Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАТЫР БЕРЖАНОВ

09.05.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Екінші дүниежүзілік соғыста КСРО-ның миллиондаған азаматтарының қатарында қауіпсіздік органдарының қызметкерлері де абыроймен соғысып, ел мен жерді қорғауға атсалысты. Солардың ішінде 1924 жылы Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Ораз ауылында дүниеге келген Жұмабай Қорғанбекұлы Бержанов та бар еді. 


Майданға 18 жасында аттанған кейіпкеріміз 1942 жылы Орал әскери округінің №22-ші атқыштар полкіне курсант ретінде қабылданады. Содан бір жылдан соң, яғни, 1943 жылдан бастап соғыс аяқталғанға дейін 2-ші Украина майданында 105-атқыштар дивизиясына қарасты 349-шы гвардиялық полкінің құрамында бөлімше командирі болып қызмет ете жүріп, қанқұйлы соғысқа қатысады. Күннен-күнге күш алған Кеңес әскерінің қатарында Австрия, Венгрия және Чехословакия елдерін фашизм басқыншылығынан азат етуге қатысып, соғыстың аяқталуына үлес қосады. 

Соғыс шығынсыз болмайды. Кескілескен ұрыста ауыр жараланған Жұмабай Қорғанбекұлы қаншама қару­ласынан айырылады. Майдандағы ерлігі еленген ол Қызыл Жұлдыз ордені, «Ерлігі үшін» медалі секілді көптеген әскери және үкіметтік наградалармен марапатталады. Қаруластарының арасында білікті бөлімше командирі, батыл да тәуекелшіл жауынгер, сенімді жолдас және тәртіпті, жауапкершілігі жоғары офицер ретінде танылды.

Соғыстан кейін Жұмабай Бержанов туған жеріне оралып, 1950 жылға дейін Меңдіғара ауданының «Бірлестік» кеңшарында қатардағы жұмыскер және Тобыл ауылдық кеңесінің хатшысы болып адал еңбек етті. Соғыстан кейінгі ауыр күндерде тынбай еңбектенген ардагер қоғам артқан барлық қызметті жауапкершілікпен атқарып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Майдан көрген барлық ардагерлер секілді тыныштықтың құнын жоғары бағалаған Бержанов өндіріс жетекшісіне айналды. Осылайша халық шаруашылығының қалпына келуі мен дамуына үлес қосқаны үшін басшылық тарапынан бірнеше рет марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жекебасының қасиеттері мен іскерлік қабілеті, майданда шыңдалған мінез-құлқы жоғары бағаланған Жұмабай Қорғанбекұлы 1950 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жұмысқа шақырылады. Осы органның арнайы курсынан өткен соң Түркіменстан КСР-нің Красноводск және Ашхабад облыстарында жедел уәкілдік қызмет атқарды. 1958-ші жылдан 1970-ші жылға дейін Қазақ КСР-нің Қостанай облыстық МҚК басқармасында еңбек етті. 1973 жылы Алматы облысы Кеген аудандық ҰҚК бөлімінің басшылығына келген кейіпкеріміз 1976 жылы Талдықорған облыстық ҰҚК басқармасына алынып, толысқа шыққан 1983 жылдың мамырына дейін түрлі уәкілдік және басшылық лауазымдарда қызмет етті.

Аталған қызметтердің бәрінде өзін тек жақсы жағынан көрсеткен Жұмабай Бержанов бірнеше рет үкіметтік, ведомстволық және мерекелік медальдармен, Грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталды. Бірге қызмет еткендердің құрметі мен ықыласына бөленген әріптесіміздің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

ҰҚК облыстық 
департаментінің 
ардагерлер кеңесі

 

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.