Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, рухына Құран бағыштады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы 2025 жылғы 22 тамызда Ақорда жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады»,- делінген мәліметте.





