Талдықорған: +31°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ПОЭЗИЯ ЖҮРЕК КҮЙІ

10.03.2021
КҮЛТӨБЕ
ПОЭЗИЯ ЖҮРЕК КҮЙІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақын туралы айтқанда алдымен жүрек деген сөз бірден ауызға түседі. Поэзия – жүрек күйі. Бізге сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қиялдас, армандас һәм ниеттес курстастарына қарлығаштың қанатымен су сепкендей поэзия құдіреті хақында жанын сала, таңды-таңға ұрып, толғана сыр шертетін Батық Мәжитұлы болатын. 


Жасымыздың үлкен-кішілігін, бойымыздың ұзын-қысқалығын бұйым көрмей, елу бозбала-бойжеткен құлын-тайдай тебісіп жүрген шағымыз. Бәкең бипаздап отырып сөйлей бастағаннан-ақ  тайлы-таяғымызбен айналасына үймелей, сілтідей тына құлақ түреміз. Аурасының мықтылығы емес пе, әр сөзді нығырлап, әсіресе, жырды әр буын, әр бунағын бұлым-бұлымымен иін қандыра айтқанда, аузынан қара сөз бен өлең таспаның жұмыр өріміндей  өз өрнегімен шығып жатады. Әңгіме арасында алдымен қалжыңдап, миығынан күлдіріп алатын  да, сәлден соң  елжірететін. Елжіретіп отырып, мұңайтатын. Мұңайтып отыртып, тағы бір серпілтіп алып, қайта тыңайтатын. Өлеңді бейнебір гүлге теңеп, оның тамырын, сабағын, жапырағын, ақыры бүршік атып гүлдей жайнаған сәтіне дейін жүйе-жүйесімен, талдап-талғап беретін. 
– Қазақ  сағыныштан  жаралған  халық. Сол сағынышқа Төлеген Айбергенов  өлмес жырымен  ескерткіш  орнатып кетті, – деді де тамағын бір қырнап алып, «Сағынышты» айта жөнелді. Батықтық мәнер, Батықтық әуез, Батықтық  ырғақ.  Ішіндегісі – түрінде, түріндегісі – тілінде.
– Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,
Адамның заңғар ұлылығын сен са-ғынышымен есепте, – түсіне білсең, ақынның  бұл сағынышы махаббат қой, махаббат адамның заңғар ұлылығымен астасса:
– Өмірде мынау сағынбағандар – бақытсыз, бақсыз, талайсыз,
Қазақтың жыры Абайсыз! – деп тыңнан ғажайып таным-теңеуді көлденең тартады! – дейді  Бәкең.  Дәл сол сәтте Батықтың үніндегі  ішкі жан тазалығы, кіршіксіз көңіл тербелісі біздің де ішкі дүниемізді толқытып жібереді. Осындай кезде Батық бізге курстас емес, әдебиеттен сабақ беретін сұңғыла ұстаздай көрінетін.  Бәкеңнің сол кездегі жап-жас болып соншалықты сезімталдығы, таным-түйсігінің алғырлығы қайдан дегенде, әдеттегідей туған жерінен іздейміз ғой.                
Қырқалары сүрлеумен шимайланған,
Сайлар анау – рауғаш жинай барған.
Ақ шоқысы арманның мұнарасы,
Қаусырғанда құшаққа симай қалған, – деген Батыққа құдайдан кейін, атақты Хан Тәңірінің сілемі, Шалкөденің хан жайлауы, «сулары құнан қойдың сорпасындай» өзен-көлі, аршалары-шыршалары, жеміс-жидегі жан дидарын нұрландырған құдіретті күш. Бірақ, ойлайсың – көзін ашып, есі кіргелі Мұқағалидың жырларымен нәрленіп, Бердібектің бұла көркем сөзімен сусындап өскен қағылез Бәкеңнің басқаша қалыптасуы мүмкін бе?!

Кейінгі қаламдас інілері Батық ағасының кішкентайынан сурет салуға  әуестігін, өзі оқыған мектепте сурет пәнiнен сабақ бергенін, салған суреттерiн көрнекi құрал ретiнде пайдаланғанын, көзкөргендер «суретші  жiгiт» деп атайтындығын жазыпты. Ол ол ма, Бәкеңнің езу жиғызбайтын актерлiк өнерi, музыкалық аспаптарда құйқылжыта ойнайтын шеберлігі,  халық әндерiн тамсандыра орындайтын, сол сияқты қалжың-қағытпашыл («Нарынқол әзiлдерi»)  қабілет-қасиеттері тұла бойы тұнған  өнер екендігінен хабар берсе керек. Ал өнер тек таланттылардың пешенесіндегі дүние. Әсіресе, оның ішінде де ақындықтың жөні басқа. 

