Талдықорған: +36°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАЛҒАТ. ТАЛАНТ. ТАЛҒАМ

18.08.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Туабітті  саф табиғатынан ауытқымай, шын күліп, шын сөйлер адамдар селдіреген мына шақта осы кеңістіктегі жарқыраған үркердей топқа  аңсарың ауа беретіндігі аян. Оңтайы келіп, тілдесе қалсаңыз, өкпеңді тұмшалаған қапырық атаулы қашақтап, құр атқа мінгендей, қунап қаласыз. Көк жайлау төріне көтерілгендей, шұғылалы күйге бөленесіз. Әншейінгі жайдақ күндергі санаңды сан торлаған толғақты мәселелердің сіресі сетінеп кете барады көз алдыңда. Беу, мынау бес күн жалғанда жүрек түбіне кір байламай жүргенге не жетсін! Тас қайраққа түскендей қайта түлейсіз. Көңіл айдынында әманда арнасы кемерленіп жатар асыл мұраттарды және бір темірқазық тұтасыз. Ордалы ой толқындары орныңыздан қаңбақша қалай көтеріп әкеткенін сезбей де қаласыз! Өзім үшін сондай бір қимас та қымбат тұлға  – іні-досым Талғат Батырхан!


Сексенінші жылдардың ортасында  сол тұстағы Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетіне  бір шоғыр жастар жиналған еді. Білікті редакторымыз Тұрсын  Әбдуәлиевтің шығармашылық ұжымға тың серпін беру идеясының жемісі еді бұл.Үлкен аламанға қосылған таңдаулылар шамасына қарай шаба да білді. Кіл жүйріктің жел жағына шығып алып, алдыңғы топтың қанын қыздыра берер тұлпарлар іспетті Талғат ә дегеннен-ақ  көзге түсті дерсіз. Таппайтын тақырыбы, баспайтын, шақпайтын тау-тасы жоқ. Екі-үш материалды машбюроға тапсырып тастап кезекті іссапарға жөнеп бара жатқаны. Барған жерінен қойын кітапшасы тиісті мәліметтерге сықиып қайтады. Жергілікті жердің әлеуметтік мәселелерінен бастап, ауылшаруашылығы, жастар тақырыбы, үгіт-насихаты дейсіз бе, бар саланы барынша қамтып келеді. Бұл дегеніңіз  кемінде бір айлық азығы журналистің. Сол-ақ екен, құйын тербеген құба жонда төрт түлік өргізген малшы-қосшы, темірден түйін түйе техника құлағында ойнаған механизаторыңыз бен білім шырағын маздатқан ұстазыңыздың, ақ желеңді абзал жандардың  асыл бейнелері Талғатқа тән сұлу стиль, сырлы сезім, сарабдал мүсіндеу аясында газет беттерінен жарқырай көріне бастайды қаздай тізіле. Бұдан кейін редакциялық лездеменің басты кейіпкері, әрине, біздің Талғат! Мақтау, мадақ та өзінің еншісінде. Бұған масаттанып, ұзын арқан, кең тұсауға салынып жатқан ол жоқ, керісінше алға ұмсынған үстіне ұмсына түседі.

  Иә, бүгінде қабырғалы еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстанда» бас редактордың орынбасары лауазымды қызметіндегі қазақ журналистикасының бәйгеторысына айналған Талғат Батырханның жалаулы жолы осылайша бастау алған еді. Жылдар толқынында қаламы ұшталып, өресі өсіп, қоғамда салмағы бар тұлға ретіндегі бейнесі де толыса берді. Өмір жолы – төзім жолы. Өзін өзі құрыштай баптап жүріп, еңселене түсті. Абыздарша тереңнен толғады. Ақ пен қара, жақсы мен жаман атаулының аражігін ажыратты, дөңгеленген дүниенің сәулелі сәттерін алғаусыз мейіріммен суреттеуге ұмтылды. Ел-жұрттың шынайы құрметіне бөленді. Белдескенмен белдесіп, елдескенмен елдесе білер қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілді. Көптің көңіліндегі күлтелі мәселелерді биліктің алдында көлденең қойып, турасын айтты. Тұралаған кем-кетікті түзетті. Тура жолдан  тайқығандарды сөз-семсермен күзетті. Ұлы Абайдың «Жүректе айна жоқ болса, сөз болмайды өңгесі» қағидатына өзі тағаланып қана қоймады, өзгелерді де ұйытты. Дәл осылай шоқтай жайнап, жасындай жарқылдай білген  замандасымыз газеттің аты «Жерұйық» аталған тұста жастығына қарамастан бас редактордың орынбасары қызметіне жоғарылатылды. Бабына қарай бақ келді. Қарағайдай қалың оқырмандар қауымы бұған әріптестерінен артық қуанбаса, кем соқпады. Бас редактор Тұрсын Әбдуәлиевтің: «Талғат орынбасар тұрғай, бас редакторлыққа лайық. Жазуының  өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі, үлкен-кішіге ілтипат-құрметі, сөйлесе қалсаң сөзінің шұрайлылығы қандай» деп аса мәртебелі баға бергені де күні бүгінге әріптестерінің жадында.

