Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАНАТ ЖАЙҒАН ҚОЖАЛЫҚ

21 мамыр 2020
КҮЛТӨБЕ
ҚАНАТ ЖАЙҒАН ҚОЖАЛЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Қытайдан атажұртын аңсап келген қандас бауырларымыз Шырғанақ ауылында тұратын Бақдәулет Дәулетжан мен Әбдіғани Тоқтасын атты азаматтардың айналдырып жүрген істерін, дөңге- лентіп жүрген шаруаларын көріп риза болдық.


Екеуі 2018 жылы «Нұрғазы» атты шаруа қожалығын құрыпты. Ондағы басты мақсаты – ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара өсіру екен. Міне, игілікті шаруаның берік негізі қаланып келеді. Бақдәулет аудандық кәсіпкерлік палата арқылы арнайы курстан өтті. Одан соң аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы нәтижелі жұмыспен қамтудың мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы арқылы ірі қара малын өсіру, мал бордақылау алаңдарының жұмысын жолға қою үшін 3 миллион теңге ұзақ мерзімге, жеңілде- тілген несие алуға қол жеткізді. Алған қаражатына 11 бас сиыр сатып алған. Оның сыртында Бақдәулет пен Әбдіғани өз қаражатына екі бас ет бағытындағы асыл тұқымды «Ангус Абер- дин» бұқасын сатып алыпты. Сөйтіп, ет ба- ғытындағы асыл тұқым- ды ірі қара өсіруге жол ашылды.

«Нұрғазы» шаруа қожалығының бүгінде 100 ірі қарасы бар. Оның елуі аналық. Үйлерінің жанынан ірі қара ұстауға әрі мал бордақылауға арнап ұзын қора салып тастапты.

– Атамекенге келіп ойға алған істерімізге даңғыл жол ашылып, көңіліміз көтеріліп, ең- бекке, өмірге деген құш- тарлығымыз күн санап артып отырған жайы бар. Ауылдық округ әкі- мі Оразбай Бекбатыров мал қыстауын салуға жерге көмектесем деп уәдесін беріп жүр. Жайлаудан да жайылымдық жер алсақ, жағдайымыз жаман болмайды. Біз алдағы уақытта тағы да 2 бас асыл тұқым- ды бұқа сатып алсақ деп отырмыз, – дейді шаруа қожалығының жетекшісі Бақдәулет Дәулетжан. Ата-бабалары мал бағумен айналысқан, өздері ата таяғын шын ниетімен қолына алған Бақдәулет пен Әбді- ғанидай азаматтардың жүргізіп жатқан істері осындай. Олардың сапалы ет өндірулеріне мол мүмкіндік туып келеді.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.