Талдықорған: +42°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ

23.12.2019
КҮЛТӨБЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алдағы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті медициналық сақтандыру қорына әрбір жұмысшы үшін ай сайын 3 пайыз көлемінде жарна түсіп тұруы тиіс. Аталмыш 3 пайыздың 2 пайызын жұмыс беруші төлейді. Ал 1 пайызы жұмысшының еңбекақысынан ұсталады. Жаңа үлгінің  артықшылығы, әр азаматтың еңбекақысының мөлшеріне қарамай, медициналық көмек барлығына бірдей  көрсетіледі. Осы орайда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Нұрлан ОТАРҒАЛИЕВПЕН сұхбат жүргізген едік. Екеуара әңгімеде сақтандыру жайлы мағлұматты толығымен беруге тырыстық. Оқып, жаңа жүйенің қыр-сырымен таныса отырыңыздар.


Биыл 1қыркүйектен бастап Қарағанды облысы бойынша тегін медициналық көмек көрсету (ТМКК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерін іске асыру бойынша сынақ жоба жүзеге асырылды. Жұмыстың негізінде біздің облыста да әлеуметтік сала бойынша өзгеріс, жаңалықтар енгізілді. Алғашқы іс-шаралардың қорытындысы бойынша біраз тұжырым нақтыланды. Атап айтар болсақ, сынамалы жоба негізінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Жаңа жүйе бойынша медициналық қызмет көрсетуді есепті бақылаудың автоматтандырылған жүйесі жүзеге асырылды. Сондай-ақ, МӘМС жүйесіне тұрғындарды тіркеу бойынша жұмыс қызу жүргізілді.

Медициналық мекемелермен жұмыс үрдістерін оңтайландыру және инфрақұрылымдық дайындыққа белсенділік бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қызметтер сандық жүйеге көшірілуде. Көпшілік үшін ұялы телефондарға арналған қосымшалар жүктемесі дайындалуда. Сонымен қатар, халықты ақпараттандыру жұмысы жүргізілуде. Жұмыс берушілер, яғни мемлекеттік және жекеменшік салаларда жұмыс істеп жатқан тұлғалармен кездесу өткізілуде. Медициналық сақтандырудың жаңа үлгілері туралы халықты барынша хабарландырудамыз. Әрине, бұл жұмыс алдағы уақытта да үзіліссіз атқарылады. Қазіргі таңдағы негізгі шаруамыз халықты сақтандырудың қыр-сыры бойынша толық ақпараттандыру. Келесі жылдан бастап, жаңа үлгі іске қосылатындықтан, әрбір азамат жүйе жұмысын толық білуі тиіс. 

– Нұрлан Таңжарықұлы, сырқаттар медициналық мекемеге тіркелмеген жағдайда қандай қиындық туындауы мүмкін?
– Тұрғын медициналық мекемеге тіркелмесе, ТМКК пакеті бойынша медициналық көмекті шұғыл дәрігерлік көмек қажет болғанда ғана пайдаланады. Ал, жоспарлы медициналық-санитарлық көмекті біздің қормен келісімшарт жасасқан жағдайда ғана алуға мүмкіндігі бар. Еш мекемеге тіркелмеген адам МӘМС пакеті бойынша медициналық көмекке жүгіне алмайды. Сондықтан, әр адам жергілікті мекенжай бойынша медициналық мекемеге тіркеліп, айлық жарналарының үзіліссіз түсіп отыруын қадағалауы тиіс. Мысалы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті медициналық сақтандыру қорына әрбір жұмысшы үшін ай сайын 3 пайыз көлемінде жарна түседі. Осы 3 пайыздың 2 пайызын жұмыс беруші төлейді де, ал 1 пайызы жұмысшының еңбекақысынан ұсталады. Жаңа үлгінің бірден-бір артықшылығы, медициналық көмек барлық адамға бірдей көрсетіледі. 

– Тұрғындарды медициналық мекемелерге тіркеу бойынша біраз қиындықтар туындағанын естіп, біліп жатырмыз. Көп адамның өзі бір жақта болғанымен жергілікті тіркеуі басқа қалаларда. Мұндай жағдай шешімін қалай табуда?
– Медициналық мекемеге халықтың тіркелуі екі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі, медициналық мекемеге келіп, бас дәрігер атына өтініш жазу. Бірақ медициналық мекемеге тіркелмей тұрып, аталмыш медициналық мекеменің біздің қормен келісімшарты бар-жоғын анықтап алу керек. Егер келісімшарт болмаса, онда МӘМС пакеті бойынша бұл азаматқа көмек көрсетілмейді. Екіншіден, электронды мемлекет портал арқылы, жеке электронды сандық қолтаңбаңызды қолдана отырып, таңдаған медициналық мекемеге тіркеле аласыз. 