– Осы кейде әлдекімдер ақын болуды қолдан жасап алатын оп-оңай кәсіп көреді, – дейді Бәкең сыр ашқанда, – цирк жонглері секілді сөз ойнатып,  ұйқас қағыстырып, шумақтарды жылтыратып-жалпылдатса бітті, ақынмын дейді.  Ол жүрек пен мидың симбиозы  екендігінде шаруасы жоқ, – деп Бәкең сөзін одан әрі сабақтайды: – Ал поэзия  біле білгенге  өмірдің  өзі  ғой.  Оның  сырлы сырын да,  саф сұлулығын  да екінің бірі поэзияға айналдыра алмайды. Оны көре білетін көз, сезе білетін түйсік, жырлай білетін жүрек керек.

Батықтың бойындағы біз қадірлейтін ерекше қасиет  –  адалдық. Сірә, бұл тумысынан ата-ананың тәрбиесінен, бұла табиғат пен шынайы өлең-өнерден дарыған. Ол Бәкеңнің барлық қырынан  білінеді. Айталық,  қалаған  мамандығы – журналистикада өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя білді. Сөздің қадірін түсірмей, жалғандыққа ұрынбауға күш салды. Батық көсемсөз қызметінің бар баспалдағынан өтті: тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың  орынбасары,  меншікті  тілші,  редактор болды. Қарап отырсаңыз бәрі де ауданнан бастап, мүйізі қарағайдай беделді облыстық, республикалық басылымдардағы жүгі салмақты, жауапты қызметтер. Осылардың  қай қайсысы да Батық ауырдың үсті,  жеңілдің астымен жүрді дегенді  естірткен  емес. Замандас тұрғыластарымен өзінен кейінгі әріптестері әлі күнге дейін  Бәкеңнің талапшыл, әділдігіне тәнті.
Батықтың бұл дүниедегі суқаны сүймейтіні – жалғандық пен жағымпаздық. 
Сөздеріне сөз қосып дүрілдейді,
Құлағына басқаны бір ілмейді.
Өзі сеніп, өзі айтқан өтірікке,
Тұла бойы бусанып күлімдейді.
Жылуы жоқ  күлкісімен алдайтын жылпостар  қарап тұрса «пысық» та өзі, мысық та өзі. Руластар баяғы бір белгісіз замандағы батырға ас беріп, арақ-шарап ішіп, тос айтатын даңғазалықтарды көргенде:   
Таптайды да аршалы сай аумағын,
Тойған тобыр аузын сүртіп тарайды.
Көпті көрген қасиетті тауларым,
Пенделерге басын шайқап қарайды, – деп қынжылса, енді бірде:
Бойжеткен боз жігітке асылады,
Осы ма армандаған ғашық әні.
Сөзіне боқтық қосқан отағасы,
Сөйлемнің берекесін қашырады.

Достарын келекелеп дос күледі,
Еріншек тамақ аңдып бос жүреді.
Әкенің өсиеті баласына,
Шыбынның ызыңындай естіледі.
Батық өмірдегі жүрек айнытар ащы құбылыстардан бойын аулақ салған емес. Жырымен де, азаматтық ұстанымымен де қасқайып қарай біледі. Неге дейсіз ғой? Негесі сол, Бәкеңнің  ел мен жер дегенде шығарда жаны бөлек. «Баламның  табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсін» дегенмен үндес.  Шынайы елшіл,  ар-намысты, нағыз «Отан үшін  отқа түсетін» оғылан. Жалпы әдебиетімізде, ашығын айтқанда, Отан тақырыбындағы  ақындардың көбінің жырлары тілден шыққанмен, құлақтан аспайтындар, жүрекке жетпейтіндер. Ал Батық Мәжитұлы басқа. Туындыларының дені жүректің қаны, көзінің жасынан туғандар. Жырларында ана сүтінің арда дәмі бар. 
Азат елге айналды бүгін далаң,
Азаттықтың бағасын ұғын, балам.
Атасына ұрпағы ұқсау керек,
Сеніп  саған артады жүгін заман.

