Талдықорған: +22°C
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БОЛАШАҚТЫҢ ҮМІТІ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКАДА

05.09.2024
КҮЛТӨБЕ
БОЛАШАҚТЫҢ ҮМІТІ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКАДА
WhatsAppTelegramFacebook

Атом десе неге үрейленеміз осы? Әлде сан ғасырлық жарасы бар Семей полигоны санамызға қорқыныш дәнегін еккен бе? Бәлкім, Чернобыльдегі уранның уыты тараған шақ ми қатпарында атой сала ма? Бұл сұрақтарды тізбектей беруге болады. Себебі, Қазақстанда АЭС салу мәселесі қозғалғалы қоғамда алаң туды. Аласапыран болмаса да алапат қарудың негізінен қуат өндіруге мойын бұруға не түрткі? Дамыған елдер баламалы энергия көзін тұтынуға көшкенде Қазақстанның АЭС салуға деген ынтызарлығына жол болсын! Осындай пікірлер де ел ішінде ажырыққа тиген оттай лаулауда. Жөн-ақ. «Жаман айтпай жақсы жоқ» дейді дана қазақ. Дейтұрғанмен, теңгенің екі бетіндей сәулелі элементтердің адамзат игілігіне зардабынан гөрі көмегі көп тиюде. Бұл жайларға Алматы қаласындағы Ядролық физика институтына барғанда қанықтық.


Сапар қалай басталды? Жоғарыда айтқанымыздай, ел арасында АЭС салу туралы бастама көтерілгелі желдей ескен қаңқу сөз көбейді. Мемлекет басшысы сәулелі элементтен энергия өндіру елмен ақылдаспай басталмасын, әуелі елімізде АЭС салу жөнінде референдум өтетінін, сол жалпыхалықтық шараның шешіміне орай қадам жасалатынын ескертсе де даурықпадан дамыл болмай тұр. Мұны ескерген Жетісу облысы әкімдігі өңір белсенділерін осы институттың жұмысымен таныстыру, ядролық физиканың мүмкіндігіне көз жеткізу мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырды. 

Шағын қалашықтың аумағындай жерге орналасқан Ядролық физика институты елімізде сәулелі элементтердің игілігін танытып отырған жалғыз ғылыми орталық. Тарихын 1957 жылдан бастайтын құрылымның негізін Қаныш Сәтбаев қалаған. Содан бері бұл маңда ядролық физиканың қыр-сыры меңгеріле бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғылыми институттар қараусыз қалған-ды. «Айқайыңнан ойбайым тыныш» дегендей, нарықтық экономикаға бет бұрған сәтте бұл орталыққа да дұрыс көзқарас болмағаны қазірдің өзінде анық байқалады. Ядролық физика институтының тамырына қан жүгіргеніне де көп бола қойған жоқ. Азғантай уақытта қанша жыл қараусыз қалған маңды қалыпқа келтіру оңай шаруа емес. Ескірген ғимараттардан сол салғырттық көзге ұрады. Ашығын айту керек, соңғы кезде институт жұмысында жандану байқалады. Ескі ғимараттарды жаңасына ауыстыру, заманауи нысандар салу орын алуда. Себебі, Қазақстан ядролық физиканың мүмкіндіктерін енді ескеруде.

Жетісулық делегацияны институттың бас директоры Саябек Сахиев күтіп алып, құрылымның жұмысымен таныстырды. Қазіргі ядролық физиканың мүмкіндіктерін, сәулелі элементтерді түрлі салада қолдану жайын, Қазақстанның уран өндіру мен оны байыту қарекетін жіпке тізгендей тәптіштей түсіндірді. Соның ішінде көпті толғандырған мәселе жаппай қырып-жою қаруы мен АЭС-тің айырмашылығын ашып көрсетіп, жұрт айтқан қауіп пен қатердің, энергиялық тәуелсіздік пен жаңа мүмкіндіктер турасында сөз қозғады. 

Саябек Қуанышбекұлының сөзіне сенсек, АЭС пен атом бомбасы радиоактивті элементтерді пайдаланғанымен екеуі екі дүние. Былайғы тілде түсіндірсек, самал да, дауыл да атмосфералық қысымның біркелкі болмауынан туындайтын табиғи құбылыстардың қатарынан. Дейтұрғанмен, самал жел жанға жай, тәнге қуат береді де, дауыл маңайдағыны қопарып кетуге бейім дүлей күшке ие. Міне, жаппай қырып-жою қаруы мен АЭС-тің айырымы осы. Әрине, халықтың үрейін туындатып отырған Чернобыль мен Фукусима реакторларындағы апат екені даусыз. Бірі – адамның қателігінен, екіншісі – цунами салдарынан орын алды. Бірақ, мұнан өзге әлемде 400-ден аса реактор ешқандай апатсыз жұмыс істеп келеді. Әлі де істей түспек. Осындай түсіндірме жұмыстарын жүргізген Саябек Сахиев институттың бүгінгі жетістігін де тізбектей кетті. 

