Талдықорған: +21°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

НҰРМОЛДА АУЫЛЫНДА ӨТКЕН АЛТЫ ЖЫЛ

29.01.2021
КҮЛТӨБЕ
НҰРМОЛДА АУЫЛЫНДА ӨТКЕН АЛТЫ ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның шығысындағы Катонқарағай ауданының кішірек колхозында туып-өстім. Әкем Кітапбай Мажықұлы Әкімбеков жасынан жылқы баққан. Соғыста 3 жарым жыл жүргенінде шешем ұжымшардың мың жылқысына иелік жасап, жаз сауғызып, жая жайғызып, қыс баққызған қажырлы ана еді.
Соғыстан ауыр жараланып, 1944 жылы ауылға оралдым. Аудандық атқару комитетінде 1950 жылға дейін қызмет атқардым. Әкем Берлинді алысып, Америка әскерлерімен кездесіп, 1945 жылдың қаңтар айының аяғында үйге оралды.
Алыстағы ауылда туып-өскендік бар, ата-ананың жылқы құмарлығы бар, туған ауданда қызмет істеп жүріп, шаруашылық сырын меңгердік.


1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін Кеңестер Одағында ауыл шаруашылығын көтеру бағытында үлкен бетбұрыс болды. Одақты басқаруға Н. Хрущёв келді. Тың игеру науқаны басталды, ауылда шаруа жанданды, ауыл еңбекшілерінің тұрмыс-халы жақсара бастады. Сол кезде партия Орталық Комитеті басшы қызметтегі 30 мың коммунисті ұжымшар басқаруға шақырды.

Аудан басшылығында жүрген мен де ұжымшар басқару жұмысына сұрандым. Университет бітірген мұғалима әйелім Нағима Жүнісқызы Рахимова да ауылға жұмысқа баруға қарсы болмады. «Өзіңе ауыр болмаса болды, мен колхозшылардың балаларын оқыта беремін», – деді ол.
 Маған Катонқарағай ауданымен іргелес Үлкен Нарын ауданындағы  Новоберёзовка МТС-і маңындағы шағындау жеті ұжымшарды біріктірген Ленин атындағы ұжымшарды басқару бақыты бұйырды. Іріленген ұжымшарды басқару қиын да болса қолдан келетіндей жұмыс болды.

 1958 жылы МТС сатып алдық. Егіннің өнімі өсті, мал көбейді, колхозшылардың еңбектерінің төлемі артты. Колхоз жағдайы осылайша жақсара бастады. Ұжымшардың егіс даласынан алған өнімі 1960 жылы аудан, облыс бойынша І орынға шықса керек. Мәскеуде партия Орталық Комитетінің ауылшаруашылығын ары қарай ілгерілету міндеттерін қарайтын кеңейтілген Пленумы шақырылған екен (1961 жылдың қаңтар айы еді). Оған қатысқан 7 мыңнан астам өкілдің қатарында мен де болдым. 

Жарыссөз басталды. Екі-үш ұжымшар басқармасының төрағалары сөз сөйледі. Маған олардың біздің ұжымшардан артып кеткен нәтиже, көрсеткіштері жоқ сияқты көрінді. Үзіліс кезінде Димаш Ахметұлына жақындап келіп, Пленумде сөз сөйлегім келетінін айтып едім, «Н. С. Хрущёвтің атына записка жазып берсең, сөз тиер», – деп жылы жауап беріп, ақылын айтты. 

 Түскі асқа арналған ұзақтау үзілісте Никита Сергеевичтен сөз сұрап, «отызмыңдық» екенімді, ұжымшар басқаруға партияның шақыруы бойынша келгеніме алты жылдай мерзім болғанын, Ұлы Отан соғысының мүгедегі екенімді көрсетіп, Президиумге жазған қағазымды бергемін.

