Талдықорған: +30°C
$ 520.93
€ 609.07
₽ 6.68
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Шаруаларды ширатқан шара

26.06.2025
КҮЛТӨБЕ
Шаруаларды ширатқан шара

Жұмабай Мұсабек

Қай салаға да прогресс керек. Ғылым мен ілім қажет. Жаһандану дәуірінде үдерістің бір орнында тұрмайтыны секілді тәжірибе алмасу, үйрену, жаңа технологияларды меңгеру керек. Күнде түрленген әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің басым саясаты. Бұл ретте әрбір ел өз ауыл шаруашылығына үміт артады. Ал заманауи үдерістен кеш қалған сала сол қауіпсіздікті қамтамасыз етуі екі талай. Ескі-құсқы техникамен, заманауи технологияларсыз ауылшаруашылығында мол өнім алу қисынсыз. Мұнан өзге, жерден елдің ырыздығын жинап жүрген дала еңбеккерлеріне тәжірибе алаңы да ауадай қажет.

Бірінде барды бірі үйреніп, ой бөлісіп, пікір алмасу үшін. Осы орайда облыс әкімдігінің мұрындық болуымен «Алқап күні» өтті. «Август-Қазақстан» компаниясымен бірлесе ұйымдастырған тәжірибе алаңы Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылындағы «Дүйсенбинов А.К» шаруа қожалығы болды.

Жалпы, шараның мақсаты – ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру саласында тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологиялар мен жоғары өнімді ауылшаруашылығы техникасының үлгілерін көрсету. Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаевтің айтуынша, жыл сайын «Алқап күнін» өткізу арқылы өңір шаруалары жаңа мүмкіндікке қол жеткізуде. Биыл облыс дала еңбеккерлері 510,7 мың гектарға дән еккен. Оның 200 мыңы суармалы егістік. Бірер жылдың көлемінде зығыр, үрмебұршақ, рапс сынды дақылдарды егуді қолға алуда. Биыл «Дүйсенбинов А.К» шаруашылығы 500 гектарға зығыр орналастырыпты. Осыны тілге тиек еткен басқарма басшысы мұндай дақылдардың экономикалық мүмкіндігі зор екенін алға тартты.

– Бұл дақылдар фермерлер үшін экономикалық тұрғыдан тиімді. Сонымен қатар, бүгін біз суарудың дискретті әдісін ұсынып отырмыз. Бұл суды үнемдейтін технология, оны қолдану оңай әрі қолжетімді. Осы шара арқылы өңір шаруаларын жаңа дақылдарды егуге бағыттауды көздеудеміз. Оның үстіне «Август-Қазақстан» мекемесі жаңа өнімдерін ұсынуда, – дейді Нұрдәулет Кененбаев.

«Дүйсенбинов А.К» егін һәм мал шаруашылығын түлетіп отырған бірден-бір ірі қожалық. Қазіргі таңда мемлекеттің қолдауы нәтижесінде техникалық базасын жаңартты. 80 адам нәпақа тауып отырған қожалықтың азықтық қор сақтайтын 2 қоймасы бар. Уақыт үдерісіне үн қосқан қожалықтың алқабында мұндай шараны ұйымдастырудың мәні осымен айшықталса керек.

– Алғаш рет зығыр, үрмебұршақ, рапстың неміс сортын септік. Бұл тиімділігі жоғары дақылдар аймақтың климаттық жағдайларына төзімді әрі оларға деген нарық сұранысы жоғары. Бүгінде біздің иелігімізде 4 шаруашылық, 50 бірлік ауылшаруашылығы техникасы бар және 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, – дейді шаруашылық басшысы Айдын Дүйсембинов.

«Алқап күні» аясында шаруалар жаңашылдық пен жаңа технологияларды меңгерді. Мұндай шаралар дала еңбеккерлерінің әр күнін өнімді етуге бағдарланған.

Дастанбек Садық,
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.