Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨНЕРДІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

29 наурыз 2025
КҮЛТӨБЕ
ӨНЕРДІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әз Наурыздан кейін іле-шала келер Халықаралық театр күні рухани өмірімізде айшықталар ізгі мерекенің бірі. Тірліктің күнгейі мен көлеңкесін, қалтарыс-бұлтарысы мың сан қабат сүрлеудегі адамдардың бет-бейнесін, жан дүниесін айшықтар ұлы өнерге деген құрмет те осы күні көңілде қауыз жаратындай. Талдықорғандағы театр ұжымы жыл сайынғы дәстүрді биыл да жалғастырды.

Алдымен Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры Ерлік Жуасбек бастаған Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сағындық Жұмаділ мен «Дара» төсбелгісінің иегері Еркебұлан Айдымбаев Б.Құранбек атындағы журналистер үйіне арнайы келіп, сүбелі сұқбат құрған.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихатында театр күні мерекесі сөз болды. Сахна майталмандарының төл мейрамына байланысты ұйымдастырылар шаралар айтылып, алдағы жоспар талқыланды. Жемісі мол жылдың жетістіктері сараланды. Журналистер тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берілді.

Одан кейін театр сахнасында мерекелік шара жалғасын тапты. Өнерін ұлықтаған, құндылығын құнттаған көрермен мен театр әртістері, мәдениет саласының қызметкерлерінің қатысуымен өрнек тапқан шараның әлқиссасы арнайы дайындалған бейнероликті тамашалаумен басталды. Аталмыш театр директорының кеңесшісі, белгілі кино және театр актері Сағындық Жұмаділ жарты ғасырлық тарих еншілеген өнер шаңырағының жүріп өткен жолын баян етті. Ең алғаш театр шымылдығын ашқан актерлер мен режиссерден тартып бүгінгі таңда маңдай терін төгіп келе жатқан тарланбоздарға дейін тебіренісіне арқау етті.

Рухани шараның құттықтау сөзін алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов бекзат өнер туралы толғанып, театр ұжымын төл мерекесімен құттықтады. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембінов, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Төлемісовтердің арнайы жіберген Құттықтау хатын оқыды. Сондай-ақ, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың Алғыс хаттарын Сағындық Жұмәділ, Абай Нұғыман, Әйгерім Бектемірова, Сандуғаш Мұңайтпас, Толғанай Ізтілеулерге табыс етті.  Сонымен бірге облыс әкімінің қолдауымен  жыл сайын өтіп келе жатқан «БИКЕН» Халықаралық театрлар фестивалі биыл да өтетінін, ол шуақты сәттің Талдықорған театрының 50 жылдық мерейтойына арналатынын да атап өтті. 

Өз кезегінде Қазақстан Театрлар ассоциациясының, Театр қайраткерлері Одағының, Жетісу облыстық мәслихатының және басқа да мекемелер мен бірлестіктердің Алғыс хаттары театр қызметкерлеріне табыс етілді. 

Рухани шара театр ұжымы дайындаған мерекелік концертке ұласты. 

АРДА БИ
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.