Талдықорған: +20°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АНА – МЕЙІРІМ БҰЛАҒЫ

23.11.2025
КҮЛТӨБЕ
АНА – МЕЙІРІМ БҰЛАҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жылды қорытындылаған кеңейтілген отырысы өтті. Аймақтағы белсенді аналар, қоғамдық пікір көшбасшылары және әлеуметтік сала мамандары бас қосып, отбасы институтын нығайту, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды сақтау бағытындағы жұмыстарды талқылады.

Бағдарлама бірнеше алаңда ұйымдастырылды. Алдымен Аналар кеңесінің өкілдері «Айналайын» әлеуметтік жобасы аясында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы және арнайы «Айналайын» орталығына барды. Онда әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып, балалардың тұрмыс жағдайы, оқу-тәрбиелік үдерісі және бос уақытын пайдалы өткізу мүмкіндіктерін көрді. Өнерлі балақайлардың арнайы дайындаған «Бақытты балалық – жарқын болашақ» атты мерекелік концертіне қатысып, тәрбиеленушілерге түрлі сыйлық табыстады.

«Жанұя» орталығында жас аналарға көрсетілетін психологиялық, әлеуметтік және құқықтық қолдау түрлерімен танысып, орталық қызметкерлеріне алғыс білдірді. Аудандық Аналар кеңестерінің төрағалары екі мекеменің де аналар мен балаларды қорғау ісіндегі еңбегін жоғары бағалап, «Айналайын» жобасы аясындағы ынтымақтастықты жалғастырудың маңызын атап өтті.

Достық үйінде «Салауатты сана» жобасы аясында жастармен «Ұлт болашағы – тәрбиелі ұрпақ қолында» атты кездесу өтті. Жиынның мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Спикерлер психологиялық денсаулық, азаматтық белсенділік және жат әдеттерге қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында жас келіндермен кездесу ұйымдастырылды. «Мәдениетті ана – тәрбиелі ұрпақтың бастауы» деген тақырыптағы жүздесуде ұлттық тәлім-тәрбие, отбасы құндылықтары, ана мәртебесін көтеру және әйелдің қоғамдағы рөлі туралы әңгіме өрбіді.

Негізгі қорытынды жиын «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының конференц-залында өтті. Оған облыстық және аудандық Аналар кеңестерінің төрағалары, «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен аймақтың белсенді аналары қатысты. Отырысты облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева ашып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Ол отбасы құндылықтарын нығайту, патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыру және аналарды қолдау бағытындағы шараларды атап өтті.

«Қоғамдық келісім» басшысы Еркебұлан Ақболатов құттықтау сөз сөйлеп, Аналар кеңесінің өңірдегі ұлтаралық татулық пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудағы, жастар тәрбиесіндегі рөлін ерекше атап көрсетті.

Кездесу барысында аудандық Аналар кеңестері 2025 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша есептерін ұсынды. Алакөл аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Дүйсебаева жылдық жұмыстың негізгі бағыттары мен жетістіктерін баяндады. Одан әрі Кербұлақ аудандық кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова мен Қаратал аудандық кеңесінің төрайымы Ұлбосын Досмолданованың есептері тыңдалды.

Шара соңында қатысушылар ана мен баланы қолдау, отбасы институтының берік дамуы, ұлттық тәрбие мәселелері бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын марапаттау рәсімімен және жылдық жұмысты қорытындылаумен аяқталды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.