Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сасық көл дауы: 23 мың гектардағы экожүйені қалай сақтаймыз?

18.07.2023
КҮЛТӨБЕ
Сасық көл дауы: 23 мың гектардағы экожүйені қалай сақтаймыз?
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданы аумағындағы Сасықкөл атты көлдің маңындағы 10-ға жуық көлшіктің ұлтаны құрғап, тіршілігінің аңқасы кепкен. Сол көлшікті мекендеген құс пен аң қазір басқа жаққа ауыпты. Өйткені қорек жоқ, сол қоректі қамтамасыз етер су жоқ. Табиғат жанашырлары 23 мың гектарға жуық аймақтың экожүйесі мен фаунасы құрдымға кетті деп дабыл қақса, балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері Сасықкөлдің суы мен балығы далаға кетіп жатқанын алға тартады. Редакцияға базынасын жеткізгендердің шақыртуымен Алакөл ауданына ат басын бұрып, мән-жайға қанықтық.

Талдықорған – Өскемен тасжолына жақын орналасқан Сасықкөлге Қаракөл, Тентек және Ай өзендері құйып, көл суы тасжолдың келесі бетіндегі батпақты көлдерге бағыт алады. Жергілікті тұрғындардың сөзіне сенсек, бұл құбылыс атам заманнан осылай жүзеге асып келген. Бірақ, 2017 жылы Талдықорған – Қалбатау – Өскемен тасжолын қайта жаңғырту басталды. Сол уақытта Сасықкөл мен көлшіктер арасын жалғаған арна уақытша жабылған еді. Себебі, арна үстіне көпір салынуы керек. Содан жол жөндеушілер арнаны үлкен көлдің дәл сағасынан бір мәрте жауып, бетонды қадаларын орналастырады да көлшіктерге су жіберіп, былтырғы жылы қайта жабады. Содан бері Сасықкөл мен 23 мың гектарға нәр берген балшықты көлшіктер арасындағы байланыс тоқтап, мұндағы флора мен фауна жойыла бастаған. Жергілікті тұрғын Сүлеймен Әбдірахмановтың айтуынша, бағзыдан бар көлшіктерді кептіру экологиялық апатқа бастайды. Адамзат табиғатты бағындырмауы керек, сол табиғатпен жанасып тіршілік етуі тиіс.

 – Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Сасықкөл көлінде балық инспекторы қызметін атқардым. 1986 жылдан бері көлдің Сағат аумағына жауапты болдым. Үлкен көл мен көлшіктер арасын жалғайтын арна сол кезде бар еді. Инспектор кезімізде үлкен кісілерден бұл арнамен паром жүргенін естідік. Жұрт сол көлік құралын «пузынин» паромы дейді екен. Себебі паромды Яков Пузынин деген кісі жүргізіпті. Кейін жол түскен соң бұл маңға 1 жолақты көпір салынып, арна тарыла түсті. Құрылысшылар жолды су шаймасын деген жоспармен арнаны кішірейтті. Бірақ, сол судың өзі көлшіктегі табиғат байлығына жеткілікті еді, – дейді Сүлеймен Әбдірахманов.

Табиғат жанашырының айтуынша, Ерту аталатын мекендегі көлшіктер балықтардың уылдырық шашуына, май шабақтардың қалыпты өсуіне әбден қолайлы. Батпақты көлшіктегі судың жылы болуы ұсақ шаяндар мен жәндіктердің мол өсуіне себеп. Одан бөлек, мұндай азықтық қордың мол болуынан көлшіктерде үйрек, қаз, аққу, аққұтан, Қызыл кітапқа енген бұйра бірқазан мен жалбағай ұя салып, ұрпақ өрбітетін болған. Бауырымен жорғалаушыларды айтпағанда, сүтқоректілер сапынан қабан, елік, қоян, түлкі сынды жануарлар өріп жүрген. Сүлеймен Әбдірахмановтың сөзінше, Кеңес заманында бұл маңда ондатр мен қарабурыл түлкі мол болыпты. Арнайы «Алакөл аң шаруашылығы» жұмыс істеп, бағалы терілер даярланыпты. Сүлеймен ағаның айтуынша, қаптаған аң-құстың көптігі талайды қызықтырса керек.

