Қаламгер Елжас Бейсенбектің жұбайы Сара сөзге тапқыр адам. Бастығы, сықақшы Серік Жортанов марқұм Найманның ішінде Төбет деген атадан тарайтын. Ал, Сара жеңгеміз, Жалайырдың ішінде Күшіктің қызы.
Танертең, кешке бастығының есігін ашып: «Ауп-ауп…» деп кететін көрінеді. Бастығы «Мұныңыз не?» десе:
– Өзімізше ауған түйені демегендей амандасқанымыз ғой… – деген екен.
Тұрлыхан КӘРІМ