 Кезекті мәжілісті РСФСР Совминінің Төрағасы, Президиум мүшесі    Д. С. Полянский басқарып, сөзді Башкирия обкомының бірінші хатшысы Зия Нуриев деген азаматқа берді де, келесі сөз Шығыс Қазақстан облысынан Кітапбаевқа беріледі дегені.

«Менің тосыннан сөйлегеніме кім қалай қарар екен?» деп толқыдым. Бірақ, болары болды, өзім тілендім, менің сөйлейтінімді Президиум хабарлап жіберді.
Н. С. Хрущёв бір аяғым жоқ болса да мінберге таяқсыз шыққанымды байқаған екен. Мен мінбеге шығып сөйлеп тұрғанымда да, орныма келіп отырғанымда да қошеметтеп қол шапалақтапты. Отыздан жаңа асқан, қырыққа жетпеген мен де шаттанған болуым керек. 

Үзілісте кеудесінде екі «Алтын жұлдызы» бар, Жоғарғы Кеңестің депутаты значогін таққан жылы жүзді қазақ азаматы келіп мені құшақтады. Бұрын көрмесем де Нұрмолда аға екенін бірден таныдым. Соғысқа қатысқан, менің әкеммен құрдас екенін бұрыннан білетінмін. Туған інісіндей, баласындай бауырына басты. Ешқандай қызғану дегенді білмейтін кеңпейіл, ақжүрек аға екенін сезіндім. 

Өзінің туған ауылы Шұбарда бригадир болған, Ұлы Отан соғысына алғашқы күнінен бастап қатысқан Нұрекең орысша таза сөйлейтін. Неге екенін кім білсін, Н. Хрущёвке бірден ұнай қалмаса керек. Сол тұста республиканы басқаруға келген Исмаил Юсупов пен облыстың кейбір басшылары Нұрекеңдей қазақтың құт-береке азаматын көреалмаушылықпен «Қонаев пен Тәшеновтің қолдауындағы колхоз бастығы» дегенді айтып қалғандары анық екен. Соған орай ауылдағы кейбір ағайындары да үстінен шағым жазған болса керек.

 Нұрекеңді «сауаты аз, орысша жетік сөйлей алмайды» деген айыппен 60-жылдардың басында жұмыстан босатқанын естіп, білдік. Орнына ғылым кандидаты, мамандығы агроном Қасым Асанов деген азаматты сайлатыпты. Әйтсе де колхозшылар да, Атырау елінен шыққан Асанов та Нұрекеңе зор ізет, сыйластық білдіріп жүріпті. Қ. Асанов та Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, Нұрекең салған ізбен ұжымшарды жақсы басқарғаны белгілі. 

 Ғалым Қасым 1969 жылы Мәскеуге докторантураға баруға сұранып, колхозшыларға хош айтып кеткені де белгілі. Одан кейін колхозды агроном Төлеген Ахшанов 3-4 жылдай басқарыпты. Талдықорған обкомына бірінші хатшы болып Әріпбай Алыбаев келгеннен кейін Төлеген обкомға қызметке жоғарылап, Киров аудандық партия комитетіне бірінші хатшы лауазымына сайланғаны белгілі.

«Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді» дегендей, осы Әрекеңнің тұсында Нұрмолданың қасиетті ауылындағы ұжымшарды басқаруға дәм тартып, жауапкершілігімді сезініп келгенмін. Іске сәт болғандай, бұл орайда Талдықорған облысының Панфилов ауданындағы «Октябрь» ұжымшарының төрағасы Николай Никитич Головацкий маған көп қолдау көрсетті. Жүгері тұқымынан жем қорынан 1-2 жылдай болыстық жасады. Мал азығының берік қорын жасап, мал басы да, өнімі мен төлі де өсіп, Нұрекең аулындағы колхоз өркендеп кетті.

Ауыспалы егіс тәртібі мен келгенде біршама бұзылған екен, оны реттеуге тура келді. Ұжымшардың 3200 гектар суармалы жерінің 800 гектарына кесте бойынша жоңышқа егілуі керек, болмаса жер құнары бұзылады. 