Айта кететін жайт, батпақты көлшіктер мен Сасықкөл – Алакөл – Сасықкөл көлдер жүйесінің бір бөлшегі. Сасықкөл мемлекеттік инспекция қарауында болса, Ерту көлшіктеріндегі аң-құсты қорғау, аңшылардың қызылдамауын қадағалау қажеттігі нәтижесінде аңшылық шаруашылық құру қажеттігі туындаған. Бұл шаруашылық аң аулауды реттеу, табиғат байлығын тиімді пайдалану, ғылыми-шаруашылық жұмыстар жүргізуі тиіс еді. Бастысы, мұндағы аң-құстың қынадай қырылмауын  қамтамасыз етуі керек болған. Нәтижесінде «Ерту» аң шаруашылығы құрылған. 

– «Ерту» аңшылық шаруашылығы 2019 жылы Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының келісімі бойынша құрылды. Жалпы аумағы 23 мың 70 гектарды құрайды. Келісімшарт 20 жыл мерзімге, яғни 2039 жылға дейін жасалған. Негізінен, көлдер арасындағы аумақтар ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізуге жарамсыз. Себебі бұл маң батпақты әрі сортаң. Бірақ су болған кезде мұнда жануарлардың 6 түрі, құстың 19 түрі мекендейтін. Жергілікті қорықшылар оларды күзетіп қана қоймай, есептерін де жүргізіп жатыр, – дейді «Ерту» аң шаруашылығының қызметкері Денис Овчинников.

Жоғарыда айтқанымыздай, жол жөндеушілер көпір салу мақсатында арнаны жапқан. Арна ішіндегі жұмыстары аяқталған соң құрылысшылар су көзін қалпына келтіруі керек еді. Табиғат жанашырларының сөзінше, олар арнайы техника жолдап, Сасықкөл тұсындағы сағаны ашпақ болған. Бірақ, сағаны ашуға, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш – Алакөл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ Алакөл балық инспекциясы рұқсат етпеген. Оған себеп – «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің 2016 жылғы ағымдық мелиорация бойынша іс-шараларды жүргізудегі биологиялық негіздемесі. Бұл құжатқа байланысты Сасықкөлдегі балық қорын сақтау үшін суды Ерту жаққа ағызу негізсіз деп танылған. Су бөгелуі тиіс болған. 

Осы ретте 2016 жылғы негіздеме неге дәл қазір жүзеге асуы тиіс, аталған құрылым суды 2016 жылы неге бөгемеген деген қисынды сұрақ туындайды.

Бүгінде Ертудегі көлшіктер мен Сасықкөл арасындағы арна үлкен көл жақтан бөгелген. Есесіне батпақты көлшіктер кеуіп қалған. Кезінде қаз шулап, аққу ұшқан аймақ сортаңға айналған. Су өсімдіктерін былай қойғанда су жануарлары атымен жойылған. Осы мәселе бойынша Алакөл әкімдігінің есігін қақтық. Мұндағылар болып жатқан жайдан хабардар. Тек жоғарыда айтылған негіздемедегі жайға байланысты ешқандай қарекет жасамай отыр екен. Енді негіздеменің мәніне үңілсек, құжатта: «Озеро Сасыкколь в настоящее время катастрофически мелеет и не только, самое главное вместе с водой уходит рыба в период нерестовых миграций, а в течение лета и неокрепшая молодь. По итогам исследований текущего года эти потери особенно ощутимы,  икра фитофильных рыб не успела развиться к началу стремительного падения уровня, а если где и выклюнулись личинки, то также погибли, не успев подрасти до жизнестойких стадий. В бредневых уловах у протоки выловлено 5 видов мальков промысловых рыб, которые уносились вместе с водой из озера. Весной т.г. сотрудники ТОО «КазНИИРХ» провели обследование прорана, как со стороны озера, так и за мостом (дорога г. Ушарал-Урджар) после впадения водных масс в урочище «Ерту». В  ходе исследований ещё раз получило  подтверждение, что рыба в виду большого перепада  уровня воды за мостом  безвозвратно теряется в урочище. В этой связи не решение ежегодных  в течении 5 лет рекомендаций науки по капитальной технической мелиорации может привести к потере значения озера Сасыкколь как рыбохозяйственного. Для положительного решения данного вопроса предлагаем: 
1. Закрыть проран в дамбе  ур. Ерту для прекращения  потери воды и рыбы из озера;
2. Построить рыбозащитное устройство.
Эти меры необходимы для  рационального использования и сохранения водных ресурсов в период наступления глобального потепления, а также сохранения  и увеличения рыбных запасов озера», – деп жазылған. 

