Талдықорған: +36°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕС

12.03.2020
КҮЛТӨБЕ
ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕС
WhatsAppTelegramFacebook

Ғибратты ғұмыры қысқа болғанымен артында өнегелі істер қалдырып, белгілі бір саланы мықты меңгерген, өзі өмірден өтсе де еңбегі мен қызметі естен кетпейтін адамдар бар. Солардың бірі еліміздің тарихына қомақты үлес қосқан ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кеңес НҰРПЕЙІС еді. Шоқтығы биік ғалымдардың арасында есімімен ерекшеленіп, болмысымен бөлініп, жайдары мінезімен менмұндалап, тұлғалық қасиетімен таудай болып көрінетін ғалымның өнегелі өмірі кейінгіге үлгі, келешекке өнеге.


КСРО-ның соңғы Президенті Михайл Горбачевтің қайта құру саясаты қызып тұрған шақта әскери борышымды атқарып, С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түстім. Студенттік күндер басталғаннан-ақ Кеңес Нұрпейіс- ұлының есімін жиі еститін болдым. Өйткені тарихшы мамандығын игеру үшін тек оқу ғана емес, ғалымдардың жазған еңбектері мен есімдерін білу қажет. Осылайша тарих факультетін бітіріп шыққанша Кеңес одағы тарап, Қазақстан тәуелсіздігін алды.

Конкурс бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тарих факультетіне оқытушылық қызметке қабылданып, негізгі қызметі Шоқан Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтының «Кеңес дәуіріндегі Қазақстан» бөлімінің меңгерушісі болғанымен Қыздар университетінде көп жыл дәріс оқыған академик Кеңес Нұрпейіспен жақын таныса бастадым. Жаңа оқу жылы басталып, өзінің ырғағына түскен күз айының бір күнінде кафедраға кірсем, кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Керейхан Аманжоловтың қасында бір кісі отыр екен. Екеуіне қазақшалап қол беріп, амандық-саулық сұрастым. Сол-ақ екен Керейхан аға қасындағы кісіні таныстырып:
– Мына кісі белгілі тарихшы Кеңес Нұрпейісов деген ағаң. Естуің бар шығар, тарихшысың ғой?! – деді.
Лезде, «Иә!» деп жауап бердім.

Сөзін жалғаған Керейхан Рақымжанұлы Кеңес Нұрпейістің ғылыми атақтары мен оның тарих ғылымына қосқан үлесіне тоқталып, осы кафедрада сағаты бар екенін және қазақ қыздарына аптасына бір-екі рет келіп дәріс оқитынын айтты. Ақырында алдарында жауынгер сияқты қалқайып тұрған мені таныстырып, оқытушылық қызметке жаңа алынғанымды, екі жыл Ауған соғысына қатысып қайтқанымды жеткізді. Өйткені Керағаң әскери тақырыпты көп зерттеген және отставкадағы полковник еді.

Бәрін байыппен тыңдаған Кеңес Нұрпейісұлы таныстықтан соң оқытушылық қызметпен қатар ғылыммен айналысу керектігін ескертті. Жастардың тың тақырып алып, ғылыми диссертация жазуы тиістігін жеткізді. Отандық тарихта тұнып тұрған тақырып көп екенін айта келіп, солардың бірін алып, ғылыми зерттеу жүргізіп, жұмыс жазу қажет деген ой салды. Осылайша ол кісі алғашқы күннен-ақ көкірегіме ғылымға деген құштарлықтың ұшқынын беріп, қатардағы көп жастың бірі немесе ғылыми дәрежесі жоқ оқытушы ретінде қарамай ағалық жанашырлығын танытты. Сөйтіп, апта сайын қажетті ақыл-кеңесін беріп, көргені мен көңілге түйгенін әңгімелеуден жалықпады.

Ақырында белгілі болған тақырыбым Ш. Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтында бекітілді. Ғылыми жетекшім болып профессор Керейхан Аманжолов тағайындалды. Кеңестік кезеңдегі тарихты жүк қылған тақырыпты «Кеңестік дәуірдегі Қазақстан» бөлімінің меңгерушісі Кеңес Нұрпейісұлы құптап, батасын берді. Кейбір кісілер сияқты жатырқай қарауды білмеген Кеңес аға қай жерден келгенімді, қандай адам екенімді сұрамастан ағалық қасиетімен тез баурап алды. Соған сай әрқашан алдын кеспей, ізеттілік көрсетумен жүрдім. Бұл жағдай бізді одан ары жақындата түсті.

