Талдықорған: +10°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Әкім сайлауы: Демократия «бесігімізді» қалай тербетеді?

«Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады». Бұл – қазақты ғасыр уақыт бұрын демократияға, халық теңдігі мен ұлт азаттығына үндеген Әлихан Бөкейханның сөзі. Әміршіл-әкімшіл жүйені өзгертуге күш салғанымен ұраны Алаш халыққа көксегенін әпере алмай шерменде болып кеткен ұлы тұлға тәуелсіз һәм саяси жаңғырған Қазақстанның бүгінгі келбетін көрсе қандай пайым жасар екен?! Ол жағы беймәлім. Бір анығы, соңғы 5 жылда елдің саяси ұстыны өзгерді. Биліктің түп бастауы халық меншігіне өтті. Саясаты трансформацияланды, демократия ауылы жақындады. Реформаланған билік қоғамды демократияландырудың негізгі институты сайлауды жандандырды. Бұрынғыдай халық тек ел Президенті мен Парламент депутаттарын сайлап қана қоймай, жергілікті атқарушы биліктің де бірнеше сатысын сайлауға көшті. Әуелі ауыл әкімдері, кейін аудан әкімдерін «тағайындаудан» ада етті.

06.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Әкім сайлауы: Демократия «бесігімізді» қалай тербетеді?
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі кейбір саяси сарапшылар ауыл әкімдерін тікелей сайлау тек демократиялық реформалардың жалғасы ғана емес, қоғамның саяси мәдениетін оятқан, азаматтық белсенділікті арттырған, халық үні маңызға ие болған құбылыс екенін алға тартып отыр. Шыны сол, Мемлекет басшысының өзі жуырда өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында оны айшықтап берді. Ел Президенті сол жиында: «Ауыл әкімдерін тікелей сайлау мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды. Себебі, жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады. Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық. Ауылдағы сайлау саяси партиялардың аймақтардағы жұмысына тың серпін берді. Олар өз үміткерлерін ұсынып, сайлауға белсене араласты. Сайланған әкімдер жұмысқа кірісіп кетті, жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Ең бастысы, олар жергілікті жұрттың мұң-мұқтажын, шешімін таппай жатқан түйткілдерді жақсы біледі», – деді.

Енді ауыл әкімдерін тікелей сайлау арқылы біз не ұттық, соған тоқталайық. Біріншіден, бұрын тыныш, бейтарап көрінетін ауыл әкімдігі лезде саяси бәсеке алаңына айналды. Ал, бұрынғыдай тағайындаудан ада, сайлау арқылы қызметке кіріскен әкімдер халықтың жергілікті атқарушы билікке деген сенімін арттырды. Бұрын формальді қызмет көрінетін лауазым жауапкершілік пен бәсекелестікті талап ететін институтқа айналды. Бұл ретте ауыл әкімі қызметі саяси партиялардың да белсенділігін арттырды. Екіншіден, ауыл әкімдерін сайлау арқылы халық та ықпал ету мүмкіндігі барын сезінді. Ауыл ішіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге болатынын түйсінді. Үшіншіден, ауылдық жерлердегі мәселелердің шешілу қарқыны байқалды. Әкімдер сайлау алдындағы уәделерін орындауға көшті. Төртіншіден, әкімдер ауыл экономикасын жақсартуға күш салды. Инвестор тартуға, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға қадам жасауда. Бесіншіден, халық арасында саяси мәдениетті қалыптастырып, демократиялық сана өсті. Шыны керек, жергілікті атқарушы биліктің бір сатысын сайлау арқылы демократия ауылға тереңдей енді. Басты жетістік дейікші, халық өз ауылын басқара алатынын, өзгерісті өзі бастай алатынын түсінді. Жетінші, саяси сахнада жастардың белсенділігі артты. Жас дегеніміз – прогресс. Демек, ауылға прогресс келді. Жаңа көзқарас орналды.

Мемлекет басшысы Елорда төріндегі жиында: «Ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық. Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар, – деп ақжолтайлады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі Самат Бейсеновтің айтуынша, өңірде 2025 жылы 39 ауылдық округ әкімін сайлау жоспарланған екен. Дейтұрғанмен, 3 әкімнің өз еркімен қызметтен кетуіне орай 42 ауыл әкімі қайта сайланған. Жоғарыда айтқанымыздай, әкім болуға бәсекелестік жоғары болған. 42 ауылға әкім болуға 151 үміткер тіркелген. Оның 127-сі өзін-өзі ұсынған. Ал, 23 үміткер партия сапынан, 21-і «АМАNАТ» партиясынан, екеуі «Халық» партиясынан. Бәсекелестік деңгейі бір орынға 3,6 адамнан. Әкімдікке үміткер саны жөнінен Ақсу ауданы, Ақсу ауылдық округі көш бастап тұр. Бұл ауылдың әкімі болуға 6 тұрғын бәсекеге түскен. Есесіне Қаратал ауданы Бастөбе ауылының, Ескелді ауданы Төлеңгіт ауылының әкімі болуға 2 азаматтан ғана ниетті болған. Халықтың саяси санасының өскенін ауыл әкімдері сайлауына тұрғындардың қатысу деңгейінен аңғару қиын емес. 42 ауылдық округ бойынша 82 мыңнан астам адамның дауыс беру құқығы болған. Осынша тұрғынның 67 мыңға жуық тұрғыны, яғни дауыс беруге құқылы азаматтың 81,2 пайызы қатысқан.

Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек.

ҚР Президенті
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау арқылы жастардың саяси сахнада белсенділігі артқанын айтқанбыз. Халық дауысы арқылы әкім болған ең жас жетісулық – Расул Сүйінбай. Бар-жоғы 28 жасында «халық қызметшісі» атанған азамат Ескелді ауданына қарасты Төлеңгіт ауылының әкімі. Айтуынша, бұрын жылға жуық мемлекеттік қызметте істеген. Кейін әкесіне қолғабыс етіп, отбасылық кәсіпке араласқан. Дейтұрғанмен, ауылдағы шешімсіз мәселелерге нүкте қоюды мақсат еткен азамат биыл ғана сайлау арқылы әкім болып отыр.

– Жастайымнан әкемнің қасына еріп жүріп, ерте жетілдім. Бала күнгі арманым да әкім болу еді. Ауылымдағы кей мәселелерге алаңдайтынмын. Шыны керек, сайлауалды бағдарламамды туған ауылымның гүлденуіне бағыттадым. Тұрғындар сенді, сол сенімді ақтауым керек. Әрбір ер- азаматтың артында жақсы іс қалуы тиіс, – дейді жетісулық жас әкім.

«Халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше», – деді Мемлекет басшысы ауыл әкімдерінің диалог-платформасында. Президент сөзін қуаттайық, ауыл – қазақтың алтын бесігі. Ал, бесіктен басталған саяси трансформация әлі талай жемісін жегізеді. Бастысы, сайланған әкімдер қазақтың бесігін «тербетіп» отырғанын түйсінсе болғаны.Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.