Қырғызстанда, егістік жерлерінің аздығынан да болар, агротехника жоғары дамыған екен. 5-6 жылда 10-12 дүркін барып, облыстық ауылшаруашылық стансысының бастығы мен мамандарынан озық агротехниканы үйреніп, ұжымшарға пайдалануға тура келді.

Сөз арасында мынандай жайлар еске түседі… Бастықтардың алдында хатшы-көмекші болып көбінесе жас қыздар, сұлу келіншектер қызмет атқарады ғой. Нұрмолда марқұмның хатшысы Сайлыбаев деген өз аулының азаматы екен. Ол менімен бірге де бес жарым жыл қызметтес болды. 

Көпті көрген, өсек-аяңда жұмысы жоқ хатшымен кейде әңгімелесіп қаламыз. Нұрекең туралы да сыр шертіп қояды, батылдығын, қайырымдылығын, сенгіштігін айтады. 

Нұрмолданың КСРО Жоғарғы Кеңесіне де, республикалық Жоғарғы Кеңеске де депутат болып сайланғаны белгілі. Социалистік Еңбек Ері атағын екі дүркін алса да Нұрекең кеудесін көтермеді, қарапайым қалпынан айныған жоқ. Серіктеріне сенетін. Соған орай хатшысының мына бір әңгімесі есімде қалыпты. «Орнынан босап, ауылда жүргенінде Нұрекең: «Қараталдың сол жағындағы орыс пен қазақ таласа қоныстанған кездегі ауылдың орны Шұбар бұталы жер еді. Бұта да құнарлы жерге шығатын көрінеді. Ауыл содан Шұбар атанған. Осы Шұбарда жалшы, сушы, бригадир болдым. Осыннан әскерге кетіп, соғысқа бардым. Шұбар – туған жерім. Туысқан, ағайындарым да осында, соның бірі сенсің. Ауылыма, халқыма ризамын, өкпем жоқ. Бірақ, «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деген, осындағы мен сенген туыс-азаматтардың ішіндегі кейбіреулері қойныма салып, мойныма орап жүрген шұбар жылан, қара мысық, қарақасқа бұқаша, қарашұбар құрт болып шығып, өзімді шағып, сүзді емес пе?!», – деп күйінген болатын. Нұрекенің осы сыры, басеке, сізге ғана, аузымнан шығып отыр», – деп еді хатшысы.

«Әке көрген оқ жонады, шеше көрген тон пішеді» деген де бар ғой қазағымызда. Нұрекеңнің Шұбардағы колхозында осылайша 6 жылға таяу еңбектенгенім бар.

Аруағыңнан айналайын Нұрекең Шұбардан кейін көрші Карл Маркс атындағы жүдеу ұжымшарды басқарып, оны көтеру  қолынан келетінін көрсетті. Алпыс жасында жазылмайтын ауыр науқасқа шалдығып, қайтыс болды. 

Нұрекеңді қос ұжымшардағы дос-жарандары, туған-туысқаны, Жетісудағы ағайындары жиналып, қаладан Алматыға шығар үлкен жолдың сол жақ шетіне жерлепті. Сол жерде қазақтың біртуар азаматы, қайраткер ағаның мүсіні тұр!

1978 жылы Орталық Комитетке барып, еліме, жеріме қайтқым келетінін айтып, Димаш Ахметұлынан сұрандым. Соғыс мүгедегі ретінде 55 жастан асып, зейнетке шығатын жасқа жеткенімді айттым.

«Ұрыспай айырылған, ұялмай көріседі» дегендей, менің бұрынғы орнымда 6 жылдай колхоз басқарған бас агроном жігіт басқа ауданға жоғарылап кетті де, мені колхозшылар жылы қарсы алды. 

Қайта айналған 12 жылда Ленин атындағы ұжымшардың 4500 гектар жеріне су шығартып, суармалы еттік. Оның 1500 гектарына жоңышқа ектік. Өр Алтайда суарылған жоңышқаның әр гектарынан екі шабыста 50-60 центнер шөп алынатыны белгілі. Жүгері, соя, рапс дақылдары да суармалы жерде өнімді мол береді.

