Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШЫНАЙЫЛЫҚ ПЕН СЕЗІМТАЛДЫҚ ДӘРІГЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТІ

21 маусым 2020
КҮЛТӨБЕ
ШЫНАЙЫЛЫҚ ПЕН СЕЗІМТАЛДЫҚ ДӘРІГЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Медицина қызметкері өз қызметінде әртүрлі жағдайларға кездеседі, адамдармен қарым-қатынасы да әр алуан. Дәрігердің алдына келген науқасты ашылып сөйлете алуы, жұқтыру себептері, сондай-ақ оның жауаптары туралы қаншалықты білуі қарым-қатынас сапасына тікелей әсер етеді. Мұның бәрі маманның сезімталдығын қалыптастырады.


Эмоционалды ақыл – толеранттылық деңгейінің маңызды критерийлерінің бірі, бұл өз кезегінде маманның кәсіби құзыреттілігін анықтайды. Сондықтан АИТВ жұқпасы бар науқастармен жұмыс істеу кезінде дәрігердің ақыл-ойы өте маңызды фактор болып табылады. 

АИТВ жұқпасы – бұл адамның мінез-құлқына байланысты туындайтын ауру. Эпидемиялық жағдайды өзгерту үшін адамдар ең алдымен аталмыш індетке қатысы зор қауіпті мінез-құлқын өзгертуі қажет. Ең алдымен, медицина қызметкерлері өздерінің мінез-құлқын өзгертуі тиіс. АИТВ-ның алдын алу сәтті болуы үшін үндемеу кедергісін жеңіп, күнделікті жұмыста АИТВ мәселелері бойынша кеңестер беріп отыру қажет. Медициналық көмектің негізі – пациент пен емдеуші арасындағы сенім. Сондықтан мамандандырылған медициналық көмек бағдарламалары аясында пациенттерді тартуға және ұстап қалуға көмектесетін психологиялық тұрғыдан қолайлы орта құру өте маңызды. Сенімді атмосфера пациент пен дәрігер арасында шынайы және тұрақты қарым-қатынасты қалыптастырады, пациент АИТВ-жұқпасына қатысты мінез-құлқының сипаттамаларын талқылауға ашық болады.

АИТВ-ға байланысты медициналық көмекке жүгінетін адамдар үлкен психологиялық күйзеліске ұшырауы мүмкін және отбасы мен қоғам кінәратынан қорқады. Мұндай жағдайда пациенттің емдеуші дәрігермен байланысы ерекше маңызды. Медициналық мамандар пациенттің мінез-құлқына және жеке іс-әрекеттеріне баға бермейді. Олар пациент туралы ақпаратты құпия сақтап, оны мұқият тыңдап, жігерлендіріп, сұрақтарына нақты жауап беріп, жан-жақты қолдау көрсетуі керек.

Мен ЖИТС орталығына 2010 жылы эпидемиолог ретінде жұмысқа орналастым және еңбек жолымды психологиялық жағынан қиын контингент – жүкті әйелдерден бастадым. Алғашқы кеңесім әлі есімде. Алдымда әдемі, ештеңеден алаңсыз жүкті келіншек отыр. Бізді пациентті қабылдамас бұрын оның медициналық, психологиялық және әлеуметтік мәселелерін тұжырымдау үшін қолда бар ақпараттар арқылы жан-жақты зерттеп, психикалық жағдайын бағалап, қажеттіліктерін, мақсаттары мен құндылықтарын анықтауға үйреткен. Мен оның толық эпидемиологиялық тарихын жинадым және күйеуімен бөлек сөйлестім. Жұқпаның берілу жолы мен көзін таптым. Алайда, пациенттерім кеткен соң еріксіз жыладым. Әріптестерім қасыма келіп, мені жұбата бастады. «Олар әлі жас қой, АИТВ жұқтырғаны әділетсіздік емес пе? Күйеуі байқамай қыдырып қойған шығар, ол үшін келіншегі неге азап тартуы тиіс? Балаларына өскенде не айтады?» – деген сұрақтар ойымды шымшылап, екі күн қатарынан мазасыз күй кештім. 

Сондықтан, осы салада жұмыс істейтін кез келген медицина қызметкері өздерінің білімі, дағдылары мен мүмкіндіктерінің шегін түсінуі керек. Осыған байланысты оған қызмет көрсету деңгейін жақсарту, әріптестермен бірге тиімді кеңес беру, ұжымда жұмыс істеу, тәжірибе, білімі мен дағдысын толықтыру міндеті тұр. Сонымен қатар, АИТВ жұқтырған науқаспен жұмыс істейтін дәрігерлер жеке және кәсіби өсуіне үнемі назар аударуы керек. Әйтпесе, күйіп кетуің де ғажап емес.

Науқастар өздері жайлы ауыр жаңалықтарды көңіл-күйлері мен көзқарастарына орай әртүрлі қабылдайды. Әлбетте, дәрігер фактілерді өзгерте алмайды, бірақ ол пациенттің көзқарасын түзетіп, алдағы күннен үміттенуіне көмектеседі. 

Ал науқастар дәрігерден шынайылық пен сезімталдық күтеді, өтірік айтпауды, шындықты бүркемелеп, фактілерді жасырмауды сұрайды. Себебі, үміттен айырылғысы келмейді. Ал өмірге деген үміт шынымен бар. 

Бізге, ЖИТС орталығының мамандарына, науқастармен жылы қарым-қатынас орнатып, пікірлесе білу өнері ауадай қажет. Сондықтан, бұл бағытта қарқынды және жан-жақты жұмыс жүргізілуде. 

Айтпақшы, мен өзімнің алғашқы емделушім – әлгі жүкті келіншекпен 10 жылдан аса уақыт сөйлесіп келемін. Оның қазір дені сау, алтын асықтай екі баласы бар. Ол бақытты және әр күніне шүкір айтып ғұмыр кешуде. Бақытыма қарай, ұзақ уақыт бойы менімен байланыс орнатқан емделушілерім де өте көп. 

 Самал ҚОЖАЛЫМОВА,
Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес 
орталығының маманы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
Алакөлде «АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Алакөлде «АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.