Жетісу облысы бойынша филиал директорының орынбасары Омаров Абзал Сапаргалиевич жас жұбайлар мен жаңадан ата-ана атанған азаматтарды айтулы күндерімен құттықтады. Оларға Мемлекеттік корпорацияның елтаңбалы мөрі басылған неке және баланың туу туралы куәлігі берілді. Сондай-ақ, қызмет алушыларға құттықтау хаттары мен кәдесыйлар табысталды. Бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатыр.
АХАТ функциялары көшірілгенмен қызметтерді беру тәртібі өзгертілмейтінің атап өтеміз. Некені бұрынғыдай тіркеуші органның бөлімшесінде рәсімдеуге болады.
Сондай-ақ, азаматтар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде өткізуді таңдай алады. Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеу тариф құны 3874 теңгені құрайды, ал туу туралы куәлік тегін беріледі