 Тұрсын аға айтқандай, Талғатпен екеуара, тіпті көп ішінде болсын әңгімелесе қалудың өзі бір әлем! Сол тұстағы редакция ғимараты шағын еді. Дәлізі де тар. Үстел үстіндегі жазудан қолдары қалт ете қалған мезетте журналистер әлгі тар дәліздің түбіндегі жалғыз жарық көзі  – терезенің түбіне жинала қалып алқа-қотан дуылдасып жататын. Мұндайда бәрінен бұрын Талғаттың дауысы жарқын-жарқын естілер еді. Оның әдеттегі үстемелей, төгіп-төгіп тастай берер әңгімешілдік мақамы баршаны лезде жинап ала қоятын. Тыңдамасқа ләжіңіз де шамалы. Талғат қай тақырыпқа түрен салсаңыз да  аумақ-шумағын бүге-шігесіне дейін біліп тұрады. Кеудесін ақық дүниелер керіп тұрады. Арғы-бергі тарихты тамырлата келіп бүгінгі елдік жай-күймен сабақтастыра әдіптеп бергенде «бәрекелділеген»  қызметтестері дәлізді басқа көтеретін. Сондай бір базарлы шақта ғой ақын Әбен Дәуренбековтің: «Мына біздің Талғаттың сөзінің  бір қанаты – жастық, бір қанаты  – қарттық сияқты. Өткеннен де, қазіргіден де сөз маржанын терген бала!» деп арқасынан қағып жүргені ризашылықпен. Осылайша қызды-қыздымен тұрғанда, мынандай «дәліздік жиын»  лебінен бөлмесінде байыз тауып отыра алмаған бас редакторымыздың ортамызға қай мезгілде келіп қалғанын да аңғармай қалатынбыз…

Әріптесіміз Светлана Буратайдың: «Талғат сөзді түйдек-түйдегімен тастаудан алдына жан салмайды. Сөйте тұра, өзгелердің сәтті айтылған сөздеріне, ұтымды оралымдарына, тәуір жазбаларына қуана біледі. Бұл есті азамат үшін жақсы қасиет» деп бір мақаласында атап өткені бар еді. Осынау  орынды пікірге Талғатпен қанаттас болғандардың қосылмайтыны жоқ. Иә, бақытты болу дегеніміз – басқаға бақыт сыйлау. Ол қашанда өзге журналистердің кез келген құтты қадамына алдымен қуанады. Көтеріп отырады, қолдап жүреді. Қаншама хас таланттардың  журналистика көгінде еркін самғауларына ақ жол ашты десеңізші! Бір жолы «Тәке, қазір тума таланттардан қума таланттар озып тұр ғой» дегенімізде: «Солардың өн бойын салмақтап, таразылап отыру ісі –  енді біздің еншімізде қалды-ау» деген еді толғана. Жұғысты болар тәлімінің бірі де осы дер едік. Жайсаңдардың жаны қашанда алаулы!

Бөгде ешкімге ұқсамас өзіндік мектебі қалыптасты. Шыңыраудан су тартқандай терең шеберлік, бәденді бағдар, талғамды қалпына тәнті жүректер лүпіл қағады. Ұлттың имани келбетіне тән иірімдері бауырына тарта береді бірден. Толыбай сыншы секілді тұлпардың топшысына қарап-ақ тағдырын бағдарлай білер қабілет-қасиеті көптің игілігіне асты. Талапты шәкірттерінің бірі Сайрагүл Сұлтанқажының: «Талғат Батырхан ағамыздың мектебі, тақырып таңдауы ерекше болатын. Үнемі бәрімізді күлдіре отырып, әңгіме айтатын. Сол кездері біздер үлкен мектепте жүргенімізді өзіміз сезбеген сияқтымыз…  Бірақ толқыған сайын іркіттің бетіне жиналатын май сияқты, жұғымды мектеп әрқайсымызға үлкен  тәлім-тәрбие берді. Ол кейіннен өзге орталарға барғанда маған қатты көмектесті» деген ақжарма лебізінің түпкі астарында айтып жеткізгісіз сыр жатыр.

