Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

НАЙЗАҒАЙ НАМЫС

15.12.2022
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Әрбір ұлттың қанмен жазылған тарихы болатынын ғасырлар бойы қалыптасқан өркениет өрісі көрсетіп отыр. Адамзатқа тән құбылыстан Қазақ елі де сырт қалмай келеді. Отты қару шыққалы қуғын-сүргіннің неше атасын көрген Алаш баласы қанқұйлы замандардан аман шығып, Жаратқанның жебеуімен Тәуелсіздікке қол жеткізді.


Өткен ғасырға тоқталсақ, кеңестік идеология салған лаңның зардабы орасан болыпты. Талай жан сұраусыз атылып, аштықтан үзілді. Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған 1,5 миллион адамның 650 мыңы майдан даласынан оралмай, әйел, бала-шағасын, туған-туысы мен жақын-жуығын зар еңіретіп кетті. Одан кейін социалистік жарысқа белсене қатысқан еліміз Дінмұхамед Қонаевты Коммунистік партияның нұсқауымен орнынан алуына қарсылық танытқан жастардың толқуына куә болды. Сол тұста ашық айтылмаса да, әрбір үйде еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жан қиған ерлердің есімі еске алынғаны белгілі. Бозбала күнімізге дөп келген сол күндердің дүмпуі көкейімізде жатталып қалғанын қалайша жасырайық?!

Мектеп бітірген соң бала күнімнен армандаған журналист болу үшін ҚазМУ-ге жол тарттық. Дайындығым дөп келіп, емтиханнан жақсы нәтиже көрсетіппін. Осылайша жолымыз болып, студенттік өмірдің қызығы мен сынағына араласып кете бардық. Міне, сол кезде ғана Желтоқсан туралы нақты мәліметтерге қанығып, ол көтеріліс кеңестік идеология айтқандай емес екеніне көз жеткіздік. Себебі, дәл 1988 жылы оқуға түскен біз екі жыл бұрынғы газет-журналдардан оқиғаны мүлде басқа сипатта оқып, білген едік. Сонда жастардың бәрі нашақор, арақкеш екені жаппай жазылған.

Оқуымызға байланысты шағын хабар-ошар жазып, республикалық газет-журналдарға мақаламыз шыға бастады. Бір күні «Алматы ақшамы» газетінде жұмыс істейтін Құттыбек Аймахан деген жігітпен танысып қалдым. Жөн сұрасып, аз-кем әңгімелескен соң Желтоқсан көтерілісі кезінде ұсталып, 5 жылға сотталғанын білдім. Осылайша қанды оқиғаның қақ ортасына жетпей қолға түсіп, әлдебір жала жабушылардың көрсетуімен 5 жылдан астам уақытын айдауда өткізген жігіттің өмір жолы қызықтырды. Оның үстіне дәл сол тұстағы жастар КСРО құрамындағы кезең мен Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жаңа қалыптаса бастаған тұстағы тіршілікке куә болды. Өтпелі кезеңнің қиындығы мен ауыртпалығы оларға ауыр тиді. Мемлекет қайта құру жолына қадам басқанымен социалистік дәуірден капитализмге өтіп кету адам санасына әсер еткені жасырын емес. Бұл, әсіресе, ұзақ жыл бойы әспеттелген кеңестік қанішер саясаттың шынайы бет-бейнесінің әшкере болғанын қаламағандарға ауыр тиді. Осынау оқиғалардың бәрі жинақтала келе үлкен еңбек жазуға итермеледі. Сөйтіп, 2000 жылы «Қараөзек» деген роман жаздым.

