Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЙТА ТҮЛЕП ҚҰТ ДАРЫҒАН КИЕЛІ МЕКЕН

03.11.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚАЙТА ТҮЛЕП ҚҰТ ДАРЫҒАН КИЕЛІ МЕКЕН

Жусан иісі. Жабайы алма. Аян. Тасжолды тарпи басқан көлік алға жұлқиды келіп. Көлік жүргізушінің ықпалы демедік біз. Ішіндегі қаламды қару еткендердің кеуде қуысында буырқанған сезімнің әсері деп топшылап отырмын. Бәлки, солай. Не айтпағымызды түйсінбей сананың төрінде сан ой бес қаруды асынған сарбаздай атой салып тұр ма? Жусан иісі, жабайы алма һәм Аян. Жай Аян емес, аяғын сылтып басып: «Балалар, тоқтаңдаршы, ертегі айтып беремін»,–  дейтін Аян! Енді түйсіндіңіздер, біздің бағыт – күллі Алашқа Сайындай ұл сыйлаған киелі мекен, жусанның иісі бұрқырап, жабайы алмасы жайқалған Қоңыр.


Қоңыр десе Қоңыр еді…

Ескелді ауданына қарасты Қоңыр топырағы құнарлы, жазда қоңыр салқыны жанға жай, қыста қалың қар көрпесін қымтап жататын елді мекен. Мұндағы жұрт климаттық жайға әбден төселген. Алты ай жаз бен алты ай қысқа тұрмысын бейімдеген. «Түгін суырса, май шығатын» топыраққа төккен тер еш кетпейді. Кеңес заманында Қапал ауданының құрамында болған ауыл ырысы тасыған, жер қайысқан малы мен дәнді басын көтере алмай жел ығында тербелген егіндік мұндағы ағайынның әлі есінде. Ауыл қариялары сол дәуірді сүйсіне еске алады. Ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исағали Дәрменбековтің айтуынша, Қоңырда қазір 190 үй ғана бар. Шашылған құмалақтай әр жерде орналасқан үйлер тәуелсіздік жылдарындағы тоқырауды айғақтаса керек.

 – Тарихы тұмса, өткенді сағына еске алатын ауылдың дәурені Керім Мұсабеков басқарған 1960-72 жылдары аспандады. Сол кезде елді мекеннің тынысы ашылып, келбеті келісті болды. Сүт фермасы, механикалық-техникалық орталық, мектеп-интернат, сауда орталығы, емхана, кеңшар кеңсесі, диірмен, қырман сынды халық қажеттілігін өтейтін нысандар салынды. Тәуелсіздікпен қатар келген тоқырау ауыл тіршілігін тұралатты. Сайындай саңлақ қаламгерді дүниеге әкелген топырақ кешеге дейін жетімнің күйін кешіп тұрған-ды. Соңғы бір-екі жыл көлемінде қалыпқа келе бастадық. Бастысы, биліктің құлағы еститініне көз жеткіздік. Айтқанымыз орындалып жатыр, – дейді Исағали Дәрменбеков.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнда Шоқан Уәлихановтың ізі қалыпты. Ыстықкөл сапарында жиһанкез Қоңырдың маңындағы Көкжазыққа тоқтапты. Жанға жайлы мекен табиғатымен Мұхаммед-Қанафияны да сүйсіндірсе керек. Осындай жерұйық мекенді игілікті пайдалану мақсатында Кеңес үкіметі барынша күш салды. 70 мың бас қой, мың тұяқ жылқы, бірнеше мың бас ірі қара болыпты дәуренінде. Исағали Дәрменбековтың айтуынша, жазда Бала Қорадан Түйтеге дейінгі шұрайлы алқапты жайлайтын ауыл шаруалары қыста Молалы жақтағы құм арасын қыстап, малын жұтатпайтын. Жұрт есінен кетпейтін 1969 жылғы қыста көрші кеңшардың малшылары ақ таяғын ұстап қалғанда қоңырлықтар жемшөп, азық-түлікпен көмектескен. Қазір Қоңырда тоқыраудан кейінгі өрлеуге қадам жасалып жатқаны айқын байқалады.

— Биыл аудан еңбеккерлері қант қызылшасының алқабын 1500 гектардан 3062 гектарға ұлғайтқан.   Былтыр әр гектардан 700 центнерден өнім алса, биыл да сол межеден көрінсек деген үміт бар. 

