Талдықорған: +16°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙНАРЫ

22.11.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙНАРЫ

Құндылықтың қайнары, қазақылықтың қаймағы болған ауылды азаматына қарап танитынымыз анық. Бүгінде туған жерді түлетемін деп еңбектеніп жүрген ауыл әкімдерінің денін жергілікті халық өзі сайлап жатыр. Қараша халықтың жүрек қалауымен елді мекен немесе округ тізгінін қолға алған азаматтардың дені қырықтың қырқасына шыққан жандар екен. Мемлекеттік саясатқа қанық, ел бойынша бастау алған, яки жүзеге асып жатқан жобалар мен жоспарлы міндеттерді, бастамаларды білетін сол ауыл әкімдеріне артылар сенім жүгі де салмақты.


Біріншіден, «салмақты» дегенімізбен сол зілмауыр сенім жүгін кей азаматтар абыроймен арқалай алмай жатады. Қарапайым тірлік емген ауылдың қордалы мәселесін шешуге, оның жолын қарастыруға, аудан, облысқа өтініш білдіріп (көмек сұрауға) енжарлық танытпаса да емеурін білдірмейтіндер табылып жатса, ондай әкімнің ел алдындағы сенім жүгі салмақты дей аламыз ба? 

Екіншіден, жанданған өңірмен бірге жасанған ауылды көргенде көңілің тоят табады. Қуанасың. Десе де өзінің жасап жатқан игілікті ісін еліне көрсете алмайтын, күрмеуі көп мәселені шеше білгенімен оны ақпараттық технология дамыған уақытта лайықты түрде көрсете алмайтын, замана үрдісінен қалыс қалған ауыл басшылары бар. Бұл жағынан келгенде белсенділер пайызы біршама төмендеп кетуі мүмкін, өйткені жас та болса жасампаз істі дұрыс жарнамалап, ел алдындағы есебін лайықты бере алмайтын бірлі-жарым әкімдер барын жасыра алмаймыз. Осы тақылеттес дүниелерді тізбелей берсек, екінші деп қайырған ойымыздың жалғасы «оныншы», «жиырмасыншы» болып жалғасып кетуі мүмкін. Десе де әрбір ауыл әкіміне қажетті дүниелер «АMANAT»  партиясының ұйытқы болуымен өткен облыстық ауыл әкімдерінің форумында көтерілді. Ауыл басшыларына Ел Президентінің саясатының қырлары, мемлекеттік жобалар мен жоспарлар тұрғысында толымды ақпарат берілді.

Оқушылар сарайында өткен ауыл әкімдерінің форумы үш кезең бойынша өрбіді. Алғашқы панельдік сессияда Жетісу облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Асхат Әбілмәжінов жеке тұлғалардың салығы бойынша жергілікті бюджетке берешекті өндіріп алу жұмысының нәтижелері туралы баяндап, қажетті кеңес берсе, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев «Ауыл Аманаты» жобасы туралы сөз қозғады. Ал, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ермек Әмірғалиев «Мемлекеттік сатып алуды іске асыру туралы заңнаманы түсіндіру» тақырыбында баяндама жасады.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына орай әкімдерді сайлау жүйесі жаңаша сипат алып, жергілікті халық өз басшысын сайлауға мүмкіндік алды. Жалпы облыста бүгінге дейін 128 әкім сайланса, оның 24 пайызы мемлекеттік салада қызмет істемеген екен. Ал алғаш рет әкім болғандардың үлесі 66 пайызды құраса, 34 пайызы қайта сайланғандар. Осындай дерекпен қанықтыра отырып сөзін жалғаған облыс әкімінің міндетін атқарушы Әлібек Жақанбаев: 
– Мемлекет басшысы: «Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей  өкілі. Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды», – деп, атап өткен болатын. Сондықтан әрбір әкім елмен етене жұмыс істеп, өзіндік бекітілген заң шеңберінен аспай, адамгершілікті алға тартып, жақсылықты жалау етіп жұмыс жасауы тиіс, – дей келе ауыл әкімдеріне қатысты сын-ескертпелерді де атаусыз қалдырмады. Облыстағы ауыл әкімдерінің жұмысы, олардың басқару меншігіндегі жауапкершілігі мен міндетін қайта бір санамалап айтып шыққан Ә. Әскербекұлы әрбір көкейкесті мәселені шешу баршаға ортақ міндет екенін де айырықша айшықтады. Өз кезегінде сөз алған «АMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов толғақты мәселелерді тарқатып, ауыл әкімдерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Пленарлық отырыстан кейін орын алған панельдік сессияда облыстық «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Зәмзәгүл Сламбекова мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Бақыт Злобин сөз алып, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың жаңа қадамдары жөнінде ойларын ортаға салды.

АРДА БИ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.