Талдықорған: +16°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Табиғи азықпен бордақылайды

11.01.2025
КҮЛТӨБЕ
Табиғи азықпен бордақылайды

Мал басын өсіріп, оны күтіп-баптауда ауыл баласының абдырап қалар тұсы жоқ. Арқаны кеңге салу үшін әуелі тәуекел, содан барып білек сыбана жұмысқа кірісу керек. Түлік бағып күн аунатып, түн өткізу арланатын іс емес. Ірі қара бордақылау атакәсібіміз болмаса да қазіргі таңда елімізде бұл іспен айналысатын азаматтардың қатары көп. 


Мал бордақылаудың да сан түрлі әдіс-тәсілі бар. Өсіріп отырған түлігін аз уақыт ішінде семіртіп, тез арада саудалап жіберуді кім қаламайды дейсің?! Әрине, көбінің көксегені осы. Бірақ сол асығыстықтан опық жейтін, сайып келгенде тұтынушылар. «Майы май емес, көбік екен, сүйек майы толысып, еті жетілмеген», – деп сын айтып жатады. Бетіне келмесе де мал иесіне, қала берді, базардағы саудагерге тіл тигізіп, кіжініп алады. Оның бұл бұлқынысын дұрыс демей көріңіз?! Амалсыз  іштей налисың.

Түлік семіртуде кей шаруалар монензин, лазалоксид, румензин, селексен, токоферол, тилозин, бацитрацин сынды басқа да химия, биологиялық қоспаларды мал азығына қосып береді. Жануарға картон, қағаз беріп семіртеді екен дегенді былайғы жұрт естіп, біліп жүр. Мұның барлығы түптің түбінде адам мен төрт аяқтыға да  зиян келтіретінін аңғарғанымен алыпсатарлардың ақша үшін құлқынның қамын күйттеп кетіп жатқандары жасырын емес.

– Химиялық қоспалардың қолданылуы әр елде түрлі нормативтер мен заңнамаларға сәйкес реттеледі. Сондықтан қолданар алдында ветеринармен кеңесу қажет. Кейбір елдерде өсу стимуляторлары ретінде антибиотиктер мен гормондар қолдануға рұқсат етіледі. Бірақ аталған тәсіл денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Малды химиялық жолмен бордақылау экономикалық тұрғыда тиімді болғанымен оның ұзақмерзімді салдары туралы ойлану қажет. Химиялық қоспалар қолдану үшін олардың қауіпсіздігі ғылыми тұрғыда дәлелденген болуы және рұқсат етілген шектеуде пайдаланылуы маңызды, – дейді Сырымбет ауылдық малдәрігерлік пунктінің басшысы Нұрпейіс Сыбанбаев.

Мерей Тазабеков мал бордақылау кәсібіне бел шеше кіріскендердің бірі. Бұл іспен айналысқанына 8 жылдың көлемі болыпты. Үйлі-баранды болған соң жұмыс керектігін аңғарған азамат астындағы көлігін сатып, содан түскен ақшаның жартысына қора салып, қалған бөлігіне 6 бас бұзау алады. Оларды бордақылайды, уақыты келгенде сатып жіберіп, сатылған малдың орнын толтырып отырады.

Осы күні Мерейдің қорасында 35 бас ірі қара бар.  Зеңгібаба түлігін 6 ай семіртіп, базардағы ет сататын орындарға апарып өткізеді. Жас кәсіпкер жылына 70 бас ашатұяқты бордақылайды.

– Өз басым химиялық қоспалармен мал азықтандыруға қарсымын. Арнайы зертханам болмағандықтан химиялық азықтың құрамында не барына көз жеткізу мүмкін емес. Ата-анамыз әуел бастан адалдыққа үйреткендіктен сол жолды ұстанамыз. Жұрт алдында бетім ашық болу үшін де қорадағы сиырларды табиғи азықтандырамын. Малға арпа, бидай, жүгері, жымық, кебек сынды  9 түрлі жем берем. Оның сыртында жоңышқа, масақ, шөп  бар. Жалпы екі мезгіл суарып, екі мезгіл шөбін беріп отырамын, – дейді Мерей Ахметжанұлы.

Табиғи жолмен семіртілген аша- тұяқтан кім бас тартсын?! Ауыл ішінде өтетін той-томалаққа, асқа, соғымға деп Мерейден мал сұрап келетіндер де көп. Малдың ертерек бойына ет пен май жинап тұрғанын көз алдыларында бауыздап көрсетіп, көліктеріне артып жіберетінін жас кәсіпкер жасырмайды.

Талапшыл азамат әуелде түрлі салада қызмет еткен. Электрик, мұғалім, күзетші де болған. Ондағы айлықтың аздығы көңілін көншітпеген көрінеді. Отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінген ол бар ықыласын аталған кәсіпке бұрады. Бұл күні ол 3 баланың әкесі атанып отыр.

Кәсіп иесінің алға қойған мақсаты айқын. Ол алдағы уақытта мал басын өсіріп, жылына 100 ашатұяқты бордақылап сатуды көздейді. Тек оған кедергі болып отырған жер мәселесі. Жергілікті әкімдіктен мал бордақылайтын жер сұрай барған жас жігіт биліктегілерден тұшымды жауап ала алмаған.

– Біз көбіне етті Мерейден аламыз. Табиғи тұрғыда таза болғандықтан көңілімізден шығады. Оның сиырларды қалай қоректендіретінін көзбен көргенбіз. Ол малдың азығына ешқандай қоспалар қоспайды. Химиялық жолмен семіртілген малдың еті бірден белгілі болып тұрады. Қазір халық өзіне не қажеттігін жақсы біледі. Сондықтан еттің де тазасын, табиғи құнарлысын таңдайды, – дейді ет сатушы Берік Айтбаев.

«Ет етке, сорпа бетке» дейді атам қазақ. Олай болғанда етің су татып, май деп асқаныңыз көбік болып шығып дегбіріңіз қашпаса екен дейміз. Соғым аларда бордақыланған малға бір қарап алғаныңыз жөн. Не десек те ар-ұяттан аттамай адал қызмет қылатын азаматтардың қатары көбейсін.

Медет Жұмабай

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.