Жалпы, қазір Желтоқсанға нақты атау беру шешілмей тұр. Біреулер оқиға десе, екіншілер толқу дейді. Расында оны көтеріліске жатқызуға болады. Жастардың кеңестік геноцидке қарсы қарусыз көтерілуі болатын. Оған қатысушылардың ішінен 100-ден астам адам сотталып, мыңнан астамы жұмыстан қуылды. Алаңда сапер күрегінен қаза тапқан 200-ден астам жастың кейбірінің сүйегі қайда қалғаны белгісіз. КСРО-ның соңғы озбырлығы олардың дерегін де шығармауға күш салды. Соның кесірінен әлі ештеңе айтылмайды. Адамдар жан қиғанын, қарсылық ашық айтылғанын ескерсек, Желтоқсанды көтеріліс деп атауға толық негіз бар. Ал жастардың қарусыз болуы мемлекеттік жүйенің нәтижесі.

Михайл Горбачевтің 1985 жылы жариялаған қайта құру дәуірі көп нәрсенің бетін ашты. Содан шыққан жариялылық қазақ жастарының ынта- ықыласын оятты. Сондықтан «КСРО-ның құлауына Желтоқсанның тікелей әсері болды» деген пікірмен келісуге болатынын айтқым келеді. Себебі, 60-шы, 70-ші жылдардағы қазақ әдебиетіндегі айтулы шығармаларды оқып өскен жастардың бойында азаттыққа, тәуелсіздікке деген аңсар, арман қалыптасқаны анық. Өйткені, ол кезде қазіргідей ақпарат алатын құралдар көп емес. Елдің бәрі көркем әдебиетті жаппай оқитын. Сол тұста шалғайдағы қыстауда отырған малшының қонышында әдеби журналдар жүретін. Осылайша халықтың санасында еліміздің өз алдына дербес мемлекет болуын аңсаудың, қалаудың дәнегі, міне, осы кезде салынған секілді. Оны салған әдеби шығармалар еді. Ендеше, КСРО атты алпауыт мемлекеттің құлап, әр ел өз алдына жеке мемлекет болуына қазақ әдебиеті үлес қосты деп нық сеніммен айта аламыз. Ал Желтоқсан көтерілісі сол кезеңнің ажырамас бөлшегі, баспалдағы. 

Бұны біз қазіргі күннің биігінен бағалап, өз ойымызды айтып жатырмыз. Ол кезде бұлай ойлаудың өзі мүмкін емес. Негізі көп нәрсенің бағасы уақыт өткен соң берілетіні рас. Оның дәлелін қазір көріп отырмыз.

Қазіргі жастарды біздің бозбала шағымызбен салыстырар болсақ, бүгінгінің талабы, тілегі, ниеті басқа екенін байқау қиын емес. Бүгінгі ұлдар мен қыздардың бойындағы ұлттық намыс, патриотизм ерекше. Олар, тіпті, бізге қарағанда айтар ойын ашық жеткізіп, мақсат-мұратқа барар жолда батыл қимылдайды. Өжеттігі бізден бірнеше есе жоғары. Бұның басты себебі – олардың бодандықты білмеуінде. Көзін ашып көргені мен ес білгелі естігені Қазақстан Республикасының жақсылы-жаманды жетістігі, қызылды-жасылды жаңалығы. Сондықтан оларда басқа Отан жоқ. Қажетті мәліметті интернет атты ақпарат жинақтаушы қордан алып, керегін ғана оқыған жастардың саралауы, салмақтауы, баға беруі тіптен бөлек. Шынында әлемге ашылған терезеден қалаған мәліметіңді алғанның пайдасын өзіміз де көріп жүрміз. Дегенмен, осындай мүмкіндігі басым қазіргі ұрпақтың жұлдызы биік боларына сенім мол.
Неше түрлі зобалаңды басынан өткерген халқымыз енді жамандық көрмесін, бармағы тістеуде кетпесін, жастары жалындап тұрсын, ырыс-құт, бақ-береке кетпесін!

Нұржан Қуантайұлы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар жартылай финалда

Қазақстандық спортшылар жартылай финалда

28.07.2026
Қазақстандықтардың қолма-қол ақшаға сұранысы артты

Қазақстандықтардың қолма-қол ақшаға сұранысы артты

28.07.2026
Тарихи сабақтастық

Тарихи сабақтастық

28.07.2026
Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.