Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨШ КЕРУЕНІ КЕРБҰЛАҚТА

22 наурыз 2025
КҮЛТӨБЕ
КӨШ КЕРУЕНІ КЕРБҰЛАҚТА
WhatsAppTelegramFacebook

Наурыз мерекесі аясында еліміздің түкпір—түкіпірінде ұлттық салт—дәстүрді дәріптейтін түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді.

Соның бірі – көне заманның керуен көшін бейнелейтін «Көш керуені» мерекелік шеруі. 21 наурыз күні Кербұлақ ауданынының Сарыөзек ауылында ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті дәріптеуге бағытталған «Көш керуені» атты ауқымды іс-шара өтті.

Шараны салтанатты түрде аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бөкен Рысбеков ашып, өз батасын берді. Ақсақалдардың батасы мен игі тілектерінен кейін керуен өз жолын бастады. Жалпы шеру Сарыөзек ауылының оңтүстік-батыс аймағындағы айналма жолдан басталып, орталық алаңға дейін жалғасты. Шараға ауылымыздан 400-ден астам адам қатысты. Керуенге ауданымыздың спортшылары, өнерпаздары және өзге де белсенді азаматтар қатысты. Аттылы жігіттер мен ұлттық киім киген қыз келіншектер көштің сәнін келтіріп, ауыл тұрғындары мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Жол бойындағы жолаушылар керуенді жылы қарсы алып, көне заманның бейнесін көргендей әсер алды. Бұл шара ауылдың үлкен-кішісін бір ортаға жинап, қазақтың көшпелі өмірін еске түсірді

Көш керуені ауылдың орталық одан әрі жалғасын тапты. Ақсақалдар мен аналар жас ұрпаққа бұрыңғы көшпелі тіршіліктің қыр-сыры туралы әңгімелеп, қазақтың салт-дәстүрін паш етті. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрермендерге ұсынып, қазақтың ұлттық әндері мен билерін орындады. Сонымен қатар, көрермендер назарына түрлі мәдени бағдарламалар, ұлттық ойындар мен қойылымдар ұсынылды. Шара барысында аудан тұрғындары ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын таныстырып, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеді.

«Көш керуені» — қазақ халқының мәдәниетін, салт-дәстүрін, насихаттайтын ерекше шара. Сарыөзек ауылындағы өткен бұл мерекелік көш барша қауымға тарих пен дәстүрдің сабақтастығын сезінуге мүмкіндік берді. Бұл іс-шара аудан тұрғындары мен қонақтарына нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлап, ел арасында бірлік пен ынтымақты нығайтты. Осындай шаралар халқымыздың рухани жаңғыруына серпін беріп, ұлттық дәстүрдің ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына ықпал етеді. Көш жалғаса береді, дәстүр жаңғыра береді!

Бауыржан ҚАСЫМХАН,

ЖУ—дің студенті

 

 

Қатысты жаңалықтар

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.