Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰНАРЛЫ ТОПЫРАҚ – МОЛ ӨНІМ КЕПІЛІ

06.04.2025
КҮЛТӨБЕ
ҚҰНАРЛЫ ТОПЫРАҚ – МОЛ ӨНІМ КЕПІЛІ

Елімізде жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік институт құрылған болатын. Соған байланысты былтыр Жетісу жерінде де осы институттың филиалы ашылып, жұмыстарын бастады. Аталған мекеменің облыс аумағында 1 жыл ішінде атқарған істері туралы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерді зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Асқар Жолдоғұтовпен сұхбаттасқан едік. Осыған назар аударайық.

– Асқар Абдолда-ұлы, әңгімені өзіңіз басқарып отырған кәсіпорында орындалған жұмыстар мен биылғы жоба-жоспарларыңыздан бастасақ.     

– Жетісу облысы бой- ынша өткен жылға арналған мемлекеттік тапсырмаға сәйкес Алакөл, Қаратал, Ақсу аудандарында барлығы 400 мың гектар топырақты тексеру жоспарланды. Бонитет балын айқындау бойынша 259 мың гектар Ақсу ауданындағы 6 ауылдық округте, Қаратал ауданындағы 3 ауылдық округте өткізілді.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес топырақ карталары, түсіндірме жазбалары бар жер санаттары мен кластарының картограммалары жасалды. Онда ауылшаруашылығы алқаптарының негізгі түрлеріне (егістік, жайылым, шабындық) жарамдылығын ескере отырып, топырақ контурлары графикалық түрде ұсынылды. Жергілікті атқарушы органның топырақта зерттелген аумақтардың жер ресурстарын оңтайлы пайдалану ұсыныстары берілген. Бонитеттер балын анықтау бойынша топырақ бейінінің 5180 сипаттамасы, содан кейін түсіндірме жазбалар мен топырақты бонитирлеу картограммалары жасалды. Онда топырақ жамылғысының мелиоративтік жай-күйін ескеретін бонитет балы бар топырақ контурлары берілген. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейiн  электронды түрде топырақ карталары жасалып, аудандардың жергiлiктi атқарушы және уәкiлеттi органдарына элек-тронды форматта берiлдi. Мемлекеттік тапсырма шеңберінде орындалған жұмыстар электрондық форматта ауданның жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарына, сондай-ақ, Жетісу облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының мұрағатына сақтауға берілді. Барлық жұмыс бекітілген техникалық тапсырмаға, нормативтік құжаттарға сәйкес толық орындалған және техникалық ерекшеліктің талаптарына жауап береді. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін зерттелетін жерлерге сапалы сипаттама берілді, жерді одан әрі тиімді пайдалану бойынша ұсынымдық сипаттағы материалдар әзірленді, жер учаскесінің топырақ деректерінің толық ақпаратын және қандай да бір өңірдің топырақ сапасын бағалауды көруге мүмкіндік беретін сандық форматта электрондық карта жасалды. Облыс бойынша филиал биыл 535 мың гектар алаңда топырақты зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Жұмыстар Алакөл, Сарқан және Кербұлақ аудандарында, оның ішінде жалпы ауданы 334 мың гектар топырақ бонитетін анықтау жүргізіледі.

– Қазір жердің сапалық жағдайы, топырақтың құнарлылығы және жердің тозуынан қорғауға байланысты көптеген мәселе көтерілуде. Ал сіздің кәсіп-орын бұл бағытта қандай жұмыстар атқарып жатыр? 

–   Қазіргі уақытта заңнамалық деңгейде топырақты ұтымды пайдалануға және оларды ластанудан, қоқыстанудан, тозудан, басқа да жағымсыз әсерлерден қорғау бағытында, сондай-ақ, топырақты қорғау технологияларын сақтай отырып, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізуге, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, технологиялық іс-шаралар жүйесі әзірленді. Өткен жылы ҚР Үкіметі «2024-2030 жылдар кезеңіне арналған топырақтың, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі шаралар» Жол картасын бекітті. 