 – Ядролық физика жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге септесуде. Мәселен, фармацевтикада өз үлесіміз бар. Жұрт қауіпті деп білетін сәулелі элементтерден бірнеше дәрі өндіріп келеміз. Өнімдеріміз онкологиялық ауруларды емдеуде таптырмас дауа. Сол дәрмектерімізді әлемнің 5 еліне экспорттаудамыз. Институттағы 700 қызметкер қарап жүрген жоқ. Бізде  сәулелі элементтердің қалдығын сақтайтын қойма бар. Себебі, еліміздегі мұнай өндірісі де, ғарыш саласы да біз қауіпті деп жүрген элементтерді қолданады. Мынаны түсінген абзал, жаппай қырып-жою қаруында радиоактивті элементтер 95 пайызға дейін байытылып, қолданылады, ал АЭС-те бұл көрсеткіш 2-4 пайыздың шамасында. АЭС-тегі элемент жарылыс жасауға жарамайды, – дейді Саябек Сахиев.
Институт басшысының сөзіне сенсек, апат болған Чернобыль мен Фукусимада ескі әдіс қолданылған. Түсіндіре кетсек, АЭС реакторы сумен жұмыс істейді, нақты айтсақ, ысытылған су турбиналарды айналдыру арқылы қуат көзін өндіреді. Сонымен қатар, реакторды сумен салқындатады. Құдды іштен жану двигателі секілді. Мұнда да двигатель қызып кетпес үшін, салқындату үшін су қолданады емес пе?! Бұрын реакторлар бір контурлы салқындату әдісімен жұмыс істеді. Апат болған АЭС-тер осы әдісті қолданды. Яғни, бір контурлы салқындату – реакторды бір ғана желі салқындатады деген сөз. Қазір екі контурлы салқындату әдісі қолданылады. Бірінің жұмысын екіншісі жандандырады. Бұл қауіпсіздік тұрғысынан әлдеқайда тиімді. 

Экскурсия барысында Саябек Сахиев жетісулық делегаттарды ғылыми негізде қолданатын реакторға бағыттады Институт қабырғасында кәдімгідей шағын реактор бар екен. Бас инженердің орынбасары Жақсылық Тезекбаев сол қондырғының басты жұмысымен таныстырды. Институттың жүрегі саналатын реактордың күшімен фармацевтикалық өнім, сәндік бұйымдар, изотопты сәулелену көздерін, тіректі жарғақтар өндіреді. Реактордың кәдімгі АЭС-тегіден айырмасы аз. Мұнда тек электр қуатын өндірмейді. Айтпақшы, қыз-келіншектер топаз атаулы бағалы тасты қолданады емес пе?! Табиғатта осы минерал ақ түсті болады. Ал оған қара, көк, жасыл түс беру үшін радиоактивті элементтердің сәулесі қолданылады. Бірақ, мұнан кейін топазды қолданудың қаупі жоқ. 
Жалпы, радиоактивті өндірісте қалдық мәселесі аса өзекті. Өйткені, реактор да пеш сықылды. Пеште көмірден күл қалатын болса, сәулелі элементтер де қалдықсыз болмайды. Алайда, олардың қалдығы бірнеше жүз  жылдар бойы  қоршаған ортаға уытын шашып жатады. Бұрын әлемдегі АЭС-тер қолданған радиоактивті отынның қалдығын қорғасын бөшкелермен мұхит түбіне тастайтын. Қазір оларды арнайы қоймада сақтайды. Өйткені, сәулелі элементтердің қалдығы біршама уақыттан соң қайта пайдалану мүмкіндігіне ие. Қазір Ядролық физика институтының қабырғасында сондай қойма бар. Сол қойманың жұмысын институт бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Евгений Ермаков таныстырды. Бақсақ, радиоактивті қалдықтар ашық алаңда салынған ғимараттың ішінде 8,5 метр тереңдікке салынған 12 қоймада сақталады. Қалдықтарды 2 түрлі әдіспен сақтайды. Бірі – қорғасын жабынмен, екіншісі – нейтронды. Әуелгісі ұзақ мерзімде де өз әлеуетін төмендетпейтін элементтерге қолданса, екіншісі бірнеше күнде әлсірей түсетін радиоактивті элементтерге қолданады. Е. Ермаков түсіндірме жүргізіп жатқанда делегация жанында дозиметрмен институт қызметкері жүрді. Байқағанымыздай, сол құрылғы қауіптің жоқтығын көрсетіп тұрды.

Жалпы, жақсы дүниенің тез аяқталатыны сықылды, институт қабырғасындағы шара тамамдалды. Жетісулық делегация тек ғылыми орталық турасында танымын кеңіткен жоқ, жалпы ядролық физика һәм АЭС туралы көзқарасын байытты. Біз де сапарды сәтті пайдаланып, институт басшылығы Саябек Сахиевпен халық көкейіндегі маңызды сұрақтар турасында аз-кем сұхбаттасқан едік. Сол сұхбатты газетіміздің алдағы сандарында оқитын боласыз, көзі қарақты оқырман.

Дастанбек САДЫҚ
 

Қатысты жаңалықтар

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

18.06.2026
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

18.06.2026
Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

18.06.2026
Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

18.06.2026
Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

18.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.