Бір күні таңертең сағат 8.30-да басталатын сабағыма ертерек бардым. Уақыт ерте болғандықтан оқу ғимаратының екінші қабатында бірен-саран адам ғана көрінеді. Кафедраның алдында қолында папкасы бар Кеңес ағамыз тұр екен. Жеделдете басып барып қолын алып, хал-ахуал сұрадым. Жылышырайлы жүзі кез келген адамды жақын тартатын аға:
– Болат бауырым, неге кандидаттық диссертацияңды қорғамай жүрсің? Жарияланған біраз мақалаңды оқыдым. Мақалаларыңнан бір кандидаттық диссертация жұмысы шығады деп ойлаймын, –  деп дем бере сөйледі. Үлкен ғалымның жазғандарымды назардан тыс қалдырмай оқығанына іштей қатты қуанып, ғылыми жұмысымды қай диссертациялық кеңеске ұсынарымды білмей жүргенімді айттым. Аз-кем ойланған Кеңес Нұрпейіс-ұлы  Ш. Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтының диссертациялық кеңесіне әкелуді ұсынды. Сөйтіп тұрғанда сабақ басталып, екеуміз екі аудиторияға кіріп кеттік.

Ағаның ақылы мен кеңесі тыным таптырмады. Қысқа уақыт ішінде жұмыстарымды жинақтап, Ш. Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтына тартып отырдым. Кабинетінде отырған бөлім меңгерушісі Кеңес Нұрпейісұлы компьютермен теріліп, ретке келтірілген жұмысымды институт директоры ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қозыбаевқа көрсетуді тапсырды. Ғылыми жұмысты біраз ақтарған академик:
– Жұмыстың көрінісі жаман емес. Жүр! – деп кабинетінен шықты. Қайда барарын білмей ілесіп келемін. Ақырында үшінші қабатта отырған «Кеңестік дәуірдегі Қазақстан» бөлімінің меңгерушісі Кеңес Нұрпейісұлына әкеліп:
– Мына азаматтың жазған ғылыми жұмысы кеңестік дәуірден екен. Жаман емес көрінеді. Осы жұмысты мамандарға беріп, оқыт. Егер дұрыс болса мәжіліс өткізіп, талқылаңдар. Талапқа сай келіп жатса қорғау үшін диссертациялық кеңеске шығарыңдар! – деп қысқа қайырды. Директордың өз аяғымен әкелгеніне таңғалдым. Бір білерім, халқымыздың «ұлық болсаң кішік бол» деген сөзін қайталай беріппін.

Ғылыми жұмысты 3 дана қылып, шығарып әкелуімді тапсырған Кеңес аға мамандарға оқуға беретінін айтты. Тапсырмасын қысқа уақытта орындадым. Бір айдан кейін ғылыми мәжіліске шақырды. Мәжілісте әскери тарихтың маманы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Төлтай Балақаев алдымен кейбір кемшіліктерге тоқталып, әскери терминдердің қазақша балама атауларын көрсетуімді ескертті. Сөйтіп, мәжіліс кемшілігі түзелген ғылыми жұмысты қорғауға ұсынуға болады деген шешім шығарды. Кандидаттық диссертациямды 1998 жылы 28 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтының диссертациялық кеңесінде қорғадым. Қорғаудан соң Кеңес аға:
– Сен мұнымен тоқтап қалма, докторлық диссертация жазуға тырыс! Ғылым жолы жеңіл емес. Қиындыққа қарамастан ұмтылу керек. Ауған соғысын көріп қайттың, тек алға жылжу керектігін жақсы білесің. Қажет болса ғылыми кеңесшің болуға дайынмын! – деп жігерлендірді.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дегенді қазақ бекер айтпаған. Кандидаттық диссертациядан кейін алдымда докторлық тақырып таңдау мен оны бекіттіру мәселесі тұрды. Күндердің күнінде ойымда көптен жүрген бір-екі тақырыпты Кеңес ағамен ақылдаса талқылап, біреуіне тоқтадық. Ол тақырып та Ш. Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтында бекітілді. Ғылыми кеңесші болып Кеңес Нұрпейіс- ұлы тағайындалды. Сөйтіп, ағаның ақыл-кеңесімен докторлық диссертация үшін материал жинауға кірісіп кеттім. Ғылыми кеңесшімнің білгірлігі, ұстамдылығы мен көрегендігі тәнті ете түсті. Қажырлы еңбекқорлығы, тынымсыз ізденгіштігі ілгері жылжуға итермеледі. Ғылыми жұмыс туралы Кеңес ағамен кеңескен сайын жаңа бір тұжырымдарға жетіп, жұмыс әр қырынан ашыла түсті. Осылайша жұмысымыз толассыз жүріп жатқан айлардың бірінде Кеңес Нұрпейісұлы науқастанып қалды. Оңалып кетер деген оймен көңіл сұрап шықтым. Алайда ағаның жағдайы күннен-күнге нашарлап, аза бастады. Ағамыздың жан-жары Мәриям апайды уайым қысты. Апайға басу айтып, ағамыз әлі-ақ жазылып кетеді деп жұбатып қоям. Бірақ ауыр дерт барған сайын ағамызды жүдетіп, ақыры арамыздан алып кетті. Тарих тарландарының бірі саналатын ағамыздың әрі ғылыми кеңесшімнің арамыздан кетуі маған қатты батты. Әрбір бейсенбі сайын ағамыздың үйіне барып, Мәриям апайдың алдында Құран бағыштап отырдым. Қолымнан келгені осы ғана болды.

