Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Құрылыс сапасы басты назарда

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы бірқатар шағын аудандарды аралап, ондағы жаңадан бой көтерген нысандардағы және аулаларды абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

4 маусым 2025
КҮЛТӨБЕ
Құрылыс сапасы басты назарда
WhatsAppTelegramFacebook

Алдымен қаладағы «Бірлік»,«Құлагер» ықшам аудандарына атбасын тіреген Ернат Дүйсенбекұлы аталған аумақтардағы көпқабатты үйлер мен жаңа саябақтың құрылысын көзбен көрді. Сонымен бірге іргетасы енді қалана бастаған көркем гимнастикаға арналған спорт кешенінде болып, жобаның жүзеге асу барысына назар аударды. Әрі аталған құрылыс алаңдарындағы қойылған әр кірпішке дейін жіті қадағалап шыққан қала әкімі жауапты мердігер мекеме басшыларына қолға алынған жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей сапаға баса мән беріп, уақытылы аяқтауды ескертті. Осыдан соң аймақтағы «Ұлан», «Жұлдыз» және «Жетісу» шағын аудандарына да барып, аулаларды абаттандыру мәселелерін де пысықтады. Сөз кезегінде ол өткен  жылы бұл шағын ауданның халқы үшін заман талабына сай жабдықталған теңдесі жоқ аулалар жұрт игілігіне берілгенін атап өтіп, сол үрдіс биыл да жалғасып жатқанын жеткізді. Сапарыны соңында қала әкімі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан шаһардағы Рүстембеков және Гагарин көшелеріне бұрылып, жауаптыларға барлық техникалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

– Биыл қаламызда салынып жатқан құрылыс нысандарының саны артқан. Олардың басым бөлігі – жұрт игілігіне бағытталған жобалар. Сонымен қатар 70 шақырымнан астам жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, жол инфрақұрылымын жақсартып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды көптеп салу көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен және жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады, – деді Ернат Бәзіл.

Сала жауаптыларының сөзінше, ел Президентінің тапсырмасына сай мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру сапасын көтеру басты күн тәртібінде. Сондықтан бүгінде өңірде мемлекеттік бағдарламалардың арқасында көптеген оң бастамалар  қолға алынғана. Ал, қазір Талдықорған қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған адам саны 15 мыңнан асады. Осыған дейін олардың бірқатары қоныстойын тойлаған. Қолданысқа берілген үйлердің біразы жергілікті бюджет есебінен,  тағы бір бөлігі жеке кәсіпкерлер мен меценаттардың жеке қаражатына тұрғызылған. Әр жылы аймақта 2 мыңнан астам адамды баспанамен қамту көзделіп, алдағы бірнеше жылда кезекте тұрған азаматтардың басым көпшілігін тұғын үймен қамту жоспарланған.

                                                                             Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23
Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.