айында бұл көрсеткіш 91 000-ге төмендепті. «Sözcü» газеті 205 333, «Hürriyet» газеті 197 686 және «Sabah» газеті 195 471 таралыммен ең көп сатылған газеттердің қатарында болды.

Жалпы, 2024 жылы Түркияда газет таралымдары тез төмендеп, сандық медиа тұтынушылар қатары өскен. Телевизиялық және цифрлық журналистика газеттік журналистикадан озып келеді. «Yeni Medya» (Жаңа медиа) деп аталатын цифрлық платформаның танымалдығы артуда.

Олардың пайымынша: «Түркия журналистикасында тиіп-қашқандар емес, жүрекпен сүйгендер ғана жұмыс істейді». Себебі, журналистика – жүректің ісі. Кәсіби журналистиканың бағасы жоғары. Жауапты хабарларды кәсіби журналистер ғана жүргізеді. Үкімет эфирден өтіп жатқан және газет бетіндегі материалдарға демократиялық көзқараспен қарайды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Кедендегі кездесу

Кедендегі кездесу

13.08.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

13.08.2026
Сүйсіндірген сарқырама

Сүйсіндірген сарқырама

13.08.2026
Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке дайын ба?

13.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Тарихи белес

13.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.