Талдықорған: +36°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АРҚАЛЫҚТАҒЫ АНАЛАР МЕРЕКЕСІ

14.03.2020
КҮЛТӨБЕ
АРҚАЛЫҚТАҒЫ АНАЛАР МЕРЕКЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел аузында жазиралы жасыл өлке атанып кеткен Жаркент өңірінің топырағы құнарлы, табиғаты көрікті, тарихы терең. Соған сай ауданның көркеюі мен гүлденуіне, экономикасының еселеп артып, мәдениетінің марқаюына адал да қажырлы еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан, артына өшпестей із қалдырған, жұртшылық жадында есімі ұмытылмай келе жатқан азаматтар баршылық. Солардың бірі – кезінде ел мен жер үшін күш-жігерін аямай жұмсап, еселі еңбегімен халыққа танылған аяулы азамат Нәби Сәрпеков еді. Білікті де білгір маман ретінде танылып, адамгершілігімен, ұйымдастырушылығымен, іскерлігімен көзге түскен жанның мәрт мінезді абзал азамат болғандығын екінің бірі біледі. «Тау алыстаған сайын биіктейді» дегендей, адалдықты, әділдікті жақтап, турашыл ұстанымынан айнымай өткен Нәбидің ел есіндегі жарқын бейнесі жыл өткен сайын тұлғаланып келеді.


Нәби Құмарбекұлымен алғаш рет Панфилов ауданының көлемінде өтетін экономикалық оқулар кезінде таныстым. Оған дейін атақ-даңқы асқақтап тұрған Николай Головацкий басқарған «Октябрьдің 40 жылдығы» кеңшарында істейді дегенді сырттай еститінмін. Бір ауданда, әр салада қатар қызмет істегенімізбен кездеспеген екенбіз. «Үшарал» кеңшарының негізінде өтіп жатқан  жиында шаруашылықтардың экономикалық жетістігі мен кейбір кемшілігіне тоқталған Нәби Құмарбекұлы өзі еңбек ететін «Октябрьдің 40 жылдығы» кеңшарында өндіріс басқарудағы озық тәжірибесімен бөлісіп, жанашыр ойын бүкпесіз айта білетін маман ретінде көрінді. Сол семинардағы сөз сөйлеуіне, түйінді қорытынды жасауына қарап, есімде озық ойлы азамат ретінде сақталып қалды. Содан аралас-құраласымыз басталып, сыйластығы жарасқан сырлас дос болып кеттік. Кейінірек маман дәрежесінен көтерілген екеумізді екі шаруашылыққа жіберді. Нәбекең «Октябрьдің 40 жылдығы» кеңшарында, мен Қоңырөлең ауылында «Октябрь» кеңшарында партия ұйымының хатшысы қызметін атқардық. Осы тұста бір атап өтерлік жайт, Нәбекең кеңседе отыруды ұнатпайтын. Үнемі шаруашылықты аралап, еңбек адамдарымен жүздесіп, жағдайларын біліп, шешімін таппай жатқан түйінді мәселелерді шешудің жолын тапқанша тыным көрмейтін. Жас мамандарға қамқорлық жасап, толғақты мәселелерге баса назар аударатын. Сол кездегі әкімшіл-әміршіл режимнің, өктемдік пен үстемдіктің кейбір талаптарына мойынсынбай, өз ойын ашық айтудан қаймықпайтын. Бірбеткейлігінен танбай әр істі ашық, жария түрде, көпшілікпен ақылдасып шешуді қалайтын. Демократиялық көрініске тән кесек мінезімен өзгелерден ерекше көрінетін. Талапшыл, жалған сөйлемейтін. Өзгеге ұқсамайтын өр мінезін, мәселені төтесінен қоятын турашылдығын, қысқа айтып, дәл шығатын көрегендігін биліктегілер жақтыра бермейтін. Жаны да, ары да таза, тапсырылған істі тап-тұйнақтай етіп орындап, өз кәсібін терең меңгерген, біртуар нар тұлғалы азаматқа биліктегілер тістерін батыра алмайтын. Қазір сол бір уақыттың кезеңдеріне көз жүгіртсек, өзіндік қызығы мен қиындығын бастан өткергеніміз еске оралады.

Еңбек еткен ортасымен ғана емес, жалпы қауыммен тығыз қарым-қатынас орнатып, көпшілікке қадірлі азаматтың бірі саналатын Нәби Құмарбекұлы игі жақсылармен иықтасып жақын жүретін. Қоян-қолтық араласып, сырласып, сыйласуды ұнататын. «Алла тағала сүйікті пендесіне түрлі жақсы қасиетті үйіп-төгіп бере салады екен» деген сөз бар. Осы сөзге лайық ол кісіліктің сан қырлы қасиетін бойына мол дарытқан, мәрт мінезді, ашық қолды, жомарт жан еді.

