Талдықорған: +17°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚХА АЛЛЕЯСЫ АШЫЛАДЫ

17.04.2025
КҮЛТӨБЕ
ҚХА АЛЛЕЯСЫ АШЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫҢ төр- ағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық кеңесінің отырысы өтті. 

Кеңес отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы XXXIV сессиясына қатысу мәселелері, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында өңірде өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды. 

Өткен онжылдықта Ассамблея азаматтық қоғамның маңызды институтына айналғанын атап өткен Бейбіт Исабаев ҚХА жүзеге асырған, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға тоқталды. 

– Өткен жылдан бері өңірде «Жомарт жан» қайырымдылық орталығы жұмыс істеп келеді. «Қайырымдылық керуені» және «Мектепке жол» қайырымдылық акциялары аясында облыста аз қамтылған және көпбалалы 7 мыңнан астам отбасыға 30 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Ал Қаратал ауданында өткен жылдың қазан айынан бастап корей этномәдени бірлестігінің қолдауымен 70 тұрғын үй өтеусіз негізде табиғи газға қосылды. Онда аз қамтылған отбасылар, қарттар мен жалғызбасты аналар тұрады. Іскер әйелдер кеңесімен және меценаттармен бірлесіп облыстық «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерін, қиын жағдайға тап болған Аналар үйіндегі, дағдарыс орталықтарындағы әйелдерді қамқорлыққа алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне тұрақты түрде көмек көрсетіледі. Мұндай жұмыс Ассамблея өңірдің тұрғындарына қолдау бере отырып, бірлік пен келісімді нығайтуға сөзбен емес, іспен үлес қосатынын білдіреді. Бірлік күні қарсаңында «Бірлік жүгірісі» спорттық жүгіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы ашылады, – деді аймақ басшысы. 

Кеңес отырысында сөз сөйлеген Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев университет қабырғасында атқарылған жұмыстар жайын айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының  қоғамдық негіздегі орынбасары, «Облыстық орыс орталығының» төрайымы Лариса Котельникова 30 жылда қол жеткізген жетістіктерді атап өтті. Ассамблеяның жастар қанатының өкілдері Екатерина Подгорнова мен Молутжан Тохтахунов ҚХА-ның 30 жылдығы аясында жоспарланған іс-шараларды жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, «Ассамблея жастары» облыс орталығындағы Тіл сарайы маңындағы көпқабатты үйлердің қабырғасына салынатын сурет эскизін дайындап, 30 жылдық аясында түсірілетін көркем фильмнің түсірілімі және тарихи кітап басып шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Бұл ретте облыстың ҚХА мүшелері мен этномәдени орталықтары осы үдерістің барлығына белсене атсалысуда. 

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстық Ассамблея мен жергілікті атқарушы органдардың тығыз ынтымақтастығы көптеген маңызды міндетті шешуге мүмкіндік беріп отырғанын айта келе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына қысқаша тоқталды. 

– Жетісу өңірі құрылғалы бері өңірді газдандыру, тұрғын үй, мектеп, денсаулық сақтау нысаны, ветеринарлық стансы салу, жалпы инфрақұрылымды дамыту мәселелерінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазір алдымызда қаржыландыру көздері анықталған аймақтың алдағы 2-3 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспары бар. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, халықтың назарын ұзақ мерзімді жоспарларға қарағанда нақты мәселелерді шешуге бағыттауымыз қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясы қызмет еткен жылдар ішінде қоғамдық келісімді, бірлік пен тұрақтылықты сақтауға ғана емес, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуде де өзінің тиімділігін айқын көрсететін өмірлік маңызды институтқа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына белсенді қатысу арқылы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыстағы этномәдени орталықтардың өкілдері алдағы уақытта да өңірдің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін, – деді аймақ басшысы.

Жиын соңында этномәдени орталықтардың бір топ өкіліне, қоғам қайраткерлеріне, еңбек ардагерлеріне, жас көшбасшыларға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медальдары табысталды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.