Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде бірқатар кадрлық өзгерістер енгізді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы ведомствода басқа қызмет атқарған.
Сондай-ақ Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.





