Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бикен Римова театрына академиялық мәртебе берілді

4 желтоқсан 2025
КҮЛТӨБЕ
Бикен Римова театрына академиялық мәртебе берілді

Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының мәдени өмірінде айтулы жаңалық болды, яғни Бикен Римова атындағы драма театрына академиялық мәртебе берілді. Еске салсақ, бұл ұсынысты осы жылы 21 мамырда Мәдениет саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы айтқан болатын, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорған театрына бұл мәртебе Премьер-Министрдің 2 желтоқсандағы қаулысы негізінде беріліп отыр. Бұл — көп жылғы шығармашылық жұмыстың жемісі, театр өнері мен мәдениетті дамытудағы айтулы еңбектің нәтижесі.

Айтулы жаңалықты жетісулықтар, әсіресе театр қызметкерлері ерекше қуанышпен қабылдады.

— Талдықорған театрының құрылғанына биыл 50 жыл толды. Жарты ғасырлық белесте театр өз репертуарын байытып, қаншама жас таланттарды тәрбиелеп шығарды. Әрбір премьера, гастроль, көрерменнің қошеметі — біздің ортақ тарихымыздың алтын парақтары. Бүгін, міне, театрымыз академиялық мәртебе алып отыр. Бұл тек атақ қана емес, біздің өнерді өркендетуге қосқан үлесіміздің және ұлт руханиятын дамытудағы еңбегіміздің лайықты бағалануы деп білеміз. Біз үшін осы мәртебеге жету – әрі  үлкен қуаныш, әрі зор жауапкершілік, — деді Б. Римова атындағы драма театрының көркемдік жетекшісі Сағындық Жұмаділ.

Атап өтсек, Талдықорған театрының негізі 1975 жылы қаланған, биыл 50 жылдығы аталып өтілді. Өнер ұжымы театр шымылдығын алғаш рет Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасымен ашқан болатын. Бүгінде театрда Алмахан Кенжебекова, Әлихан Ыдырышева, Лидия Каденова, Дулыға Ақмолда секілді Қазақстанның халық артистері бар. Театрда жалпы 145 адам еңбек етеді, соның 61-і жастар, ұжымдағы қызметшілердің 72-сі — шығармашылық адамы.

Еске салсақ, облыс құрылғаннан бері Жетісуда « BIKEN FEST» халықаралық фестивалі тұрақты өткізіліп келеді. Мәселен, биыл оған Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия және басқа да елдерден 9 театр қатысты.

Қатысты жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін, 10:12
Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Бүгін, 10:04
Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Бүгін, 10:00
Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Бүгін, 09:58
Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Бүгін, 09:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.