Онда су және жел эрозияларына қарсы іс-шаралар мен топырақты қорғау іс-шараларын өткізуге биыл облыс бойынша 2 мың 650 гектардан жалпы 5 мың 300 гектарға дейін жерлер жоспарланған.

Біздің кәсіпорын осы бағдарламаға белсенді қатысады. Бұл бағдарламаның маңызы зор. Мәселен, шаруашылық, өзге де қызметті жүзеге асыру, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердегі топырақты қорғау, белгілі бір ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру, сондай-ақ  бүлінген, тозған, техногендік ластанған жер учаскелерін пайдалануда атқаратын рөлі ерекше.

– Сіздің кәсіпорын мемлекеттік тапсырмаларды ғана емес, сондай-ақ, шаруашылық жүргізу құқығындағы жұмыстарды да орындайды емес пе?

– ҚР 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 221-VII Заңына сәйкес жер қатынастары саласындағы цифрландыру және топырақ-геоботаникалық зерттеулер саласында мемлекеттік қызметтерді жүргізу өкілеттігі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті жанындағы «Жерді зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға берілді. Жерді зерттеуге байланысты жұмыстар, оның ішінде жерлердің сапасын есепке алу, жерді экономикалық бағалау, жер мониторингін жүргізу, топырақты зерттеу, геоботаникалық және агрохимиялық зерттеулер мемлекеттік монополия саласына жатады. Бұл жұмыстарды облыс аумағында біздің кәсіпорын жүзеге асырады. Енді мемлекеттік мекемелер тікелей шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасай алады. Өйткені «Жерді зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жеткізушілер тізіміне енгізілгендіктен, бір нүктеден алу тәсілімен, қандай да бір конкурстық рәсімдерсіз мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуға құқығы бар. Біз коммерциялық жұмыстар бойынша көлемді ұлғайту үшін аудандық, облыстық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға коммерциялық ұсыныспен сауалдар мен хаттар жолдадық. Онда біздің кәсіпорынның жүргізіп отырған жұмыстары мен ұсынылатын қызмет түрлері және шарттары туралы айтылады.

Осыған байланысты бір мысал келтірейін. Мәселен, былтыр Текелі қаласының әкімдігімен келісімшарт жасалып, онда далалық, камералық жұмыстар сапалы әрі уақытылы орындалды. Өткен жылы біздің кәсіпорын 205 шарт жасасты.

– Жалпы, топырақты зерттеу не үшін қажет?

– Жерге ауқымды топырақтық зерттеп-қарау жүргізу әдістемесіне сәйкес жарамдылық мерзімі өткен материалдар, суарылмайтын жерлер үшін әр 15 жыл сайын, суармалы жерлер үшін 10 жыл сайын түзетілуі тиіс. Зерттелетін аумақтарда топырақтың типтері анықталады және топырақты талдау үшін сынамалар алынады. Талдау нәтижелері бойынша топырақ сапасының жалпы жағдайы оны алдыңғы талдау нәтижелерімен салыстыру арқылы анықталады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде топырақтың жағдайы анықталып, сапалық сипаттамасы беріледі. Сондай-ақ, жердің құнарсыздануы мен шөлейттенуі, су мен жел эрозиясы, батпақтану, су басу, қайта тұздану, кебу, тапталуы анықталады. Топырақты зерттеу нәтижелеріне сәйкес тозуы анықталған аумақтарды жою бойынша құзыретті органдарға тиісті ұсынымдар беріледі. Бұл ретте зерттеу материалдары жерді рекультивациялау және қалпына келтіру кезінде пайдаланылады. Сонымен бірге ауылшаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру кезiнде жердiң сапалық жай-күйi, ауылшаруашылығы өндiрiсiндегi шығындарды өтеу, жер салығын есептеу, жеке және заңды тұлғаларға бонитет балын анықтау туралы ақпараттар берiледi.