Академик Кеңес Нұрпейісұлы тек ғалым ғана емес, ұлағатты ұстаз еді. Ол кісінің қамқорлығымен докторлық және кандидаттық диссертация қорғаған тарихшылар баршылық. Ұзақ жыл Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде дәріс оқыған ғалымнан тәлім алған шәкірттері тәуелсіз Қазақстанның әр өңірінде еңбек етуде. Профессор дайындаған 11 ғылым докторы мен 40-тан астам ғылым кандидатынан бөлек ғылым және білім саласында, ғылыми-зерттеу институттарында директорлық, жоғары оқу орындарында ректорлық қызмет атқарып жүрген шәкірттері де көптеп саналады. Саясатпен айналысып, елге басшылық жасау жолында жүргендері бір шоғыр. Ағамыздың ғылыми кеңесшілігімен Талас Омарбеков, Бүркіт Аяған, Қадыр Ахметов, Светлана Смағұлова сынды ғалымдар тарих ғылымдарының докторлығын қорғаса, жетекшілік етуімен Гүлнар Дадабаева, Гүлнар Өскенбаева, Роза Нұрмағанбетова, Рысты Сариева тарих ғылымдарының кандидаттары атанды.

Бірнеше жыл Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесінің төрағасы болған Кеңес Нұрпейісұлы Қазақстан тарихы бойынша ғылыми-проблемалық кеңестің мүшесі бола жүріп, 1992-1996 жылдар аралығында Жоғарғы аттестациялық комитеттің тарих ғылымдары бойынша сараптау кеңесінің төрағасы қызметін абыроймен атқарды. Отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі жоғары бағаланған академик Кеңес Нұрпейіс 1983 жылы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды, 1989 жылдан Ұлттық Ғылым академиясының мүшесі, 2003 жылы толық мүшесі болып сайланды. 1995 жылы ғалым «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. Осы жылы оның «Алаш һәм Алашорда» атты кезекті монографиясы жарық көріп, 1997 жылы Әлеуметтік академияның толық мүшесі, академик болып сайланды. 1998 жылы «Қазақ-станның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағын иеленген ғалымның ғылым мен білімге сіңірген зор еңбегі мемлекет тарапынан елеусіз қалған жоқ. Жасы 40-тан асқанда Мемлекеттік сыйлық алып, алпыстан асқан шағында «Парасат» орденімен марапатталды. «Ғылым қайраткері» номинациясы бойынша жылдың «Алтын адамы» атанды.

Қорытындылай айтқанда, белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, академик Кеңес Нұрпейісұлы кішіге үлгі, шәкіртке тәлімгер, қиналғанға қамқоршы, ізденушіге ізгілігін таныта білген ардақты жан еді. Жылы шырайлы жүзімен кез келгенді жанына жақын тартып, салмақты, салиқалы сөзімен тыңдаушысын баурап алатын, ағалық ақ қасиетімен қашанда жылы шуағын шаша білетін ерекше адам болды. Тірі болса биыл 85 жасқа толып, шәкіттерін шаттыққа бөлеп, бір марқайып қалар еді. Өзі өмірден өткенімен, соңында қалдырған сөзі өмірден кетпейтініне сенеміз.

Халқымызда «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген қанатты сөз бар. Академик Кеңес Нұрпейістің соңында қалған ғылыми мұралары осының айқын дәлелі. 

Болат САЙЛАН,
тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ
 ұлттық университетінің 
профессоры

Қатысты жаңалықтар

Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026
Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.