Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЙҚЫН БАҒДАР МЕЖЕЛЕНУІ ТИІС

05.12.2022
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы жыл еліміз үшін саяси оқиғаларға толы болды. Қыркүйектің 1-і күні «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында көпке ұзамай кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсыныс ретінде ортаға салған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үміткерлердің арасынан озық шықты. Онымен бірге сайлауға түсіп, халыққа өз бағдарламасын ұсынған кандидаттардың осалы жоқ. Бәрі де халықтың, мемлекеттің дамуына үлес қосуды көздеді.


Үгіт-насихат кезеңінде күллі Қазақстанды аралап, сайлаушылармен түрлі форматтағы кездесулер өткізіп, сайлауалды тұғырнамасын таныстырған үміткерлердің бастамасы аяқсыз қалмауы тиіс деп білемін. Себебі, қаншама адамның көкірегіне үміт отын жаққан Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова телеарнаның тікелей эфирінде өткен телесайыс арқылы ел мен жердің өркендеуіне қажетті тың бағыттарды ұсынып, көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, қазіргідей ғылыми технология өркендеген тұста өскелең ұрпақты ұлттық бағытта тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп оқушыларына қолдау көрсетудің және дұрыс бағытта оқытудың қажеттігі, ауылшаруашылығы саласын дамытудың кезек күттірмейтін мәселе екені, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюдың мемлекеттің қарқынды дамуына тигізер әсері, халқымыздың қастерлі салт-дәстүр мен әдет-ғұрпы аяқсыз қалмауы, шетелден келіп жатқан дүниетаным мен азғындықтың ұлтымызға жат екені, адам құқығының қорғалуы, ішімдікқұмарлық, нашақорлық сынды жағымсыз әдеттердің зиянынан арылу керегі, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашыл реформалардың жүзеге асуы көпшіліктің көңілін елеңдеткені анық. Сол себепті негізі берік, қуаты ерекше, тиімділігі орасан бағдарламаларды күн тәртібіне қою кезек күттірмейтін тақырыптар қатарын толықтырды. Осыған орай биылғы кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, сайлаушылардың сеніміне ие болған кандидаттарды халық биліктің қатарынан көргісі келеді.

Әрине, олардың бәрі де жұмыссыз жүрген адам емес. Әрқайсысының атқаратын қызметі, табысты кәсібі бар. Дегенмен, еліміздің саяси кеңістігінде өз үнін айтқан адамдардың мүмкіндігін көрсетуіне жол ашу керек-ақ. Сонда ғана еліміздегі демократиялық қадам толығымен жүзеге асады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау штабының мүшесі бола жүріп, Жетісу жеріндегі көптеген ұжыммен кездесу өткіздік. Солардың бәрінде халықтың саяси көзқарасы қалыптасып, еліміздің ертеңі мен болашағына алаңдайтынын байқадық. Тіпті, кейбір саясаттанушылардың өзін жаңылдыратындай сауал қойылды. Шама-шарқымыз жеткенінше артығымен жауап беріп, мәселенің дұрыс жағын, тақырыптың ашық тұсын көрсеттік. Міне, осының өзі сайлаушылардың деңгейінен хабар беріп, шалғайда жатқан қарапайым тұрғынның терең парасат-пайымын байқатты. Сол себепті, қазіргі жұртшылықтың талап-тілегі биік, арман-мұраты асыл, мақсат-межесі асқақ тұрғаны білінді. Әсіресе, жастардың көзінде жалынды жігер, көкіректерінде жанашыр ықылас-пейіл, шынайы тілек ұшқындап тұрды. Ондай шуақтың кеңінен таралуы өскелең ұрпақты түгел қамтитынына сенім мол.

Ендеше, келешекті даналыққа, әділдікке, адалдыққа бастайтын жастарға бүгін дұрыс тәрбие беру керек! Шынында жас шыбыққа түзу тұғыр орнатса биік бәйтерек өсетіні белгілі. Сол секілді әрбір өскелең жасты елдің өркендеуіне үлес қосатындай тәрбиелеу – бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі.

Өз басым облыстық мәслихаттың депуттарымен жүздескен сайын осы бағытта жұмыс істеу керегін ескертіп отырамын. Президентіміз биылғы Жолдауында: «Ата-аналар мен оқушылар алған білімнің және игерген машық-дағдысының сапалы және сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір деңгейде жауапты екенін сезінуге тиіс. Сондықтан олармен де үнемі әріптестік қатынас орната білу керек», – деп мәселені тереңнен шешуді ұғындырып, баршамызға үлкен жауапкершілік жүктеді. Шынында ұрпағының оқып, білім алуын көздеген жандардың жұлдызы биік, келешегі жарқын. Өйткені, белгілі бір мамандықты меңгеріп шыққан жанның отбасына, әке-шешесіне, бауырларына көмекші болатыны белгілі. Сол арқылы әрбір отбасының табысы артып, түсімі молаяды.

Гүлнар Тойлыбаева,
Жетісу облыстық 
мәслихатының хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.