– Цифрландыру мен жер қатынастарын жетілдірудің мемлекеттік бағытын жүзеге асыру туралы айтасаңыз.

– Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша Электрондық топырақ картасы дайындалады. Бұл топырақтың типтері, олардың қасиеттері, орналасқан жері және бонитет балдары туралы ақпаратты қамтитын топырақ картасының цифрлық нұсқасы. Ол далалық зерттеулер мен зертханалық талдаулар нәтижелері бойынша геоақпараттық жүйені өңдеу арқылы құрылады. Электрондық топырақ картасының артықшылықтары оның оңай қолжетімділігінде және оны компьютерде немесе мобильді құрылғыда қарауға болады. Яғни, бұл пайдаланушыларға картаны басып қана топырақ туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Электрондық топырақ карталары әртүрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Мәселен, ауылшаруашылығында ауыспалы егісті жоспарлау, тыңайтқыштарды енгізу, суару, орман шаруашылығында осы учаскеде өсірілуі мүмкін орман түрлерін анықтау, құрылыс жүргізу үшін оңтайлы орындарды таңдау, топырақтың орнықтылығы мен ластануын бағалау, оларды қалпына келтіру жөніндегі шараларды әзірлеу үшін қажет. Электрондық карталарды топырақ деректерін талдау үшін пайдалануға болады. Мысалы, оған топырақтың белгілі бір түрлері бар учаскелерді анықтау немесе топырақтың құнарлылығын бағалау, елді мекендердің шекараларын кеңейту, өзгерту, зауыттарды орналастыруды қарау, басқа да өндіріс түрлері жатады. Бір сөзбен айтқанда, бұл ауыл шаруашылығының сапалы, құнарлы жерінің ең аз шығынымен жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді және белгілі бір аймақтағы тозған жерлерді қадағалап, оны қалпына келтіру бойынша уақытылы әрекет ету мүмкіндігін тудырады. Жоғарыда айтылғанның бәрі жер ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға, егіс алқаптары мен олардың жай-күйін бақылауға бағытталған.

– Біз топырақты зерттеу нәтижелері бойынша жер салығы есептелетінін білеміз. Осы ретте оқырмандарға жер салығы мөлшерлемесінің мөлшері неге байланысты екенін айта аласыз ба?

– Жер салығының ең жоғары мөлшерлемелері суармалы жерлерге, ал суарылмайтын жерлерге ең төмен мөлшерлемелер, табиғи құнарлылықтың ең төменгі деңгейіне ие және климаттық жағдайлар бойынша оларды ауылшаруашылығында пайдалану үшін ең қолайсыз климаттық өңірлерге орналастырылды. Жер салығының ставкалары олардың бонитет балдарына байланысты белгіленеді. Ауылшаруашылығы мақсатындағы бонитет балын және өнеркәсіп жерлерін анықтау есебін біздің  кәсіпорын,  яғни «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалы жүргізеді. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектар есебінен белгіленеді, ол топырақтың сапасы бойынша бонитет балдарына пропорционалды түрде дала және құрғақ дала жерлеріне, ал жартылай шөлді, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтарға бөлінеді. Сондай-ақ, бонитет балдары елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салық салу негізіне алынған.
Бонитет балдарына байланысты жер салығы ставкаларының шамалары ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мен өнеркәсіп жерлері үшін өз мөлшерлері бойынша айтарлықтай ерекшеленетінін атап өткен жөн. Топырақты бағалау – бағалаудың басты өлшемі. Республиканың ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерiне салық салудың негiзi жердi бағалау кезiнде алынған экономикалық көрсеткiштер емес, топырақ бонитетiнiң балдары болды.

– Сұхбатыңызға  рахмет!

Айгүл Байбосынова
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025
43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

14.05.2025
Қазақы қалжың

Қазақы қалжың

14.05.2025
2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.