Талдықорған: +36°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰСБЕГІ

27.03.2020
КҮЛТӨБЕ
ҚҰСБЕГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қыран бүркіт – мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі. Дәл осынау үшкір ілмек тұмсықты, ұзын қанатты, орасан күшіне толы тырнақты, қоңырқай түсті киелі де қастерлі құсты балапанынан баулып, қолына қондырып, аялап ұстап, көркейте өсіріп жүрген құсбегілер әр өңірден сирек те болса ұшырасып тұрады. Аспантаулар өлкесіндегі құсбегілердің бірі –  Жанболат  Дәулетбақов. 

Елудің мол ішіндегі Жанболат  Кеген ауданындағы Ақай ауылында  тұрады. Жалпы, атбегілік, құсбегілік қанмен даритын қасиет. Біз сөз етіп отырған Жанболаттың әкесі Сәрсенбек қария өз тұсында ел аузына іліккен, жұрт назарын аударған әйгілі атбегі, құсбегі, он саусағынан өнері төгілген шебер ұста, зергер  болыпты. Күмістен соққан, ұлттық нақыштағы ою-өрнекті сақина, білезіктері көнекөз жандарда сақтаулы. Ел мен жердің шежіресіне де жап-жақсы қанық қария Кеңес одағы тұсында ұсталығымен қатар бүркіт бағып, баулып, түлкі аулап, қансонарда жақсы сәттерін өткізген екен.  Өзін көрсең көзің тоятындай, түр-тұлғасы келіскен,  қапсағай ірі денелі, кесек бітімді  атамыз жараулы жүйрік тұлпарымен, қолына қыран құсын қондырып шыға келгенде жұртшылық риза көңілімен қарасып қалатын. Аты алысқа тараған құсбегі баптаған бүркітімен, жараулы тұлпарымен талай-талай мәрте облыстық, республикалық дүрмекті бәсекелерде бас жүлдені еншілеп, мерейлі болған. Құсбегі, атбегі, саятшы қария туралы кезінде  арнайы деректі кино түсіріліпті. Оның бәрін ешкім ұмыта қойған жоқ. Сәрсенбек атамыздың қазаққа тән қасиеттері бүгінде ел аузында аңызға бергісіз әңгіме болып шертіледі. Сол кездегі бала Жанболат әкесінің қасынан бір елі қалмай жүріп, көп нәрсені үйренді. Қызығы, шарапаты өз алдына қиындығы мол, ауыртпалығы бір басына жетерлік құсбегілікті баласына басы бүтін тілемесе де «Қолайларыңа жақса өз замандарыңда көрерсіңдер. Мен сендерге бүркітші бол демеймін. Ат ұстағаннан, жүйрік баптағаннан жаман болмайсыңдар» – дейді екен. 

Тойған қозыдай құлдыраң қаққан Жанболаттай ауылдың қара домалақ баласы әкесінің қасынан қалмай жүріп көп нәрсені үйренді. Жылқыға жақын болып өсті. Құсбегіліктің де қыры мен сырын жадында түйіп қалуға тырысты. Қара шаңырақтарына әрдайым жараулы аттар, арнайы орынға қондырып қоятын бүркіт көрік беріп тұратын. Жанболат өз тұсындағы Кіші Жалаңаш, қазіргі  академик Ақай ауылының бір перзенті. Отан алдындағы борышын абройлы атқарып келгеннен кейін осы ауылдағы «Көлбастау»  ұжымшарында еңбек еткен. Сан-салалы жұмыстарына араласқан. Қой бақты, жылқышы да болды. Әкесіне тартқан биік те мығым денелі жігіт  2000-шы жылдардан бері  құсбегілікпен айналысып келеді. Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Қарақия деп аталатын таудың құзар биігіндегі бүркіттің ұясынан алған «Кереку» атты ұябасар бүркіті бар.

– Бүркіттің бір жасары – балапан, одан кейінгісі – қантүбіт, тірнек, тас түлек, мұзбалақ, көк түбіт деп аталып кете береді. Менің бүркітім көктүбіт жасында. Оны аңға салу – төзімділікті, іскерлікті, асқан шеберлікті қажет етеді. Жалпы, әкемнен көргенім, үйренгенім, жаныма түйіп қалғаным көп пайдасын берді, – дейді Жанболат ашыла әңгімесін айтып.

Текті, киелі құсын қолына қондыра бағып-қағып жүрген Жанболаттың алған жетістіктері аз емес. Оның біріне өзіміз де куә болдық. Өткен жылы  Райымбек ауданындағы Қайнар ауылдық өңіріне қарасты Лабасы тауының етегінде өткізілген «Салбурын – 2019» атты халықаралық құсбегілер жарысында Жанболат Дәуқабақовтай құсбегі азаматымыздың «Керекуі» жүлделі 4-орыннан көрінді. Саятшылардың  «Салбурын» деп аталатын топталып аң аулауын білдіретін бәсекеде мерейлі болған Жанболат  арнайы дипломмен, медальмен, қаржылай сыйлықпен марапатталды. Ол осыдан бірсыпыра жыл бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы Сөгеті өңірінде өткен бүркітшілердің республикалық жарысында  жүлделі І орынға ие болғаны бар. 

– Бүркітіміз негізінен ет жейді. Күз маусымындағы қазан айынан бастап, ақпан айының ортасына дейін аңға саламыз. Қырдан қашқан түлкіні құры жібермейді. Киелі құс ақпан айының аяғынан күзге дейін түлейді. Жап-жақсы ет алып, қоңданып аңға салуға жарамды болып тұрады. Өңірімізде құсбегілікті үйренсем, көрсем деген жастар жоқтың қасы. Егер ықыласты жандар болса, үйретуден жалықпас едім, – дейді Жанболат.

Біз сөз етіп отырған Жанболаттай құсбегі азамат Ақай ауылындағы өнегелі отбасының иесі. Зайыбы Гүлмария екеуі 2 ұл, 3 қызын өсірді. Қыздарын қиясына қондырған жайлары бар. Несібелідей қызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің 4-курс студенті. Төлегендей кенже ұлы халықаралық қатынастар колледжінде оқиды. 

Жанболаттың өзі айтқанындай, өлкемізде құсбегілер де сирек ұшырасады. Сондықтан оларға ауыл, аудан, облыс тарапынан лайықты назар аударылып, қолдау көрсетілгені ләзім. Өйткені, ежелден алтын арқауын, жібек жолын үзбей осы күнге жеткен қымбат қазына, ұлттық құндылығымызды аялай ұстап, жоғалтып алмауымыз аса қажет. 

Қанат БІРЖАНСАЛ
Ақай Нүсіпбеков ауылы,
Кеген ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026
Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.