Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕҢБЕК АДАМЫ — ЕЛ ТІРЕГІ

11.07.2023
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Кәсіподақ – мемлекет пен жұмыс берушіге тәуелсіз, жалдамалы жұмыскерлердің экономикалық мүдделерін, құқығын ұжымдық шарт сынды түрлі құралдармен қорғайтын қоғамдық ұйым. Кәсіподақтар азаматтық қоғамға ынтымақтастық, әділдік, береке-бірлік тәрізді қажетті құндылықтарды енгізеді. Бүгінгі таңда ҚР Кәсіподақтар федерациясы – екі миллионнан астам кәсіподақ мүшесін біріктіретін еліміздегі ең қуатты және көпмүшелі қоғамдық ұйымға айналды. Жетісу жеріне арнайы іссапармен келген ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин шаруашылықтарды, өндіріс орындарын аралап, облыстық мәслихат депутаттарымен және қарапайым еңбек адамдарымен кездесіп, бірқатар мәселенің түйінін тарқатып қайтты. 


Астанадан келген қонақтар ең алдымен жұмыс жайымен танысу үшін Көксу ауданының Жарлыөзек ауылындағы «Балпық» шаруа  қожалығына барды. Айдын Әдетбеков басқаратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік 1998 жылы құрылған.  Серіктестік бидай, жүгері, көпжылдық шөп өсіру жұмыстарымен айналысады. Оның ішінде негізгі бағыты қант қызылшасын өсіру. 30-дан астам техника, 300 гектар суармалы жер, ферма, ірі қара, қой бар. Олар тұрғындарды ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз ету, саланы дамыту, ауылдастарын жұмыспен қамтуды мақсат етеді. Осы бағытта тынымсыз еңбек етіп келе жатқанын атап кеткен дұрыс. Бүгінде шаруашылықта 70 адам жұмыс атқарса, маусымдық жұмыс кезінде жұмыс күші 140 адамға дейін жетеді.  Жұмыскерлердің жалақысы да жаман емес, айына 140 мың теңгеге дейін табыс табады. Сондықтан да аталған шаруашылық алғашқылардың бірі болып жұмыскерлер арасынан кәсіподақ құрып, олардың мүддесін қорғауды қолға алуды бастап кетті. 

Кездесуге шаруашылықта жұмыс істейтін адамдар да көп жиналды. Олар Сатыбалды Телағысұлына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Қарапайым жұмыскер үшін ең бастысы жалақысының тұрмысына жетуі және уақытылы төленуі, сондай-ақ, өздерінің еңбек қауіпсіздігінің қорғалуы. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі федерациясының жетекшісі осыған қатысты түскен сұрақтарға жауап бере отырып, федерацияның алдағы жұмыс жоспарын, жұмысшылардың мүддесін қорғау бағыттарын түсіндірді. 

– Еңбек адамы, оның денсаулығы – кәсіподақтар үшін басты құндылық. Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүше ұйымдары биылғы жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында өткізіп отыр. Сондықтан, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселесі кейінге қалдыруды қажет етпейді, – деді федерация басшысы.
Осыдан кейін қонақтар Ескелді ауданының Алдабергенов ауылындағы Батырлар аллеясына ат басын бұрды. Бұл аллеяның төрінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов бюсті қойылған. Сондай-ақ, Кеңес Одағының Батыры Матай Байысов пен Еңбек ерлерінің 19 бюсті тұр. Олар республикалық маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген. 

– Батырлар аллеясына келген әрбір адамның еңбек адамына деген құрметі артып, өмірін адал еңбек, батыл қадам арқылы өрнектеуге жетелейді, – деген Сатыбалды Телағысұлы бастаған көпшілік аллеяның төріне гүл шоғын қойып, тағзым етті.

Келесі кезекте жұмыс тобы Талдықорған қаласындағы Достық үйінде Жетісу облыстық мәслихатының әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері жөніндегі депутаттық тобының депутаттарымен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады. Жиында облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар   Тойлыбаева:
– Еңбек адамының әлеуметтік, тұрмыстық мәселесін реттеуді облыстық мәслихаттың депутаттары назардан тыс қалдырмайды. Жол, су, жарық, елді мекендерді дамыту мәслихат депутаттарының қадағалауында. Сол барыста еңбек адамдарының мүддесін қорғау аясында да жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын айтқым келеді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмысты облыстық мәслихаттың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері жөніндегі депутаттық тобы назарда ұстайтын болады, – деді.

С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапханадағы кездесуде көп мәселе көтерілді. Әсіресе, кітапханашылар жалақысының төмендігі, баспана алу мәселесінің қиындығы, әлеуметтік және тұрмыстық жақта қолдаудың кемшіндігі, тағы да басқа кезекті сұрақтарға Сатыбалды Телағысұлы нақты жауап беріп, оны шешудің жолдарын қарастыратынын жеткізді. 

– Федерация жұмысының негізгі бағыты – кәсіподақтардың басты буыны саналатын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыру, жұмыс орындарында тікелей еңбек ұжымдарымен байланыс орнату. Себебі, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жұмыскерлер мен  кәсіподақ қозғалысының бірқатар мәселесі шоғырланған. Біз сол барыстағы кедергілерді жою мақсатында жұмыс істеп келеміз. Сіздердің де өтініш-тілектеріңіз қарастырылады, – деді ол.
Келесі кезекте «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС қызметімен танысып, жұмыскерлермен қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша  түйткілді мәселелерді талқылады.

ЖШС негізгі қызметі жылу және электр энергиясын біріктіріп өндіру, жылу энергиясын беру, тарату және жеткізу болып табылады. Кәсіпорын Текелі қаласын жылу энергиясымен қамтамасыз етіп, қала мен Жетісу облысының қажеттіліктеріне электр энергиясын өндіреді. Қазіргі уақытта орнатылған және қолда бар электр қуаты  24 МВт, жылу қуаты  42 Гкал.

«Текелі энергетикалық кешенінде» 232 адам жұмыс істейді, орташа жалақы – 227 мың теңге.

«Бізде өндірістік кеңес бар, бірақ, өкінішке қарай, техникалық инспекторларды оқытуға қаражат жоқ», – деп шағымданды кәсіпорынның кәсіподақ көшбасшысы.

Бір күндік жұмыс сапарының соңы биыл 1968 бала қабылдауды жоспарлаған «Алтын Шажа» жазғы сауықтыру лагерінде түйінделді. ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы жазғы демалысын көңілді өткізіп жатқан балғындарға сый-сияпат жасап, көңілдендіріп қайтты.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.