—  Ауданда 9 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді және 3 бордақылау алаңы ашылған.

— Облыс бойынша алғаш рет блокты-модульді клуб Қоңыр ауылында салынған. Биыл 2 ауылда дәл сондай блокты-модульді клуб салынуда. Жалғызағаш ауылындағы клуб пайдалануға берілген. Ал Ақын Сара ауылында салынып жатқан клуб қараша айының ортасында берілмек.

—  Былтыр Көкжазық ауылында блокты-модульді спорт кешені ашылса, биыл жыл соңына дейін Жетісу, Елтай, Шымыр ауылдарында да дәл сондай спорттық сауықтыру нысаны халық игілігіне ұсынылмақ. 

Сөзге құлақ түру бар, демек даму бар

«Журналистің арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» деген еді Шерағаң, Шерхан Мұртаза. Қайда жүрсек те, қайда болсақ та  бұқараның сөзін билікке жеткізу мақсатымен «мәселесін» сұрай жүретін әдет емес пе?! Қоңыр ауылының ақсақалдарымен, ақжаулықты аналарымен кездесуде ауыл үшін толғақты жайлардың жөнін сұрамаймыз ба? Мұндағы ағайын «не айтайық» дегеннен әріге аспады.

 – Қай ауылда болмасын ауызсу, жол, ескірген ғимарат, салынбаған әлеуметтік нысандар мәселе болушы еді. Мектебіміз биыл ғана қайта жаңғырып, пайдалануға берілді. Ветстансы, ауылдық клуб, өрт сөндіру бекеті салынды. Жол жөнделіп жатыр. Көше жарықтары орнатылуда. Алакөл, Сарқан және Ақсу ауданына баратын газ магистралі салынуда. Соның негізінде «көгілдір отынға» қол жеткізетін күн алыс емес. Халыққа керегі осы ғой. Ауыл әкімі Арай Құлахметов әлеуметтік нысанның салынуына күш салды. Бірақ, әкімдік ғимарат іске алғысыз күйде. Өзге ауылдардағыдай блокты-модульді әкімдіктен біз де үміттіміз. Осындай мәселелерді әкімдердің халықпен кездесуінде көтеріп, қазір олар шешімін тауып жатыр, – деді ауылдағы әйелдер кеңесінің төрайымы Ғалия Көкенова.

Жаңаланған нысандарды көзбен көрдік. Бірақ, жергілікті әкімдік ғимаратының жайы шынында қынжылтарлық күйде. Кеңес заманында салынған нысан мүлдем жөндеу көрмегендей. Ауыл әкімі халықтың қажеттілігін өтеу бірінші орында екенін, әкімдік ғимаратын салу жоспарда тұрғанын жеткізді. 

 – Ауылда жылына 2-3 млн. теңге салық түседі. Соған қарамастан Қоңырды түлетуге биыл 1 млрд. теңге қаржы құйылды. Тозығы жеткен мектеп жаңа кейіпке енді. Кіреберіс Абай көшесін жөндеуге 94 млн. теңге бөлініп, «Жигули» ЖШС жаңғырту жұмысына кірісті. «Әуелі халық, сосын біз» деген тәмсілмен қарекет етудеміз. Тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандарды салып болған соң әкімдік ғимаратын салдырмақпыз. Жоспарда оның да кезегі келіп тұр, – деді Арай Құлахметов. 

Қоңырда қаңырап тұрған ескі Мәдениет үйінің ғимараты бар. Ауыл әкімі айтпақшы, жуық арада жаңа әкімдік ғимараты салынса, қазіргі ескі де болса пайдалануда тұрған нысан да бос қалмақ. Осындай нысандарды қаңыратып тастауға болмасын тілге тиек етіп, Арай Құлахметовке сауал тастадық. Әкім сөзіне сенсек, ескі клуб ғимаратын спорттық нысанға айналдыру жоспарда тұрғанын жеткізді. Инвестор тартуға кіріскенін де айтып қалды. «Қолда барды ұқсату» әкімнің жоспарында тұрғаны шын қуантты. 

