Жетісу облысы Ақжар ауылынан 3 шақырым қашықтықта жоғалған балықшыларды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 1988 жылы туған ер адам 22 қараша күні достарымен бірге Алматы қаласынан балық аулауға шығып, сол күннен бері байланысқа шықпаған. Оның жоғалғаны жөнінде туыстары хабарлаған.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар жұмылдырылып, кең аумақ тексерілді. Мамандардың айтуынша, жету қиын аймақтар да қаралды.
Құтқарушылар кең аумақты, оның ішінде жету қиын жерлерді тексерді. Іздестіру шаралары барысында ТЖМ күштері Ақжар ауылынан 150 шақырым жерде ер адамдарды тапты. Олардың автокөлігі құмға батып қалған және олар өздері шыға алмаған, – делінген ақпаратта.
ТЖД қызметкерлері көлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарды.