Жақсы хабар – барыңды алар, жаман хабар – жаныңды алар, деген қағидатты басшылыққа алды. Барынша  жақсылық атаулының мерейін өсіруге ұмтылды. Жақсылықты бұқтырған жерде жамандықтың қаулап кетерін жан-жүрегімен сезінді. Жаман адам жоқ – жаман көзқарас бар, тілшілердің тезіне салу арқылы қоғам түтінінің түзу шығуына сеп болу – басты парызымыз деп, баса көрсете беруінің  түп төркіні де осында.

  Жоқ іздеген жан жолай  дамылдай бермесе керек. Біздің Тәкең де қолға алған ісін бәйге төріне жеткізбейінше байыз таппайтындар сойынан. Василий Песковтың   шырайлы шығармашылығы мен ізденгіштігін әркез айрықша бағалайды.  Өзі де  сол секілді айтулы асқар бел, айдын көлдерден қаймықпай асты. Адамзат биігіне шырқау көтерілген, сондай-ақ өсіп-өнген тамыры қасиетті қазақ жерімен етене байланысты небір ардақ тұлғалардың  портреттік очерктері галереясын телегей түзіп шықты. Шетелдердегі қазақтан шыққан министр, үкімет мүшесі, аймақ басшысы, беделді ғалым, дәрігер, өнер тарландарының образдары көз алдымызда кестеленіп  қалды. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінде осынау еңбектері үлгі тұрғысында дәрістелініп жатса, уақыт сынынан өткендігі деп ұққан абзал.

  Тәкеңнің Мәскеуге арнайы сапарлап, Талдықорған педагогикалық институтында білім алған Татьяна Полтавскаядан алған сұхбаты бір төбе. Ішкі қуатымен қатар рухтық, елдік дидары басым еді. Қазақ тіліне судай әрі дәстүр-салтымызды әбден бойына сіңірген Татьяна замандасымызбен арадағы бұл әңгімесі кейін еліміздегі қазақи тәрбие алған үш Татьянаның  жарасымды жүздесуіне ұласқанын жақсы білесіздер. Республикалық телеарналардан қызықты да ғибратты хабарлар ұйымдастырылып, көрермендерді бір желпінтіп тастаған еді. Соның бастауында идея авторы –Тәкеңнің тұрғандығы тіптен тамаша!

Бақытын балдырған шағынан жүрегінде әлдилеген сүйікті мамандығынан тапты. Ұтқанынан ұққаны көп шығары да содан. Үстінен құс ұшырмас кәсібіне де, өзіне де шаң қондырып көрген емес ұзына жол бойында. Талғат Батырханның абыройы – қазақ журналистикасының беделі деуіміз де осы дәйекпен бедерленеді. Наркескен азаматкерлік пен кәсіби жанкештілік, айналасына деген алғаусыз мейірімі ғұмыр-дария арнасын байыта берді. Тұлғалық тұғыры мен журналистік ар-ождан, кескін-келбетін жария айшықтады. Адами болмысымен тонның ішкі бауындай қабысып жатқан мына бір тұжырымына иланбай көріңіз енді: «Біздің әріптестеріміздің басқа сала өкілдерінен бір артықшылығы бар. Та­лай науқасты ажалдан арашалаған аса білікті дәрігерді, төрткүл дүниені төң­керіп тастардай ақыл-ойға ие ғұлама ға­лым­ды көпшілік біле бермеуі мүмкін. Ал, халықтың көкейіндегісін көтеретін тіл­шілер, әсіресе тележүргізушілер тез танылады. Елбасы ұшағына мініп еңку-еңку ендіктерді аралау, әлемдік державалардың патшалары отыратын салтанатты сарайлардың төріне шығу, тұғыры биік тұлғалармен терезесі тең құрдасыңмен сырласқандай сұхбат құру екінің біріне бұйырмайтын бақыт!». 
  Бұдан онжылдан астам мерзім бұрын  Астанадағы «Астана хабары» газетінде «11-ші қаламұш»  айдарымен танымал журналист-қаламгерлер туралы тартымды дүниелер тұрақты беріліп тұрды. Тәкең бұл айдардың да ардакүрең кейіпкері деңгейінде байтақ паш етілді. Мақаланың аты – «11-ші қаламұш». Авторы – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, жазушы-журналист Бауыржан ОМАРОВ. Бұл турасында Баукең: «11-ші қаламұш» – танымал журналист Талғат Батырхан туралы эссенің атауы. Себебі, ол біздің бала кезімізде бәріміз жазу өнерін үйренген 11-ші қаламұшты әлі күнге дейін пайдаланатын. Осы детальді тұтас бір-бір буынның ортақ машығы ретінде қарастырдық. Содан басталды… «11-ші қаламұш» кейін «Төртінші билікке» жол ашты. Біріншісіне Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, екіншісіне Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Құл-Мұхаммед алғы сөз жазды» деп еске алады ыстық ықыласпен.