– Бүгінге дейін қанша мекемемен келісімшарт жасадыңыздар?
– Облыс бойынша 80 медициналық мекеме біздің қормен келісімшартқа отырды. Олардың 45-і мемлекеттік, ал 35-і жекеменшік. Алдағы уақытта 131 медициналық мекемені жаңа жүйемен қамту жоспарлануда. Оның 56-сы мемлекеттік, 75-і жекеменшік. 

– Нұрлан Таңжарықұлы, облыс көлеміндегі жекеменшік медициналық мекемелер сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс жүргізуге дайын ба?
– Облыс бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен 35 мемлекеттік мекемеме келісімшартқа отырған. Тізімдегі барлық мекеме міндетті сертификациялау жұмысын жүргізіп, стандартқа сай қызмет көрсетуге дайын. Мекемелердің қызметкерлері кәсіби деңгейлерін шыңдауда. Айта кететін жайт, жекеменшік мекемелер мемлекеттік мекемелерге медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік жүргізуге дайын. Осының арқасында халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасы жоғарылайды. 

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істеу үшін мекемелер мен дәрігерлерге қандай жауапкершілік жүктеледі?
– Медициналық мекемелер мен дәрігерлерге жүктелетін жауапкершілік әрдайым жоғары. Медициналық мекеме әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгендіктен қосымша міндеттер жүктеледі. Мұның себебі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызмет көрсету тізіміне тегін медициналық көмекке кірмейтін қызметтер қосылады. Сондықтан, мекемелер мен дәрігерлерге қосымша жауапкершілік түседі. Біздің қормен келісімшартта тұрған мекемелердің барлығы өзінің жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды. Келісімшартқа отырған мекемелер әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында халыққа сапалы және уақытылы көмек көрсетуге дайын. 

– Жаңа жүйенің тұрғындар үшін артықшылықтарына тоқталсаңыз? Ем алушылар нені ескеруі тиіс?
– Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әр адам табысына қарамастан, медициналық көмектің барлық түрін пайдалана алады. Оның ішінде, жоспарлы стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамту, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері, оңалту, диагностикалық-кеңестік көмек, медбике күтімі мен паллиативтік көмек те бар.

– ТМКК-нің (тегін медициналық көмек көрсету) жаңа моделі мен МӘМС арасында қандай айырмашылық бар? 
– Екі модельдің арасында негізгі айырмашылық, ол ТМКК-нің жаңа моделіне барлық азамат, оралман, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтары мен азамттығы жоқ тұлғалар кіреді. Ал МӘМС пакеті сақтандырылған тұлғалар үшін ғана. Енді әр пакет бойынша жеке тоқталып өтсек: 
ТМКК-ға кіретін медициналық көмек түрлері – «Жедел жәрдем» және санитарлық авиация, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл және жоспарлы стационарды алмастыратын және стационарлық көмек (ҚР ДСМ бекіткен тізім бойынша), паллиативті көмек, әлеуметік маңызды, созылмалы аурулар мен дәрілік қамтамасыздандыру (онкология, туберкулез, 25 негізгі созылмалы аурулар) бойынша толық медициналық көмек көрсетіледі. МӘМС пакетіне енген көмек түрлеріне консультативтік дәрігерлік көмек, ТМКК пакетінен тыс ауруларды амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, ТМКК пакетінен тыс аурулар кезінде стационарды алмастыратын көмек, ТМКК пакетінен тыс аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмек, ДСМ бекіткен тізім бойынша ересектер мен балаларға арналған медициналық оңалту шаралары тағайындалады.

– Бүгінгі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қанша жарна түсті? 
– 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 29 қарашасы аралығында облыс бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен аударымдар мен жарналардың жалпы көлемі 11,2 млрд. теңгеден аса қаржы түсті. 
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен қаражат, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады. Жиналған қаржы болашақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек түрлеріне жұмсалады. Әр тиын есептелетін болады. Қаржының жұмсалуы арнайы жауапты тұлғалардың қадағалауында болады. 
Біздің негізгі міндет – халыққа қалтқысыз қызмет ету.

– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлжан ТҰРСЫН 

Қатысты жаңалықтар

Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026
Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.