Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні мерекеленді

23.04.2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні мерекеленді

23 сәуір күні елімізде алғаш рет ресми түрде Ұлттық кітап күні аталып өтуде, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Бұл жаңа мәдени мереке – кітап оқудың маңыздылығын арттырып, әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыруды көздейтін маңызды бастама. Жаңа мерекені енгізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Үкіметтің «Ұлттық кітап күнін» белгілеу туралы қаулысы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енген.

Президент Тоқаев кітап оқудың интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталып келеді. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде ол:

«Тек кітап оқитын ұлт қана зияткерлік деңгейі жоғары қоғамға айналады. Жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыруымыз қажет. Әлеуметтік желілер заманында бұл оңай емес екенін білемін. Бірақ бұл мәселені шетке ысыруға болмайды. Бұдан басқа жол жоқ», – деп мәлімдеген.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы шетелдік әдебиеттің нарықтағы үлесінің артып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, отандық көркем әдебиетті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Ұлттық болмысымызды танытатын, елдік мүддеге сай келетін кітаптарды көбірек шығаруға тиіспіз. Бүгінгі күні еліміздегі мектеп кітапханаларында 130 миллионнан астам кітап бар. Алайда көркем әдебиет үлесі өте аз», – деді Президент.

Осыған байланысты Президент «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Бұл бастама аясында қазақ балалар әдебиетінің жанрлық және тарихи тұрғыдан әртүрлі туындылары қамтылған арнайы тізім жасалып, олар балаларға қолжетімді болады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстанда тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи Президенттік кітапхана салу идеясын ұсынды. Мұндай кітапхананың үлгісін ол Түркияның Анкара қаласында көргенін және елімізде де жүзеге асыруға болатынын атап өтті.

2024 жылдың наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент Алматы мен Астанада жаңа заманауи кітапханалар бой көтеретінін айтты. Ол өңірлердің әкімдеріне де Алматыдағы жаңғыртылған кітапханалар тәжірибесін негізге алуды ұсынды.

«Кітапқа деген махаббат – ұлттың интеллектуалды деңгейінің көрсеткіші. Көптеген елдерде кітапқа арналған ұлттық күн бар. Бізде де бұл күнге орай түрлі әдеби фестивальдер мен көрмелер өткізуге болады. Ұлттың өркениеттік жолы – кітап арқылы қалыптасады», – деді Мемлекет басшысы.

Қоғамдық кітапханалар – мәдени орталыққа айналуда

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы 1 қаңтардағы дерегіне сәйкес, елімізде 3920 көпшілік кітапхана жұмыс істейді. Олар 2024 жылы ең көп келуші тартқан мәдениет нысандарының қатарында болды. Жыл ішінде бұл кітапханаларға 55,4 миллион адам барған. Бұл көрсеткіш кинотеатрларға барушылар санынан екі жарым есе көп (23,3 млн).

Алматы қаласы – ең көп оқырман тіркелген өңір. Мұндағы кітапханаларда 5,5 миллионнан астам келуші болған. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан (4,5 млн), Түркістан (4 млн) және Ақмола (3,7 млн) облыстары да үздік үштікке кірді.

Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілердің кең таралғанына қарамастан, Қазақстанда кітапқа деген қызығушылық төмендеген жоқ. Қазіргі таңда кітапханалар тек оқу орны емес, шығармашылық пен білім алмасудың орталығына айналып отыр. 

Фото:  yandex.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.