 

Қоңыр да өнер кеніші

Ескелді ауданының «Үздік кітапханашысы» Қоңырда тұрады. Жазира Өмірбекова жуырда ғана осы атаққа қол жеткізіпті. Жаңадан ашылған ауылдық клубтың бір бөлігінде орналасқан ауылдық кітапхананың ішінде қызу тірлік үстінде. Жанында 6-сынып оқушысы Айша Сағат. Кішкентай бұрымдыны «кітап құрты» десек те болғандай. Мектеп бітіргенше кітапхана қорындағы 10 мың кітапты оқып тауыспақ ниетте. Жазира Өмірбекова да Айша Сағаттан өзге көп кітап оқитын ауыл тұрғыны жоғын алға тартты. Қараңызшы, телефонға телмірген дәуірде кітап іздеген баланы көру шын қуаныш. 

Кітапхананың бір бұрышы Сайын Мұратбековке арналыпты. «Жусан иісінен» бастап, «Жабайы алмасына» дейін алыстан менмұндалайды. Сайын даланың қанша баласын «кітапқұмар» еткен, қанша баланың арманына қанат бітірген классик жазушының атында Ескелді ауданында көше жоғы қынжылтады. Бәлки, Сайынның бір баласы билік басында болу керек пе еді?! Әдетте бізде осындай жайттар арқылы бабалардың жоғы түгенделеді ғой. Сайын Мұратбековке Ескелді ауданы былай тұрсын, қазақты талай дәуір қансыратқан жоңғарға көше берген (Талдықорған қаласында «Жонгарская» атты көше бар) Жетісу облысы бір көше «қарыз». 

Ауылдық кітапхана орналасқан клубтың пайдалануға берілгеніне де көп болған жоқ. 120 орынды мәдени нысан көптен үзілген «Ауылым – алтын бесігім» дәстүрлі кешін қайта жалғапты. Қоңыр ауылдық клубтың меңгерушісі Айдос Күдербаев пандемия кезінде тоқтап қалған көшті қайта қолға алып, су жаңа нысанда елді мекен тұрғындарының рухани тыныстауына тырысып жүргенін жеткізді. 1100 тұрғыны бар ауыл үшін салынған блокты-модульді клубта қазір 8 адам жұмыс істейді. Ауыл қариялары да қарап жүрген жоқ екен. Өздері «Қоңыржай» атты ансамбль құрған. Оған қоса, клуб­та 6 үйірме бар. 

– Сайындай саңлақ ұлды дүниеге әкелген топырақта талай дүлдүл шығады деп сенемін. Биыл 11-сынып оқып жатқан Әмина Өмірзақова есімді күміскөмейіміз бар. Аудандық, облыстық байқауларда топ жарып жүр. Сонымен қатар, ағайынды Әсер және Әсем Сержандар да осындай додаларда шашасына шаң жұқтырмайды. Бұл ауылда құрылған «Жетісу толқындары» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Қырықбаевтар» отбасылық ансамблі талайдың есінде болар. Енді шәкірттеріміз республикалық, халықаралық байқауларда Қоңыр ауылының бәсін әрдайым биікке көтереді деген сеніміміз бар, – дейді Айдос Күдербаев.

Тілсіз жауға қалқан

Қоңыр ауылы Ескелді ауылына қарасты болғанмен  оның орналасу аймағы аудан орталығынан шалғай. Кей жұрт бұрынғы Қапал ауданына қарасты ауылдарды ауданның «соқыр ішегі» деп атайды екен. Бұл – мұндағы ауылдардың «пайдасының аздығынан емес», шалғай, тіпті, Ескелді ауданынан гөрі Ақсу ауданына жақын орналасуымен байланыстыра қойылған теңеу болса керек. Картаны ашып, ауылдың орналасуын бажайлаған жұрт мұны айқын түсінеді. 