– Бұрын 2 табиғи арна болды. Олардағы ағыс баяу еді және балықтар көлшіктерде уылдырық шашқаннан кейін «үлкен суға» оралатын. Одан кейін бұл арналарды қамыс басып кетіп, жол бойына және бүкіл аумаққа жайыла бастады. 90-шы жылдары көлден қысқа канал қазылды. Бұл канал бұрынғы арнасына қосылды. Бірақ ондағы судың ағысы қатты әрі бұл канал жарқабақты еді. Таяз суда уылдырық шашатын балықтар ағысқа қарсы көтеріле алмайтын. Амалсыз осындай қадамға барып отырмыз. Біз Сасықкөл балық шаруашылығына қарасты су айдыны екенін ұмытпауымыз керек. Судың далаға кетуі үлкен көлдің табанын таяздай түсті. Балық аулаушылар қайығын жағалаудан 200 метр жерде қалдыруға тура келетін жағдайға тап болды. Міне, басты себеп осы, – деді Алакөл балық инспекциясының басшысы Қалихан Жұманқұлов.

Батпақты көлшіктер мен Сасықкөл арасындағы арнаның жабылуына екінші себеп – Абай облысына қарасты Сағат ауылы ауызсуды үлкен көлден алып отыр екен. Инспекция басшысы осылай дәйектеп отыр. Абай облысының әкімдігіне хабарласқанымызда Сасықкөл жағасындағы Сағат ауылында 2020 жылы ауызсу желісі тартылғанын алға тартты. Биыл қыстың қытымыр кезінде электр жарығы өшіп, насосты стансы істен шығыпты. Әлеуметтік маңызы бар нысан  1 тамызда қайта қалпына келтірілмек. Оған дейін сағаттықтар суды тасып ішеді. Көлдің суын да тұтынады екен. 

Жалпы Балқаш – Алакөл балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының деректері бойынша 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылғы 1 шілдеге дейін Сасықкөл бойынша балық және басқа да су жануарларын аулау лимитіне сай 459,8 тонна балық аулануы тиіс. Жыл басынан бері 420 тонна балық ауланған. Жоспар орындалуға таяу. Көлдегі балық қорын қалпына келтіру да назардан тысқары емес.

– Балық шаруашылығы субъектілері балық ресурстарын жасанды көбейту және толықтыру мақсатында балық шаруашылығын дамыту жоспарларына сәйкес өздеріне алған міндеттемелерді орындау шеңберінде Сасықкөл көліне 45 мың дана бағалы балық түрлері жіберді. Ағымдағы жылдың күзінде көлге 49 мың сазан, тұқы, ақ амур және күміс тұқы балықтарын шығару жоспарлануда, – деді Балқаш – Алакөл бассейнаралық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Айнұр Қалдаева.