Михаил Горбачевтің тұсында облыс басқаруға осал бастықтар да келе бастады. Текелі қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, одан кейін Талдықорғанда обкомның екінші хатшысы болған, Орталық комитет бөлімін басқарысқан А. В. Милкин жоғарылап, Шығыс Қазақстан обкомына бірінші хатшы болып келді. Жерлестігім бар деп мен қуанып қалдым.

Шыдамсыздық жасап, облыстық жиын, конференцияларда сын айтқыштығым болған. Халқының 60%-тен астамы жергілікті халық өкілдері, отыз жылдай қазақ азаматтары басқарған алыстағы ауданға бірінші хатшы етіп фамилиясы қазақ болғанымен аты Иван, өзі бірауыз қазақша сөз білмейтін бірінші хатшыны әкелген обкомның бірінші хатшысына: «Бұ қалай?» дегенім де болған. 

«Ризалығыңды білдірмедің» деп ренжіген, менің Талдықорғанда алты жыл Нұрекеңнің ұжымшарын басқарғанымды білетін А. В. Милкин Талдықорған обкомының хатшысы, ескі танысы Әзтай Ерсалиевке телефон соғып: «Кітапбаевтың Шұбардағы колхозды қалай басқарғаны туралы мінездеме жіберші», – деп өтінеді. Әзекең: «Жарайды» деп аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Асылмұрат Тұрғанбековке тапсырма берсе керек. 

Мен ХХІІ партсъезд атындағы колхозда қызмет істеген алты жылға таяу уақытымның бес жылында Асылмұрат ауданның ауылшаруашылық басқармасын басқарған болатын. Маған мінездеме сұраған 1985 жылы  А. Тұрғанбеков Талдықорған ауданында бірінші хатшы екен.

Аз күннен кейін аудандық партия комитеті бюросының мәжілісінде қаралып, бекіген мінездеме обком хатшысы Ә. Ерсалиев жолдасқа түседі. Әзекең оқып шығып, Өскеменге А. Милкин жолдасқа телефон соғады.

 – Талдықорған аудандық партия комитеті   Б. Кітапбаев жолдасқа мінездеме жіберіпті. Мінездеме бюро мәжілісінде қаралып, бекітілген. Бұл мінездеме бойынша, – дейді Ә. Ерсалиев, –Кітапбаевты сөгуге болмайды, тіпті екінші Алтын жұлдыз медаліне ұсыну керек. 
– Онда ол құжатты жібермей-ақ қой, бірақ, ешкімге мінездемені сұрағанымды айтпашы, – деп Милкин өтініпті. 
1977 жылы орақ науқаны бастала Д. А. Қонаев облысқа келген екен, Шұбарға да тоқтады. Суармалы жерде 800 гектар «Безостая 1» сортты күздік бидай жайқалып тұрған. Димекең сол танаптың жанында тұрып:
 – Кітапбаев, сен мына бидайды бөлектеп орып жіберсең 60-70 центнер бидай алар едің. Бірақ, суармалы жердегі Жетісу жұртшылығы бөлектеп егін орғанға қарсы, егіндікте арық көп деген сылтау айтады, – деді.
 Мен үндемей қалуды ыңғайсыз көріп:
 – Димеке, «Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың» деген ғой. 70-ті білмеймін, осы танаптағы бидайдан 50-55 центнер бидай жинап жүрміз, – дедім.
Жер шаң, күн ыстық. Димекеңді жанындағы нөкерлерімен бақтың ішіне тігілген киіз үйге ертіп келдік. Жанында Алматыдан бірге шыққан екі генерал, көмекшісі, обкомның бірінші хатшысы Ә. Алыбаев пен облисполком төрағасының бірінші орынбасары Ә. Ерсалиев бар. Облисполком председателі Т. М. Курганский демалыста екен. Қонақтар киіз үйдегі дөңгелек үстелдің айналасына жайғасты. 
Мені қатты қолдайтын бірінші хатшы Ә. Алыбаев:
 – Бошай Кітапбаевич, тағамдарыңды, сусындарыңды тездетіңдер. Димаш Ахметовичті Көксу, аржақтағы Киров күтіп отыр, асығыспыз, – деді.
 Тілеуіңді бергір Димаш Ахметұлы үстіндегі костюмін шешіп, орындықтың арқалығына ілді де Әріпбайға қарап:
– Шығыс Қазақстанда жүргенде Бошай мені көп шақырып еді. Бара алмап едім. Бүгін мені қанша ұстаймын десе де еркі. Әреке, асықтырма, – дегені.
Тай сойғанбыз. Шұбат та, қымыз да мол. Сөз арасында:
– Димеке, Әріпбай Алыбаевичті Сіздің алдыңызда мақтау қажет те емес. Орыс халқы көп шығыс жақтағы облыстарда 10 жылдан артық ел басқарып ысылған басшы, керек жерінде киіз қазықты орнымен жерге қағады. Облысты, міне, бес жыл болды, өте жақсы басқарып келеді. Мына Әзтай деген азаматыңыз да кез келген облысты басқаруға дайын жігіт, – дей беріп едім, Димекең сөзімді бөліп:
 – Ерсалиев Әзтай туралы екеуміздің пікіріміз бірдей екен, – деп қалды.
 «Шын жүйрікке жолықсаң, жолда қалмас күй талғап» дегендей, Әзекең Талдықорған облысында бірінші хатшы болған азаматтардың бәрімен де ынтымақтасып жұмыс істеді. Асылмұрат Тұрғанбеков жоғары білімді зоотехник, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, 4-5 жылдай бір ауданда бірге жұмыс істедік. 