Ділің аман болса екен, тілің де аман,
Жазираңда жайнасын гүлің де аман.
Жүрегіңмен қорғап өт, Бостандықты,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Жүйке де, аман болса екен,
                жүрек те аман,
Амандықты аңсады тілеп бабаң.
Жігеріңді өткірлеп қайрап ал да,
Абыройын алаштың түлет, балам!
Бәкеңнің «Заман-ай» мен «Атамұра» жыр жинақтарын ақтара қарасаңыз, осындай талғамды, осындай тұшымды дүниелерге қанасыз.  

Біле білгенге Бәкең танымпаз ақын. Танымпаздығы – Мұқағали ақынды бар бітік-болмысымен, жүйке-жұлынымен  таныған, түйсінген, жүректес шайыр.  Шыны керек, өз басым  әлі Мұқағали поэзиясын сан қырын микроскоппен қарағандай бұлым-бұлымына, ішек қырындысына дейін саралап, талдап, жіліктеп беретін Батықтай жампозды көрген жоқпын. Рас, жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы талай монографиялар жазылып,  небір диссертациялар қорғалды, әлі қорғалып та жатыр. Оның біразымен таныстым да. Бірақ олар дәл Батық секілді түйсініп, Батық секілді кейіпкерінің тұтас жаратылысымен біте қайнасқан жоқ. Жеме-жемге келгенде бұл өзі, төл әдебиетімізде өте сирек кездесетін құбылыс. Мұқағали поэзиясы шипалы бұлақ десек,  сол  бұлақтан  әлі күнге дейін мың рет қанып ішсе де,  сусынын баса алмай келе жатқан бір адам болса ол – Батық. Мұқағалиды поэзия шыңы  десек, Батық шыңға шаршамай-шалдықпай  өрмелеп келе жатқан жанкештінің бірегейі. Солай бола тұра ол: «Мен мұқағалитанушы емеспін. Бар болғаны мұқағалитанушыларға шикізат дайындап берушімін», дейді жайбарақат ғана.

«Егемендегі» Мұқағали ақынның рухымен сырласқан «Монолог» (31.05.2000) эссесін оқып көріңізші.  Батық Мұқағалиға жүрекжарды жан тынысын мөлдірете ақтарады. Сырласу да мұңдасу. Ұлы ақын арқылы ұлы поэзияға деген адалдық пен әділдік, құштарлық пен махаббатты паш етеді. Батықтың ой-толғамдарында ішкі бір рухани тазалық, ұлы ақынмен үндес адамға, қазаққа деген іңкәрлік бар!

Эссені сөйлетейікші: «Адамның адамдығы – жылтырақ дүниені қомағайлықпен жинай беруде емес, мына жарқыраған сәуленің жүзіне кірбің түсірмеуде. Осыны санамызға құйдыңыз. Адам және табиғат. Оның тұтастығын сұңғыла философтарға тән түйсікпен ұғындыңыз. Белгілі суреттерден белгісіз сырларды аңғардыңыз. Жануарға жаны бар деп қарадыңыз. Мәселен, «Тау өзені» деген өлеңіңізде бала шопаннан таяқ жеген серке ата шопанның артынан қарап маңырайды. Ол бекер маңырап тұрған жоқ. Адам мен табиғаттың арасы алшақтанып барады. Алшақтаудың соңы дүлейлік  психологияға  ұрындыруы  мүмкін.  Содан қорықтыңыз. Сондықтан да қайыңдарға «Өмір сүрейік алмасып» деп өтіндіңіз. Бәлкім, сол қайыңдар шынында да адам шығар. Сізді оқығаннан кейін аялап, ағаштардың жапырағын сипалағымыз келеді..», – деп  Мұқағали жырларының өн бойында жүректің дірілі, жүректің қасіреті, жүректің сыры өріліп отырады», – деп бір қайырады. Бәкеңнің ақындық құдірет туралы терең пайымдауы Абайға арнаған «Ұлы ақынмен сырласу» поэмасында да үйіріліп түскен.
Қазақы үйде отырып, жыр кернеген,
Күндерменен сырластың, түндерменен.
Парақтадың болмыстың құпиясын,
Оңайлықпен ашылып сыр бермеген.

Көре білдің ақтыны, қараны да.
Жанды ауыртқан жараны, жаланы да.
Таланттар мен табиғат қандай егіз?!
Кепіл болған кемеңгер дала мына.

