Бүгін елімізде мемлекеттік қызметкерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл күн 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілсе, 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні ретінде ресми түрде белгіленді.
Мемлекеттік қызмет – бұл жоғары біліктілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін сала. Мемлекеттік қызметші болу – халыққа адал қызмет етіп, әділдік пен жауапкершілікті басты қағида ретінде ұстануды білдіреді. Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімі мен ел дамуы – мемлекеттік қызметшілердің тиімді жұмысы мен бастамашылдығына тікелей байланысты.