Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін дайындық жұмыстары күшейтілуде

11.04.2025
КҮЛТӨБЕ
Экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін дайындық жұмыстары күшейтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесу кезінде қазіргі әлемдік ахуалға тоқталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ult.kz дерегіне сүйеніп.

«Көптеген сарапшылар әлемнің соңғы ондаған жылда болмаған ең ауыр экономикалық дағдарыс табалдырығында тұрғанын ескертуде. Алпауыт мемлекеттер арасында басталған «тариф майданы» өндіріс пен сауда тізбегін бұзып, нарықтарды құлдырауға ұшыратты, сондай-ақ шикізат бағамының тұрақсыздануына алып келді. Бұл жағдайдың барлық елдерге, соның ішінде Қазақстанға да әсер ететіні сөзсіз», — деді Президент.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді.

«Жоғары тарифтер енгізуге 90 күндік мораторий жарияланғанымен, нарықтағы жағдай өте тұрақсыз. Сондықтан біз экономикалық дүрбелеңнің Қазақстан экономикасына тигізетін салдарын жоюға күш салудамыз. Алайда дүрлігуге негіз жоқ. Біз сын-қатерлерді өзіміздің басым бағыттарымызға сүйене отырып еңсеріп келеміз. Сыртқы қолайсыз факторларға қарамастан, еліміз даму жолын жалғастыра береді», – деді Мемлекет басшысы.

 

Президенттің айтуынша, негізгі инфрақұрылымдық жобалар мен басқа да бастамалар толығымен жүзеге асырылып, экономикалық өсім қарқыны мен инвестиция көлемі төмендемейді.

«Дағдарыс – басшылық қызметтегі азаматтардың іскерлік қабілетін тексеретін уақыт. Бұл жаңа мүмкіндіктерге де жол ашады. Біз ұлттық экономиканың орнықтылығы мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін барлық сын-қатерге дайын болуымыз қажет. Жұмысты байыппен әрі сенімді түрде атқаруымыз керек», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары елдің экономикалық тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды қадам болмақ. 

Фото: Elevatorist.com

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.