Сыйды  түгел дүние жанарыңа,
Қаруыңа – қол создың қаламыңа.
Жүрегіңде бір дауыс бебеулейді,
Азап екен бұл пәни саналыға!
«Ақын мінезі – батыр мінезі. Біз осының қадіріне жеттік пе?», – дейді Бәкең. Бәке, қадіріне жету деген уақытпен өлшенетін тірлік. Мұқағалидың қадіріне жетудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан өзің. Жиырма жылдан бері басқасын айтпағанда талғамы мен талабы  бөлек «Мұқағали» жорналын үзбей шығару – екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес.  Мұзбалақ ақынның қадіріне жетудің лайықты үлгісі осы, Бәке.

Б. Мәжитұлының диапазоны кең, биік мінберден асқақ  та терең пайыммен жырлай білетін, замана запыранына үн қата алатын өжеттігі бар. Ұлы хакім Абай, жыр дүлділі  Жамбыл, мұзбалақ Мұқағали  хақындағы  ой-толғамдары қараулардың кесір сөздеріне дер кезінде тойтарыс беріп, басылым мінберлеріне көтеріле білді. Айталық, Жамбыл жәкем туралы Әбділда ақын:  «Бергенді мақтаған, өзінен зорға жалтақтаған, қошеметшіге жалбақтаған ақындарды ұнатпаған. Оларды қатты мысқылдап, аямай әжуалап отырған», – десе, біздің Батық: «Дүниедегі ең оңай нәрсе – өлгеннен өш алу. Кейбір ағайындар «мықтылығын» солай көрсеткенді қалайды. Мәселен, Сталин қайтыс болған соң Н. Хрущев та «батыр» атанған», – дейді. Қазір қарттықтың төрінде жантайып жатса да, бақилық жақсылар мен жампоздардың әруағына тиісіп жүргендер кейінгі ұрпаққа қандай өнеге қалдырам деп ойлайды. Осының бәрі де ақынның жанына маза бермейді. Әйтсе де, өмір – өзен.  Ағысы бірде екіленіп, бірде жайраңдап кетеді. 

Батықтың өзі туралы мұқағалиша жазған мына  экспромтын  үш кескенімізбен  бәрібір кесірткедей әлі бар екен:
70-те дәнеңе жоқ дара тұрған,
Баяғы бала мінез, бала тұлғам.
Баяғыдай ұрланып түнде келіп,
Түк білмейтін секілді таң атырам.

Сағат алты-жетіде оянамын,
Шырқап айтып жүргенім баяғы әнім.
Баяғыдай иекте сақал-мұрт жоқ,
Шаштың ағын көрсетпей боянамын.

Баяғыдай өзімше «құтырамын»,
Құтырам деп кемпірден ұтыламын.
Бөтелкемен балалар сусын ішсе,
Бөтелкеге көз салып жұтынамын.

Баяғыдай  күлгенім, сөйлегенім,
Баяғыдай шыт-шыбыр жейделерім.
Баяғыдай ұрттап  ап ыстық астан,
Аузым күйіп қалады кейде менің.

Бәрі де баяғыдай, баяғыдай,
Баяғыдай кілемін жаяды май.
70-тің мінезін бер, қылығын бер,
Аясаңшы, ая енді, ая, Құдай!
Десек те,  Батық соңғы кезде байсалды жырды  сиретті.  Бірақ қалай жырласа да, қай деңгейде жырласа да сол бұрынғы Батық боп жырлап келеді. Ол поэзия үшін ғана өмір сүріп жүрген сияқты.  «Алатаудың барлық жерінің биіктігі бірдей болса, ол дәл осындай әдемі, осындай әсерлі болмас еді», – деп жазыпты Жұмекен ақын  өз заманындағы ақындар хақында. Иә, ақындарымыздың қай-қайсысының да шыққан  өз биігі бар.
Батық бүгін маған томағасын сыпырып, қияны көктен шолып, Алатауда қалықтап, шалықтап келіп, жетпістің  берік тұғырына қонған қыран секілді көрінеді. Алдағы биік шыңдарға шарықтай бер, Бәке!

Жанұзақ АЯЗБЕКОВ,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында 38 градусқа дейін ыстық күтілуде

Жетісу облысында 35-36 градус ыстық күтілуде

20.06.2026
Талдықорғанда қауіпсіз көші-қон орталығы ашылды

Талдықорғанда қауіпсіз көші-қон орталығы ашылды

20.06.2026
Заманауи платформа

Заманауи платформа

20.06.2026
Өнімді қайта өңдеу –  заман талабы

Өнімді қайта өңдеу – заман талабы

19.06.2026
«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

19.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.