Жалпы жағдайдың бұлай бет алуына «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш – Алакөл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ Алакөл балық инспекциясының 2 себеп бойынша қарекет етуі түрткі болып отыр. Дегенмен, негізгі мәселе 23 мың гектар флора мен фаунасы жойылып жатқан көлшіктер алабының жайын анықтау үшін зоология институтымен байланысқа шықтық. ҚР Ғылым және жоғары білім комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының міндетін атқарушы М. Чирикова болған жайға сай жазбаша түсінік берді. Онда: «арнаның мәнін бағалау кезінде «Ерту» сулы-батпақты жерлерінің экожүйесін және «Сасықкөл көлі» балық шаруашылығы су айдынының экожүйесін сақтаудың маңыздылығын салыстыру жүргізілген жоқ. Яғни, «ҚазОРҒЗИ» ЖШС биологиялық негіздемесін әзірлеуші мәселені балық шаруашылығы су айдынының пайдасына біржақты шешті. Сонымен қатар, сіздің хатыңыздың деректеріне сүйене отырып, сулы-батпақты жерлерді сақтау үшін канал арқылы мезгіл-мезгіл су жіберуді ұсынуға болады. Неғұрлым байыпты қорытындыларды алу және тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін біздің институттың мамандары жүргізе алатын ұзақмерзімді далалық экспедициялық зерттеулер қажет», – деп жазылған. 

Қарап отырсақ, «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» мәселені шешуге болады. Бір мысал, көпшіліктің көкейінде «Арал теңізі неге жойылуда?» деген сауал жүр. Теңізге құятын 2 ірі өзеннің бойында егіншілік ұлғайтылды. Бастысы, мол өнім алу. Нәтижесінде теңізге құятын судың көлемі азайып, экологиялық апат орын алды. Теңіздің экожүйесі бұзылып, табанынан көтерілген тұз Солтүстік мұзды мұхиттан, Антарктидадан табылған. Осындайда баба жұртымыз «Ашыққаннан құныққан жаман» деуші еді. Сол сықылды Сасықкөлдегі балықты далаға жібермейміз деген ниетпен 23 мың гектар батпақты көлдерді құрғатып, флора мен фаунаны жойып, экологиялық апат туындатпаймыз ба? Бір мәселені шешу үшін екіншісін туындату аса қажет пе? Табиғаттың ісіне араласу, табиғат заңдылықтарын, қағидаларын бұзу қай заманда адамға опа беріпті? Осындайда Абайдың сөзі ми қатпарында атой салады: «Тірлік үшін бірлік керек, бірлік болғанда ақылға бірлік». Бәлки, хакім айтқандай, қос тарап ақылға бірлікпен тірлікке қадам басар?!

Мәселенің жайын таразылай барған Алакөл ауданындағы сапарда анықтағанымыз – бір кездері Сүлеймен Әбдірахманов пен Алакөл балық инспекциясының қазіргі басшысы Қалихан Жұманқұлов әріптес болған. Тіпті, былтыр қыста ғана 2 кісі иін тіресіп жүріп Ерту аумағындағы батпақты көлшіктерде мұзды ойып, қамыс түтікшелер орнатқан. Аэрация үшін. Себебі, қыста балықтар оттегі жетіспеушілігінен қырылады екен. Ал қазір 2 тарап қырғиқабақ. «Мына жағдай екеудің бір-біріне қыр көрсетуінен туындады ма?» деген сауал санада атой салады. Бірақ болар елдің азаматы мұндайға бармайтын шығар деген ой бәріне тосқауыл қояды. Бастысы, қалай десек те, Сасықкөл де, Ертудегі батпақты көлшіктер де, ондағы табиғат та зардап шекпеуі керек.

Дастанбек САДЫҚ
 

Қатысты жаңалықтар

Көк аспанның қалқаны

Көк аспанның қалқаны

06.08.2026
Берекесі бесіктен басталған

Берекесі бесіктен басталған

06.08.2026
Жаңбырлатып суарудың тиімділігі

Жаңбырлатып суарудың тиімділігі

06.08.2026
Болашақтың берік негізі

Демократиялық үдерістің дамуы

06.08.2026
Талдықорғанда 41 отбасы жаңа баспана кілтіне ие болды

Талдықорғанда 41 отбасы жаңа баспана кілтіне ие болды

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.