Әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик спорттық мансабында алғаш рет «Уимблдонның» төртінші айналымына жолдама алды
Ол үшінші кезеңде неміс Максимилиан Мартерерді 3:0 (6:4, 6:1, 7:6) есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 52 минутқа созылды. Осылайша Александр grass (шөп) төсенішінде қатарынан сегізінші жеңісіне қол жеткізді.
Бубликтің келесі қарсыласы әлемнің 7-ракеткасы 25 жастағы ресейлік Андрей Рублев. Ойын 9 шілдеде болады.