1992 жылы ауданға Әділшайық Ыбыраймолдаұлы ағамыз басшы болып келгеннен кейін ел-жұрттың рухы да, көңіл-күйі де көтеріліп, жайма-шуақ заман орнады. Міне, осы уақытта аудан шаруашылықтарына жаңаша ойлап, халықтың мұң-мұқтажын шеше білетін бір топ жас жігіт басшы болып келді. Солардың бел ортасында іскерлігімен жарқылдаған Нәби Құмарбекұлы жүрді. Сол тұста ауданда атқарылған игілікті істердің бастамашысы болғанына куәгер болдық. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында ауыл халқын қажетті азық-түлікпен және тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету шаруашылықтардың міндетіне айналғаны жасырын емес. Егін егіп, астық өсіру, жергілікті цехтарда май, кеспе, макарон өнімдерін шығару, қызылша егіп, қант алу, тас даярлап, су диірмендер салу сияқты жаңа бастамалардың бел ортасында Нәбекең жүрді.

1995 жылы мен Парламент Мәжілісіне депутат болып кеткеннен кейін де қарым-қатынасымыз үзілген жоқ. Әлі күнге есімде, 1999 жылы наурыз айында Астанаға әлдебір шаруамен келген Нәби Құмарбекұлы біздің үйге аялдады. Кенеттен 8 наурыз – Халық- аралық әйелдер мерекесіне орай Арқалық қаласына жолға шықтық. Ондағы бауыры Рамазанның отбасын және Тоқтарбай құда мен Күләйша құдағиларды құттықтап қайтпақшы болып, асығыс жолға жиналдық. Сол кезден бастап жиырма жылдан астам уақыттан бері әр жылы 8 наурыз мерекесі қарсаңында осы сапар әрдайым өзінің ерекшеліктерін еске салып тұрады. Қазақ халқының бірлік, туыстық, жолдастық туралы жақсы қасиеттерін еске ала отырып әрдайым   жақындарыма, жолдастарыма осы сапар жөнінде әңгімелеуді  жөн санаймын. Бұл Нәби марқұм екеуміздің Арқалықта өткізген есте қаларлық  мерекеміз.

Осы сапар Торғай жерін көріп, ел танып келсін деген ниетпен кенже ұлым Еркебұланды да ертіп алғанбыз. 6 наурыз күні түстен кейін Арқалық қаласына пойызбен жеттік. Бізді бір топ жолдастарымен күтіп алған Рамазан ініміз табанымызды жерге тигізген жоқ. Кешке қарай Арқалық қаласының драма театрында болатын үлкен қойылымға арнайы қонақ ретінде шақырылып, жергілікті әртістердің өнерін тамашалау бақытына ие болдық. Сол тұста Торғай облысы біздің Талдықорған облысы сияқты бір мезгілде қысқарған бес облыстың бірі еді. Көңіл-күйі сәл де болса төмендеп қалған жергілікті халықтың рухын көтеру үшін сол кездегі Арқалық қаласының әкімі Сабыржан Ахметовтің ұйымдастыруымен аналарға арналған сый ретінде ішінде жылуы жоқ театр үйінде мерекелік кеш өткізу жоспарланған екен. Әр адамның жүрек жылуымен жылынған театрда ине шаншар жер болмады. Астанадан барған бізді әдейі келген Парламенттің делегациясы ретінде қабылдады. Оның үстіне Торғаймен бір мезгілде қысқарған Талдықорған облысының өкілі ретінде қабылдап, құттықтау сөз айтуға шақырды. Көңілімізді тербеген бар тілегімізді жеткізіп, болашағымыздың жарқын боларына сенім білдірдік. Ел еңсесін көтеру бағытында аянбай еңбек етіп жүрген театр әртістеріне өз тарапымыздан сый-сияпат, жөн-жоралғы жасадық. Кезінде осы театрдың ұйымдасуына қазақ өнерінің көрнекті жанашыры, марқұм Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз үлес қосып, өнер институтының бір жылғы түлектерінің құрамынан жасақталған ұжым екен. Олардың ең алғашқы қойылымы «Айман–Шолпан» болғанын естіп білдік. Соған байланысты 1975 жылы құрылған Бикен Римова атындағы Алматы облыстық театры құрамының да ылғи бір жылғы түлектерден құралғанын, олардың да біраз қиыншылықты бастан кешіріп отырғанын жасырмай жеткіздік. Сол үшін де олар бізді одан да жақын тартып, ойымыз бір арнаға тоғысып кеткендей сезіндік. Бүгінде сол бір кездерді еске ала отырып, бір кезде болашағымыздың жарқын боларына, ұлттық өнеріміздің құлаш жая дамитынына сенім білдірген едік. Иншалла, бүгін  соның куәгері болып отырмыз дегім келеді. Облыс басшысы  Баталов Амандық Ғаббасұлы үш жыл бұрын Елбасы Н. Ә. Назарбаевтан рұқсат ала отырып Жетісу еліне Б. Римова атындағы облыстық театрға жаңа ғимарат тарту етті. Бір жағынан өткенге қарасақ бір кездегі армандар мен сенімнің орындалғаны осы екен деген ойға қаласың, тәубе дейсің, шүкіршілік етесің.

