Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕГІН — ЕЛ ЫРЫСЫ

20 маусым 2020
КҮЛТӨБЕ
ЕГІН - ЕЛ ЫРЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі шаруаның күйі жақсы. Бұрындағыдай жанар-жағармай тапшылығы, тұқымның сапасыздығы сияқты мәселелерді айта бермейді. Мемлекеттен бөлінетін субсидия көлемі де артты. Ірілі-ұсақты шаруа қожалықтарының дені бұл қолдауға разы. Есесіне өнім де жоспардағыдай өндіріліп жатыр. Оған Амангелді ауылдық округі шаруаларымен әңгіме барысында куә болдық. 


Негізі 2001 жылы қаланған Рашид Алиев басқаратын қожалық қызылша өсіруге бағытталған. Ағасы Алымжан Алиев екеуінің иелігіндегі 16 гектар жердің 10 гектарына тәтті түбір егілген. Қалғанына көпжылдық шөп себіліпті.

 – Былтыр 4 гектар жерге соя ектік. Күзге қарай әр гектарынан 1,5 тоннадан өнім алдық. Негізінен құрылғалы бері тәтті түбір өсірумен айналысып келеміз. Мемлекет тарапынан субсидия аламыз. Елдегі төтенше жағдайға байланысты жанар-жағармай бағасы да арзандатылды, – деген Рашид Алиевтің айтуынша, қазіргі уақытта шөп дайындау мен суару жұмыстары жүргізілуде. 

Шаруашылықта 4 адам қызмет етеді. Иелігінде сенімді техника бар. Сол техниканың көмегімен барлық жұмыс атқарылады. Биыл екінші жыл қатарынан тәтті түбірдің «Ардан» тұқымын сепкен шаруа қызылшаның әр гектарынан 30 тонна өнім алуды көздеп отыр.  

Өз кезегінде «Дәулет» шаруа қожалығы көпжылдық шөп, соя, жүгеріні 24 гектар жерге орайластырып отыр. 1996 жылы құрылған қожалықта 8 адам қызмет атқарады. Трактор, 2 комбайн, «КамАЗ» сынды техникамен жабдықталған. Қазіргі уақытта шаруалар гербицид шашу мен жемшөп дайындау жұмыстарына қызу кіріскен. Бұл жөнінде: 
– Былтыр 15 гектар жерге соя сеуіп, 32 тонна өнім алдық. Биыл да сол межеге жетсек деген ниеттеміз. Жыл сайын жүгері тұқымын жаңартып отырамыз. Алдымен тұқымды тексеріп, сапасын анықтап аламыз. Тұқым сақтайтын қоймаларымыз да бар, – дейді шаруашылық басшысы Нұрлан Байболов. 

– Мен шаруашылықтағы комбайн, тракторларды жүргіземін. Жөндеу жұмыстары өз кезеңімен сапалы атқарылды. Егіс алқабына егетін тұқым уақытылы жеткізіліп отырады. Жанармай мәселесі де туындап отырған жоқ, – дейді шаруашылық механизаторы Нұрлан Несіпбаев.

Жалпы ауылдық округтегі 270 шаруа иелігінде 3243 гектар егістік алқабы бар. Оның 243 гектарына қызылша, 420 гектарына көпжылдық шөп, 2200 гектарына соя мен 90 гектарына жүгері себілді. Диқандар 165 теңгеден 27 тонна жанар-жағармай сатып алды. 

Еңлік ҚАБДЕШ 
 

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
Алакөлде «АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Алакөлде «АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.