Әнші Димаш Құдайберген Абай облысындағы алапат өртте ерлікпен қаза болған орманшылардың отбасы мен барша Қазақстандықтарға көңіл айтты.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
«Семей орманы» табиғи резарватындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына және барша дүйім жұртқа қайғырып көңіл айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алапат өрт тезірек тоқтасын!», — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.