Сол жолы Рамазан ініміздің Торғай жерінде бекер жүрмегенін, бізге Тоқтарбайдай құда тауып, Жанаттай жар сүйіп, алтын асықтай ұл-қыздарды өмірге әкеліп, айналасына жақсы дос-жаран жиғанын көріп, көңіліміз толды. Сапар барысында аймақтық қауіпсіздік комитетінің басшысы Рамазан Жинаудиновпен, Торғай ауданы мәслихатының хатшысы Жұмағали Оташевпен танысудың орайы түсті. Нәби Құмарбекұлы екеуміздің келгенімізге риза болған Рамазан түнімен өлең жазып, оны ертесі оқып берді. Оны естіген біз інілердің ыстық сезіміне бөленгендей көңіліміз жадырап қалды. Не керек, қимастықпен қоштасып, кері қайтатын кез де келді. Сол орайда Рамазан ініміз өзінің кандидатурасын болашақта Парламент Мәжілісінің депутаттығына ұсынатынын айтты. Біз оған Нәбекең екеуміз де аса мән бермеппіз. Қалың дүрмекпен жүріп пойызға отырып жаттық. Жора-жолдастарымен бізді шығарып салды. Еркебұланға жолда ішіп-жейтінімізді табыстап жатты. Жол-жөнекей Астанаға жеткенше әңгіменің төркіні Рамазан ініміздің кандидаттығы туралы болды. Өзі болса ауылдан жырақта жүр, бұл ойы қалай болар екен деген сұрақтар бізді  мазалай бергені рас.

Уақыты келіп, басталған сайлауалды науқанында Нәби Құмарбекұлы менің сайлауалды штабымды басқарды. Бірінші кезең аяқталды. Сайлаушылардан 48,5 пайыз дауыс жинап, өте алмадым. Сөйтіп екінші турға қызу дайындық жүріп жатқан кез болатын, сол кезде Рамазан да екінші айналымға өтті деген хабар келді. Сонда ғана Рамазанның мүмкіндігі бар екендігіне көзіміз жетті. Соған орай Нәбекеңді шақырып, бар жақсы ниет-тілегімізді айтып, шығарып салдық. Осылайша Нәбекең екінші турға інісі Рамазанды қосып, ақбоз атқа қондырып, жанындағы жолдас-жораларымен елге әкелді. Қазақтың «Өзі жақсы кісіге қайда болсын бір кісілік орын бар» дегенін ойға алып қуаныстық.

Осының бәрін Арқалықтағы сапардан бастап айтып отырған себебім, Нәбекеңнің жолдастыққа адал, өзім деген адамға өзегін ашып беретін жан екендігін айту еді. Жан жары Жаңыл екеуі ұл-қыз өсіріп, бақытты өмір сүрді. Әттең, өмірден ертерек озып, өзіне айнымай тартқан қалқанқұлақ бір немересінің ғана маңдайынан сүйіп кетті.

Аз өмір сүрсе де азаматтықтың беделіне қылау түсірген жоқ. Ағайын-туысқа, қатар-құрбыларына сыйымды болды. Осы қасиеттері өзі көрген және көрмеген ұрпақтарына жұғысты болсын дегім келеді.

Уақытқа ешкім шектеу қоя алмайды. Нәби Құмарбекұлының өмірден өткеніне, міне, он жылдан астам уақыт өте шығыпты. Рамазан, Иса, Өмірхан ағалар мен Дәулет, Мұхтар, Төлеу сияқты інілер бастаған Нәбекеңнің туған-туыстары мен Мәди, Қуат, Ұлан есімді ұлдары және Әйгерім атты жалғыз қызы оны есте қалдырудың нақты шараларын жүзеге асыруға белсене араласып жатқаны қуантады. Жиын-тойларда, түрлі басқосуларда Нәби Сәрпековтің есімі әрдайым аталып, өнегелі істері үлгі ретінде айтылып жатады. Бұл абзал азаматтың есімін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болса керек.

Әкесінің қолы жетпеген биікке ұрпағының көтеріліп, игілікті істерін жалғастырып, тәуелсіз еліміздің мәртебесін асқақтата түсетін істерге үлес қосатынына сеніміміз мол. Лайым солай болғай деп тілейік. Жаркент қаласындағы бір көшеге Нәби Құмарбек- ұлының есімі беріліп жатқаны, жергілікті халықтың, оның ішінде аудандық мәслихат депуттары мен облыстық және аудандық ономастика комиссияларының да қолдау білдіргенінің өзі Нәби бауырымыздың еңбегінің аз да болса ескерілгенін білдірсе керек.

Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ,
облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы, Алматы облысы және
Панфилов, Кербұлақ аудандарының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026
Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.