 Әзтай мен Асылмұрат інілеріміздің екеуі де қазір Алматыда тұрады. Бірі зейнеткер, бірі қаланың жер мекемесінде қызметте. Кездесіп, сыйласып, хабарласып тұрамыз.

1976 жылы менің КПСС-тің ХХV съезіне делегат болып барғаным жайында «Лениншіл жас» газетіне Ырым Кененбаев пен Қуанышбай Құрманғалиев жазған «Белестен кейін белес» атты көлемді мақала сақталыпты. Аудандық партком хатшысы Асылмұраттың жазған  мінездемесі де басылыпты.

Съезд кезінде «Комсомольская правда» газетінде «Машина, которую ждали век» деген тақырыппен жарияланған мақаладан Украинада қызылша жинайтын комбайн шығаратын зауыт ашылғанын оқып, қуандық. Съезге қатысып отырған обком хатшысы Әріпбай Алыбаевпен ақылдасып, Украина басшысы    В. В. Щербицкийге қызылша жинайтын «РКС-6» маркалы екі комбайн сатуға рұқсат етуін сұрап, хат бердім. Сөйтіп, бізге 1976 жылғы тамыз айының басында орталықтан екі комбайн келді. Нұрмолданың ауылында осылайша үлкен той болды. 

Осы екі комбайн қызылша өсірушілердің жұмысын екі-үш есе жеңілдетті. «Союзсельхозтехника» бірлестігі мұндай комбайнды одан кейін Талдықорған облысына да, Қазақстанға да жібермепті.

Нұрмолда ағаның Шұбарда өзі салғызып, соңғы жылдары тұрған еңселі әсем үйі қазір музейге айналған. Онда Нұрекеңнің суреті ілулі тұр. Оның жанында өзінен кейін колхоз басқарған Социалистік Еңбек Ері академик Қасым Асанов, жерлес, ағайындас Төлеген Ахшанов, мен – Бошай Кітапбаев, Социалистік Еңбек Ері атағын Шығыс Қазақстаннан алып келген, көп жылдар колхозды басқарған Нұрекеңнің жерлесі, агроном Көшкімбай Жанатов тұр.

