Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз.
Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Ерлікке толы тарихи күнде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға құт-береке мен ырыс-ынтымақ тілеймін.
Бір шаңырақ астында Тәуелсіздігіміз тұғырлы, аспанымыз әрдайым ашық болып, Қазақ елі өркендей берсін!
Ермұхан Жүнісхан,
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты