Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сарқан сиверс алмасының отаны

18.04.2025
КҮЛТӨБЕ
Сарқан сиверс алмасының отаны
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі  Бейбіт ИСАБАЕВ өңір халқымен дәстүрлі кездесуін Сиверс алмасы отаны Сарқан ауданынан бастады. Ауданға арнайы жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы әуелі өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, шаруа қожалықтарындағы дала жұмыстарын көріп қайтты. Осыдан кейін тұрғындармен кездесті.

«ҚОЙТАС» САЯБАҒЫ ЖАНДАНАДЫ

Жиын басталмас бұрын аймақ басшысы «Жанұя» отбасы қолдау және жаңа ашылған «Ұзақ өмір сүру» орталығына бас сұқты. Қазыналы қариялармен әңгімелесіп, жаңа нысанды аралаған Бейбіт Өксікбайұлы бір ғимаратта орналасқан екі орталыққа автокөлік сыйлады. Басқосу барысында ардагерлер заманауи ғимарат салып берген облыс басшылығына алғыс білдіріп, ақ батасын берді. 

Келесі кезекте қайта жаңғыртылып жатқан Сарқан қаласындағы «Қойтас» саябағына барды. Әртүрлі пішіндерімен ерекшеленіп тұратын тастарға көз тастап қарар болсаң, кең жайлаудың етегінде жайылып жүрген отарлы қой елестейді. Сондықтан бұл тастарды сарқандықтар «Қойтас» атап кеткен. Жалпы аумағы 6 гектар болатын саябақта теннистік корд, спорттық жаттығу, скейтборд, футбол алаңдары салынып, жаяу жүргіншілер жолы орнатылыпты. Сонымен қатар, 400 қарағай, 200 әртүрлі көшет отырғызылып, тамшылатып суару әдісімен суғарылуда. Қазіргі кезде ағаш егіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Саябақты одан әрі көркейту мақсатында алдағы уақытта қандай шаралар атқарылатынын аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев баяндады. Жұмыс жоспарымен танысқан аймақ басшысы саябаққа көшет егіп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Көктемнің әр күнін тиімді пайдаланғанда ғана күзде қырманы толатынын білетін облыс диқандары дала жұмыстарын бастап кетті. Сарқан ауданындағы шаруа қожалықтары да қызу жұмысқа кірісті. Осыған орай облыс әкімі өңірдегі шаруа қожалықтарға барып, дала жұмыстарын көріп қайтты.

Әуелі Алмалы ауылындағы «Жұмағали» шаруа қожалығына барды. Шаруа қожалығының басшысы Егемен Жұмағали егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен атқарылып, қамбаны астыққа толтыру үшін мол өнім алуға бағыт ұстағанын айтты. Сондай-ақ ол мемлекеттен де қолдау көп екенін жеткізді.

Шаруашылықтың 4567,8  гектар жері бар екен. Оның 340  гектары тәлімі,  38 гектары суармалы, 3400,7 гектар жайылым,  765 гектары шабындық жер. Егістіктің 200 гектарына жаздық арпа, 102 гектарына күнбағыс, 38 гектарына қант қызылшасы себілмек. Сондай-ақ Егемен Жұмағали мал шаруашылығымен де айналысады екен. Қожалықта 537 бас мүйізді ірі қара, 630 бас жылқы, 600 ұсақ мал бар.

Келесі кезекте облыс әкімі Сарқан қаласындағы Ғалым Рахметқалиев басқаратын «Ғалым» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Егін және мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтың 415 гектар жері бар,  онда 21 адам жұмыс істейді. Бүгінде олар күзде астық қамбаға толу үшін қызу еңбек етуде.

ӨНІМДЕР ӨЗІМІЗДЕ ӨҢДЕЛЕДІ

Қоғамдық қабылдау өткізген Бейбіт Исабаев жұртшылықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты қойған сауалына жауап берді. Осыдан кейін халықпен кездесу жиыны басталды. 

Шарада сөз алған Бейбіт Өксікбай-ұлы облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоба-жоспарларды таныстырды.

– Мемлекет басшысы Жолдауында атап көрсеткендей, өнеркәсіптің өндірістік әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдауымыз қажет. Былтыр облыста 685 кәсіпкер «Даму» қорынан бизнестерін дамыту үшін субсидия мен кепілдендіруге қаржылық қолдау алды. Өткен жылы 15 жаңа өндіріс іске қосылып, 2-уі кеңейтілді. Оның ішінде тоқтап тұрған күнбағыс майын өңдейтін «Агроком- плекс Жетісу Мажико» зауыты жұмысын қайта бастаса, Талдықорғанда өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын «Asma Industrial» заманауи зауыты іске қосылды. Сонымен қатар Жетісуда баламалы энергетиканы дамытудың әлеуеті зор. Былтыр жаңартылатын энергия көздерінің жалпы белгіленген қуаты 42 МВт болатын, құны 23 млрд. теңгелік 3 нысанның құрылысы аяқталды. Соның екеуі сіздердің ауданда орналасқан. Жетісу облысы – аграрлы аймақ болғандықтан, бірінші кезекте ауылшаруашылығын дамыту мен өңдеу саласына айрықша назар аударылуда. Биыл облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 45 млрд. теңге бағытталды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығында жалпы өнімнің көлемі 435 млрд. теңгеге жетті. Өңделетін шикізаттың 65%-ы өзімізде өндіріледі, – деп ауылшаруашылық саласы өнімдерін өңдеуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар аймақ басшысы қант саласын дамыту басты назарда екенін айтып, биыл Текелі энергокешені тарапынан моноқалада жаңа қант зауытын салу жобасы әзірленіп жатқанын атап өтті.  Газдандыру, құрылыс, жол сынды әр салаға жеке-жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстарды толықтай тарқатып берді. 

СҰРАҚ ЖАН-ЖАҚТЫ, ЖАУАП САЛМАҚТЫ

Сарқан қаласының тұрғыны Жомарт Игіман: 
– Лепсіден Мұқан Төлебаев ауылына дейінгі 60 шақырым жол жөнделе ме?
Жауап: 
– Ол жақта қазір көпір салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң екінші жарты жылдықта жобасын жасаймыз. 60 шақырым жолды 3 бөлікке бөліп, келер жылы саламыз.  
Аманбөктер ауылының тұрғыны Азат Мықтыбаев: 
– Аманбөктер ауылының маңындағы бөлімшеге ауызсу қашан тартылады?
Жауап:
– Сіздердің бөлімшеде 10 шақты үй бар. Бірақ ауыл деген мәртебесі жоқ. Сондықтан біз заңсыз ауызсу тартып бере алмаймыз. 
Сарқан қаласының тұрғыны Асхат Ысқақов:
– Баяндамаңызда Балқаш көлінің жағалауы жасалатынын айттыңыз. Коммуни-кациялық желілер құрылысы нақты қашан аяқталады? 
Жауап:
 – 15-20 маусымға дейін Молалыдан Лепсіге дейінгі жол жөнделіп, су және электр желілері тартылады.  
Сарқан ауылының тұрғыны Ерлан Дармышев: 
– Сарқан ауданының негізгі жолында орналасқан Алмалы, Абай, Қойлық, Қарабөгет ауылдарының кіреберісі түнгі уақытта елді мекен бар екені көрінбейді. Автобус аялдамалары да, жарық та жоқ. Осы ауылдың кіреберіс жолдарына жарық орнатып берсеңіздер?
Жауап:
 – Сұрағыңыз өте орынды. Бұл мәселені біз қарастырдық. Жарық жоқтығынан ауданда көлік апаты жиілеп кетті. Жарықтандыру жұмысы биыл басталып, жыл соңына дейін жасалады. Бейнебақылау да орнатылады.

130 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Сарқан ауданы облыс экономикасының дамуына тигізіп жатқан үлесі көп екенін де тілге тиек еткен аймақ басшысы өңірде жүзеге асатын шаруаларды баяндады. Сарқан аграрлы өңір болғандықтан ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар көп. Мәселен, былтыр ауданда қант қызылшасы алқаптары 2 есеге ұлғайтылса, биыл тағы 900 гектар қосылып, қант қызылшасын 3,8 мың гектарға себу жоспарлануда. Ол үшін тұқым, минералды тыңайтқыштар, дизель отыны арзандатылған бағамен беріліп, магистральды каналдар ретке келтірілуде. Өткен жылдары «Тәуке» және «Ащылы-Өзек» каналдарының жөндеу жұмыстарына 1,6 млрд. теңге бөлініп, құрылыс толық аяқталған еді. Биыл «Тілеулі» магистральды каналын күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 295 млн. теңге бөлініпті. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Көктерек ауылы тұрғындарының өтініштері бойынша жоба аясында су беру бөгеттері де жасалады. Ауданда мал басы да орта есеппен 20%-ға артқан.  

Ветеринария саласына да көп көңіл бөлінуде. Өткен жылы Аманбөктер, М. Төлебаев, Шатырбай ауылдарында 3 блокты-модульді ветеринариялық пункт салынған. Биыл аудан орталығында  ветеринариялық стансы, Бақалы, Көктерек ауылдарында 2 ветеринариялық пункт салынбақ.  

Аудандағы өзекті мәселенің бірі – халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Өңірде тұрғын үй кезегіне тұрғандардың саны жыл санап артып келеді. Десе де баспана мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Мәселен мамыр айында Сарқан қаласында 60 пәтерлі 2 үй пайдалануға беріледі. Одан бөлек әлеуметтік осал топтағы азаматтарға биылғы жылдың 2-жартысында жалға берілетін 10 тұрғын үй табысталады. Осылайша, 2023 жылы 44, 2024 жылы 74 үй берілсе, биыл 130 отбасы баспаналы болады.  Нәтижесінде үй кезегі 16%-ға азаяды. Келесі жылы екі 60 пәтерлі кредиттік үй беріледі деп жоспарлануда. 

Өнеркәсібі өркендеген өңірде былтыр 11,8 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 4,4 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеге артық. Мемлекет тарапынан да өндіріс орындарының дамуына қолдау көрсетілуде. Оның бірі, дәрілік өсімдіктерді өңдеу зауытын салу үшін «AZIA GOLD» серіктестігіне былтыр 3 гектар жер телімі аукцион арқылы берілді. Ауданға шамамен 443 млн. теңге инвестиция тартылып, 20 тұрақты жұмыс орны ашылады. 

Инвестиция тарту да аудан экономикасын одан әрі дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі капиталына барлығы 69,7 млрд. теңге инвестиция салынған. Биыл да 1,4 млрд. теңгеге  2 жоба іске асырылады.

ШЕШІМІН ТАПҚАН МӘСЕЛЕ

Былтырғы сәуір айындағы кездесуде аудан тұрғындары көтерген 2 мәселе де  шешімін тапты.  Атап айтсақ, Камал Берикованың жер телімін заңдастыру бойынша өтініші қаралып, жер үлесінің бастапқы сызбасы мен мемлекеттік тіркеу актісін қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды.
Еркеш Денисламованың өтінішіне сәйкес Қойлық ауылдық амбулаториясында дәрігердің болмауына байланысты былтыр сәуір айынан бастап аудандық аурухананың терапевт-дәрігері аптасына бір күн келіп, қабылдау өткізеді.

БАЛҚАШ ЖАҒАСЫНДА ІРІ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ САЛЫНАДЫ

Басқосуда халықты ауызсумен қамтамасыз ету, ауылдарға газ тарту мәселесі де айтылды. 

– Былтырғы кездесуде Сарқан қаласының тұрғындары сапалы ауызсумен қамту мәселесін көтерді. Осыған орай 200 млн. теңге бөлініп, қаланың бас ауызсу торабына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биыл маусым айында аяқталады. Нәтижесінде ауызсудың сапасы жақсарады. Сонымен қатар Алмалы, Екіаша және Қойлық ауылдарының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртуға жобалау құжаттары әзірленді. Ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселесі әлі де өзекті, жыл сайын қоқыс көлемі артып, экологияға залалын тигізуде, – деген облыс әкімі  Сарқан қаласында қоқыс төгетін заманауи полигон салу үшін жоба әзірленіп жатқанын айтты. 

Ауданда жол сапасын жақсарту жұмыстары да жалғасуда. Былтыр «Лепсі-Балқаш көлі» автожолы жаңадан салынып, «Екіаша-Аманбөктер» жолының 3 шақырым учаскесін жөндеу жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға берілсе, биыл М.Төлебаев ауылындағы Лепсі өзенінің көпірін күрделі жөндеу, Қарабөгет ауылына кіреберіс жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталады. 

– 2023 жылы Екіаша, Көктерек ауылдарының тұрғындары менің қабылдауымда болып, өтініш айтқан еді. Көктерек ауылындағы көпірдің,  Екіашадан Тополевкаға дейінгі 19 шақырым жол жөндеу жұмыстары биыл басталады. Сондай-ақ, Сарқан қаласы мен Бірлік, Бақалы, Қарауылтөбе ауылдарының 12 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деген Бейбіт Исабаев аймақтағы туризм саласына тоқталды.

Облыс әкімінің айтуынша, Сарқан ауданы туризмнің мекені. Осыған орай алыс-жақын шетелден келетін меймандардың санын арттыру мақсатында саланы дамыту үшін қыруар шаруа атқарылуда. Атап айтсақ, Балқаш жағалауын дамытудың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіпті. Осы айдың соңында сараптама қорытындысы алынады. Алдымен коммерциялық жер учаскелері инвестициялық жобаларға жалға беріліп, ірі демалыс орындары бой көтереді. Көлдегі демалыс орындарына қомақты қаржы төлеуге барлығының қалтасы көтермейтіні анық. Сондықтан көпшілік демалатын коммуналдық жағажайлар салынбақ. Коммуналдық жағажай электр және су құбырларымен, демалыс орындарымен және жарықтандырумен жабдықталады. Демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілерін салу жұмыстары жүргізілуде. Су, электр жарығы мен жол жұмыстары шілде айында аяқталса, келесі жылы кәріз тазарту қондырғысы қолданысқа беріледі. Ал тау туризмін дамыту мақсатында Тополевка ауылындағы визит-орталығы 29-сәуірде ашылады. Оның жұмысын жүргізу «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы мен «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркіне жүктелген.

Сонымен қатар аймақ басшысы әр салада атқарылатын шаруаларға кеңінен тоқталды. Жаңа оқу жылына дейін Бақалы, Көкөзек, Ақтұма ауылдарындағы мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 6 мектепке жаңа модификациялық кабинеттер сатып алынып, оқулықтар мен жабдықтары жаңартылады. Ауданның барлық мектептері мен балабақшалары қауіпсіздік шараларымен, бейнебақылаумен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылған. Ал денсаулық сақтау саласында былтыр Абай, Аманбөктер және Черкасск ауылдарында 3 блокты-модульді нысан пайдалануға беріліп, Сарқан аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесі күрделі жөндеуден өтті. Биыл «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақтұма, Қарғалы, М. Төлебаев ауылдарында 3 фельдшерлік-акушерлік пункт салынса, жергілікті бюджеттен Тополевка, Шатырбай ауылдарында 2 блокты-модульді медициналық пункттері орнатылмақ. Аудандық аурухана базасында ерекше балаларға арналған оңалту орталығы жөндеуден өткізіліп,  биыл ашылған еді. Жыл басынан бері орталықтан 21 бала оңалтудан өтіпті. Былтыр ауданға 4 санитарлық автокөлік және қажетті 40 медициналық жабдықтар алынса, биыл 3 санитарлық автокөлік және 13 медициналық техникамен қамтылған. Облыста маман тапшылығы мәселесін шешу үшін былтырдан бастап біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау қарастырылған. Нәтижесінде былтыр Сарқан қаласына келген   5 дәрігерге 5 млн. теңгеден берілді. Сонымен қатар, былтыр «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауданда 10 маман несие алып, тұрғын үй сатып алды. 38 дәрігерге бір реттік көтерме жәрдемақы төленді. Биыл да бұл жұмыстар жалғасуда. 15 маманға тұрғын үй сатып алуға 118 млн. теңге, 40 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы беру үшін 15,7 млн. теңге қарастырылды. Ал мәдениет саласында былтыр Көктерек, Алмалы ауылдық Мәдениет үйлеріне күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді. Биыл Көкөзек, Аманбөктер, Пограничник ауылдарына блокты-модульді клубтар салу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттен 30 млн. теңге бөлініпті. Спорт саласында былтыр Алмалы ауылында  50 орынды спорт кешені және Сарқан қаласында жабық футбол манежі қолданысқа берілді. 

Жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылды. Тұрғындар аймақ басшысына көкейінде жүрген сауалдарын қойды. Облыс әкімі көтерілген өзекті мәселелер шешімін табатындығын айтып, тұрғындар қойған сауалдардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, орынбасарлары, қала әкімі мен жауапты мамандарға нақты тапсырма берді.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суреттерді түсірген Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.