Шұбар – қазір Н. Алдабергеновтің атында, 20 батырдың ауылы аталады. Өте әдемі, келісті ат. Мен келген кезде Нұрмолданың ауылында 18 батыр болған еді. 
Ауыл орталығындағы Мәдениет сарайының, Нұрекең салдырған әдемі кеңсе мен қонақүйдің алдындағы бау-бақшаға Еңбек Ері атағын екі мәрте алған Нұрмолда Алдабергеновке қойылған бюст көрік беріп тұр.

1976 жылы Алматыдағы, облыстағы басшылармен келісіп, Нұрекеңнің бюстінің жан-жағына өзінің батыр серіктестерінің қола бюстерін қоюды ұйғардық. Оған едәуір қаржы керек болды. Сол кезде көздері тірі Нұрекеңнің 9-10 батырын жинап, Алматыға Кәкімжан Наурызбаевтың үйіне автобуспен апардық. Жанындағы Жапай ақсақалдың үйіне қондырып, мүсіндерін жасатуға ұйытқы болдық. Кәкімжан аға оны Ленинградта құйғызып, 1978 жылдың қыркүйек айында Шұбарға 19 қола мүсінді әкеліп орнаттық. 

Мен сол жылдың аяғында еліме, бұрын он сегіз жыл басқарған ұжымшарыма қайтып кеттім. Орныма Сарқан ауданында кеңшар директоры болып қызмет атқарып жүрген Көшкімбай Жанатов сайланыпты. 

«Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем» дегендей, алты жылға таяу еңбектенген атақты ауыл Шұбарға Алматыдан Шығысқа қайтып келе жатқанда әдейілеп бұрылдым. Кеңсенің алдында 19 батырдың біреуінің баласы бас агроном Мүсәпіров Төлеген тұр екен. Өте жылы амандастық.

–  Нұрекеңнің жанындағы 19 ердің мүсінін де көре кетейінші, – деп едім, Төлеген: – Аға, Сіздің мүсініңіз ол қатарда жоқ. Сіздің мүсініңіз Мәдениет үйінің қоймасында, – деді ыңғайсызданып.

– Өзім соғыста жараланып, аяқтан айырылып та өлгенім жоқ. Ренжімеймін! – деп кетіп қалдым да Көшкімбайға, обком хатшысы Ерсалиевке телефон соғып, мүсінімді өзіме бергізуін сұрадым. Қайта айналып, Шұбарға екінші барғанымда іні-дос Жаңабек, тағы 1-2 жас жігіт мүсінімді таза матаға орап, машинаға тиеп берді. Ол мүсін Алтайда көтерілген ескерткіштердің арасынан орын тапты.

Заман өзгерді, ауыспалы дәуір болды. «Заманның толқынына жігіт көнер» дегендей, ауыспалы заманда өкініш-өкпе аз болуға тиіс. Өзіме өзім болмаса, ешкімге өкпе, реніш айта алмаймын. 

Еңбегімді, ардагерлігімді, беделімді салып, заң бұзғанымды қазір мойындаймын. Кеңестер Одағы кезінде қоладан мүсін екі мәрте Еңбек Ері атағын алғандарға ғана қойылатын. 

 Жақында Шұбарға – ауылға кірер көк қақпаға жазылған  «Н. Алдабергенов атындағы 20 батырдың ауылы» деген жазуды оқып төбем көкке жеткендей болды. Музейде болдық. Директоры атақты қызылшашы қыз Шайбаланың шайын іштік. Музейді әдемі ұстап отыр екен.

Нұрмолда – ұлт мақтанышы, ұлы тұлға! Нұрекеңнің Шұбарын, 20 батырдың ауылы атанған Жетісудың мақтанышын жүдетпей ұстау жайын бүгінгі ұрпақ ойланса ұтады. Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз.

Бошай Кітапбаев, 
Ұлы Отан соғысының ардагері,
Еңбек Ері, экономика 
ғылымдарының кандидаты

Қатысты жаңалықтар

Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026
Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.