Ауданнан әлдеқайда қашық орналасқан Қоңырда тілсіз жаумен күресу үшін бар  жағдай жасалған. Әсіресе, дала өртімен күресте ауылдарда салынған өрт сөндіру бекеті тиімділігін көрсетуде. Сайын туған ауылдың өрт сөндіру бекеті 49 мың гектар даланы тілсіз жаудан қорғайды. Заманауи жабдықтармен қамтылған бекет 2023 жылы қолдануға беріліп, 3 ауыл тұрғыны қайта даярлаудан өткен. Бекет өрт сөндірушісі Нұрым Өскенбаев, дала өртін ауыздықтауда космомониторинг тиімді болып  тұрғанын алға тартты. Ал ауыл ішіндегі тілсіз жауды құрықтау үшін ауызсу желісіндегі гидранттардан су алынады екен. Ол үшін бекетке 1 көлік, 1 шақырымға жететін резеңке құбыр берілген. 
Демографиялық ахуал алаңдатады

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қоңыр ауылдық округіне қарасты Көктөбе ауылындағы 520 орынды 3 қабатты мектептің қаңырап қалу мәселесі күн тәртібінен қылаң берген. Себебі, кезінде дүрілдеген ауылдағы тұрғындар тоқырау жылдары үдере агломерацияларға көшкен. 

Елді мекендегі демографиялық ахуал да төмендеген. Сонымен, Көктөбедегі 3 қабатты іргетасы сақадай ғимаратта бар-жоғы 6-7 оқушы ғана қалады. Қазір сол көктөбелік оқушылар Қоңыр ауылындағы мектепке автобуспен қатынап оқып жүр. Ал, Көктөбе мектебі биыл лагерьге айналдырылған. 2 қабаты жөндеуден өтіп, 3 жазда 120 баланың жазғы демалысын тиімді өткізуге септесті. Енді Ескелді аудандық лагерь облыстық білім басқармасының құзырына өтіп, «Балаларды сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып қайта құрылды. Ғимараттың 3-қабатын қайта жөндеуге қаржы да қаралған. Бұрынғы мектеп ауласына монша, бассейн, ойын алаңқайы сынды маңызды нысандар салынбақ. Лагерь директорының міндетін атқарушы Әйгерім Баймұханованың айтуынша, мұнда әр 10 күн сайын 120 баладан қабылдайтын болады. Әрі лагерь жыл он екі ай жұмыс істемек. Мұндай нысанның жұмыс істеуі арқылы жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады және ауылға лагерьде жұмыс істейтін мамандар шақырылады.

Демографиялық өсімнің төмендегенін Қоңыр ауылдық балабақшаға барғанда да аңғардық. Аумағы 300 шаршы метр балабақша 1983 жылы салынған. 2012 жылы күрделі жөндеуден өтіп, ауылдың 70 баласын тәрбиелеп келген. Былтыр мұндағы бала саны 50-ге төмендеген. Зәмзагүл Бегімбетова басшылық ететін балабақшада 17 қызметкер нәпақа тауып жүр. 

Ел несібесі артып келеді

Жоғарыда айтқанымыздай, бұрын Қоңырдың өзінде 70 мыңнан аса қой өрісті жайлаған екен. Тоқырау жылы ауылдан тұрғындар көшуімен қатар мал санының да азаюы орын алған. Қазір сол олқылықтың орны толтырылуда. Оған ауыл іргесіндегі жаңадан салынған ветеринариялық пунктке барғанда көз жеткіздік. Қоңыр ауылының келіні әрі ауылдағы ветоператор Сандуғаш Жакенова бұрын мал дәрігерлері әкімдік ғимаратында отырғанын, ондағы жайсыздықтарды тізбектей жөнелді. 

 – Қазір ауылда 23 мыңнан аса қой-ешкі, 5 мыңға жуық мүйізді ірі қара, 1,5 мың бас жылқы бар. Дәуірінде қойшылар ауылы атанған ауылдың сол атағын қайтаратын күн жақын. Қазір мал дәрігерлері төрт түлікке екпе салу, қан алу бойынша жұмыстармен сыртта жүр. Көктем мен күзде біздің жұмысымыз екі еселенеді, – дейді Сандуғаш Жакенова.

ТҮЙІН. Қоңыр ауылының тыныс-тіршілігін барлай барған сапарымызда «Jetіsý» газетінің тілшісі екенімізді айғақтап жүрдік. Тұрғындар сүйікті басылымының әрбір санын асыға күтетінін, жуырда газет тілшісі Асыл Сұлтанғазы жазған «Табиғат түлеткен талант» мақаласында Сайын Мұратбековке облыс орталығынан көше беру керегін айтқаны бір серпілткенін жеткізді. Енді сол мақалаға орай атқарушы билік қарекет етсе деген тілегін де білдірді. Қалай дегенмен, Қоңыр – Сайынды дүниеге әкелген киелі топырақ қой.
 

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.