Талдықорған: +38°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Әке аманатын орындаймыз

10.05.2025
КҮЛТӨБЕ
Әке аманатын орындаймыз

turkystan.kz

Талай адамның өмірін, қаншама баланың атасын, әкесін жалмаған сұм соғыстың аяқталғанына да 80 жыл толды. Сол қанды қапаста жат топырақ жастанған қазақ батырларының ішінде біздің атамыз да бар еді. Әкеміздің: «Әкемнің қай жерде жерленгенін білсем арманым жоқ, туған жердің топырағын апарып, тағзым етіп қайтар едім», – деген қиял-арманын естіп өстік. Кейіннен «Әкеміздің аманатын орындауға мүмкіндік бар», деген қуанышты хабар бәрімізді елең еткізді. Мұндай сүйінші хабарды жеткізіп, соғыста із-түзсіз жоғалған, еліне оралмай жат жерде қалған ата-бабаларын іздеп жүрген жандарға көмек көрсетуші «Атамның аманаты» атты ұйымның еріктілері еді.

Сүлеймен қариядан тараған 5 атаның балалары қазіргі Ақмола облысынан келген Арғын руының 17 жігітінің бірі Жексенбайдан туған Жебеген атамыз қан майданда қаза болған. Біз мұны оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралған соғыс ардагері Рамазан атамыздан бала кезімізде еститінбіз. Арғы атамыз Жексенбайдан Төлеген, Жебеген, Молдахмет, Рамазан, Ернамазан атты 5 ұл тараған. Осы әңгіменің басты кейіпкері менің атам Жебегеннен – Сейітқазы, Сейітқазыдан – Қабиден, Қабиденнен – Мақсат, Мақсұт, Мақсұттан – Мансұр есімді ұрпақтары бар.

Жебеген Жексенбайұлы 1902 жылы бұрынғы Гвардия ауданы, Буденный ауылдық кеңесіне қарайтын Өрқайыңды деген ауылда дүниеге келіп, 1941 жылы туған жерден майданға шақырылады. Артта қалған әкесі Жексенбай, анасы Ұлбосын, зайыбы Кеукер атамыздың амандығын тілеп, жылап-еңіреп қала береді. Сол кезде атамыздан қалған жалғыз тұяқ біздің әкеміз Сейітқазы үш жастағы бала екен. Біраз уақыттан соң Жебеген атамыздың артынан інісі Рамазан атамыз да соғысқа аттанған. Майданға кетіп бара жатқан баласына Ұлбосын әжеміз: «Бауырыңа (Жебегенге) ауылдың дәмін ала бар, көрсең берерсің», – деп дорбаға салып құрт беріп жіберген екен. Шіркін, ананың баласын сағынған, амандығын тілеген жүрегін-ай десеңізші, қан майданда олар қалай кездеседі?!

Рамазан атамыздың әкемізге айтқан әңгімелері бойынша, аталарымыздың бірі атқыштар дивизиясына (Рамазан), бірі жаяу әскер дивизиясына түскен. Соғысқа келген Рамазан атамыз бауырымды кездестірсем деген үмітін үзбей әркімнен сұрастырып, көп іздеген. Бір күні, Құдайдың құдіреті десем шатаспаспын, Алла тағала екіге бөлінген бауырлардың үмітін үзбей бір сәтке болса да кезіктірген екен. Майдан тәртібі бойынша атқыштар дивизиясының тынығып, сәл демалып жатқан кезінде жанынан өткен жаяу әскер командирінің «Жексенбаев, не отставать! Быстрее, быстрее!» деген сөзін естіп қалған Рамазан атамыз бауырының осы сапта кетіп бара жатқанын біліп, артынан жүгіріп жүріп көріп қауышып, ертең осындай сәт болған кезде көрісерміз деп айырылысқан. Бірақ атамыз «бәрі қиындап барады, қалай боларын, ертең көрісеміз бе, жоқ па?» деп қимай қоштасқан екен. Ертеңгі күні іздестіріп, сол дивизияға барған Рамазан атамыз бауырының түнгі шайқаста қаза болғанын естіп, аза тұтып, мәйіттердің ішінен мүрдесін алып, қасындағы азаматтардың көмегімен жерлеп, тақтайға бауырының аты-жөнін, туған жылын жазып жерленген топыраққа шаншып, соғыс шебімен кете берген. Осы әңгімені соғыстан оралған Рамазан атамыз ағасының артта қалған баласы, біздің әкеміз Сейітқазыға үнемі айтып жүрген, бірақ қай жер екенін анық білмеген, «қалың ну орманда қалды, мүмкіндік болса іздеп табарсың», деп аманат еткен екен. Әкеміз осы арманын жиі айтатын, бірақ біз де ол кезде жас болдық, казіргіден заман өзгеше, әке арманын іске асырудың сәті көпке дейін түспеді.

Әкеміз Сейітқазы Жебегенұлы 1938 жылы сол Гвардия ауданындағы Өрқайыңды ауылында, анамыз Қатша да сол ауданның Көксу ауылында дүниеге келген. Отағасынан жастай жесір қалған апамыз Кеукер әкемізді өзі бағып-қағып, өмірдің небір қиындығын көрсе де қатардан қалдырмаған. Жалғыз кемпірдің тәрбиесінде өскен, тағдырдың тәлкегімен ерте есейген, ерте шаңырақ көтерген әкеміз бен анамыз 8 қыз, 1 ұлға өмір сыйлады. Ұрпағы өсіп-өнген әкеміздің артында қазіргі күні 25 немере, 77 шөбересі бар. Ал атамыз Жебегеннің 9 немересі, 25 шөбересі, 77 шөпшегі бар. Аллаға сансыз шүкіршілік етеміз. Атамыздың немерелерінің бәрі бір-бір әулет, алды 68 жасқа, соңғысы 53 жасқа келді. Бір қыз немересі өмірден озды. Ең өкініштісі, біз әке-шешеден ерте айырылдық. Анамыз 49 жасында, әкеміз 58 жасында бақилық болды. Алланың ісіне шара бар ма?

Сөз басында айтқанымдай, әлеуметттік желідегі сүйінші хабар маған «Әкемнің арманын, аманатын орындау сәті келді» дегендей күш-жігер беріп, жауап алғанша тынымсызданып, «Аталар аманаты» атты ұйымның мүшесі Айгүл Аитова деген еріктімен хабарласа отырып, атамыздың 11 атқыштар дивизиясында қызмет еткенін, Ресей жерінде 1942 жылы 24 қыркүйекте қан майданда қаза тапқанын, Калуга облысы, Ульянов ауданында, Троснянка деревнясында жерленгенін білдім. Ресейдің Подольск қаласындағы тарихи мұрағаттағы (ЦАМО) құжаттарының табылғанын анықтадым. Атамыздың белгілі ұлықталған (увековечен) солдат екенін, аты-жөнінің журналда, Мәңгілік кітабына (книга памяти), жерленген жерінде қойылған тақтада (мемориальная доска) аты-жөнінің жазылғанын білдім. Барлық құжатының көшірмесі алынды. Осындай ойда жүрген бір арманның, әке аманатын іске асырудың бір ұшынан ұстағанымызға, дәлелді мағлұматтар алғанымызға қуанышымыз, ризашылығымыз шексіз. Алдағы уақытта дәм татып, атамыздың жерленген жеріне барып, тағзым етіп қайтсақ деген ойдамыз.

Гүлбану Сейітқазықызы, немересі

Қатысты жаңалықтар

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

18.06.2025
Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

18.06.2025
Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

18.06.2025
Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

18.06.2025
Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

18.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.