«Журналистика – еріккеннің ермегі емес!» деп кесіп айтқан да біздің Талғат! Сол пікірі – пікір! Өйткені ол Ұлттық журналистика – Ұлт ұстыны деп пайымдайды!  Сондықтан да бұл өрісте ұсақ-түйек шаруа жоқ ол үшін. Ойжоталап жатпайды. Жеті қат жердің астына түсуге тура келсе де мәрелі көмбеге бірден тартады. Табанды қалпында я тесіп шығады, я кесіп шығады! Қаршадайынан әркім өмір өткелектерін, сан-қабат қиындықтарын өзі жеңуге тиіс, оның адамшылығының өзі осында ғой, деп ұғынып өскендігі әркез үлкен демеу. Әмісе қиырға көз салып, қиядағыны іле білуінің қисыны да осында деп білеміз. «Неге екенін қайдам, қазіргі қазақ жур­налистикасы өзінің бұрыннан қа­лыптасқан классикалық сипатынан айы­рылып қалғандай. Әңгіме оқығандай әдемі әсерге бөлейтін көркем очерктер көзден бұлбұл ұшты. Әттегенайлатқан тіл, стиль кемістігіне әбден көндігіп алдық. Қара сөздің қаймағы түгіл қас­па­ғына қасық батырмағалы қашан. Осын­дайда реформатор редактор Сей­дахмет Бердіқұловтың арман-аңсары ойға оралады. «Шіркін, газеттің ресми мақалаларын ауыз әдебиетінің стиліне салып жазса ғой…» деп еді-ау, жарықтығым. Сары қымызбен сарық басқандай ондай оңды дүниелерді оқуымыз енді екіталай шығар» деген қиналысына қалайша қосылмассыз осыдан соң! Бұдан ұғарымыз – өзіне сенген өзгені де сендірмек.

  Құстың ұясындай жып-жылы отбасын, шаңырағының шырайы –Айгүлін, өнегелі де өскелең ұрпағы,  алған  «Нұр сұңқар»      сыйлығынан бастап барлық марапаттарын  тілге тиек етсек, жуық маңда тізгін тарта қоймасымызды аңғарып отырсыздар. Келер жолға да келелі бір желіс қалсын делік.

Айтпақшы, Тәкең асқарлы биік – алпысқа келді деп,  қуанып жатыр ой мен қыр, даламыз бен қаламыз. Сөйтетін де жөні бар. Өйткені алпыстық ардақ бейнесін алты жасында-ақ сомдап қойған!                                                            

  Елге сапарлаған сайын қазақ баспасөзінің қара шаңырағы саналар «Жетісу»  газеті редакциясына соқпай кетпейді. Мұндағы өзіне ерекше ілтипат білдірер әріптестерімен арқа-жарқа әңгіме-дүкен құрады, бәріміз де бір жасап қаламыз. Ара-арасында астаналық шаһардың  соңғы жаңалықтары мен ділгір дүниелерін, әуелі олардың шешу жолдарын да алға тартады. Таланты түйсікпен үйлескен Талғат Батырхан сынды текті тарландардың  астанада тұруы заңдылық-ау түйсінген жанға!

Әміре ӘРІН

Қатысты жаңалықтар

ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026
Сенім мен әділет кепілі

Сенім мен әділет кепілі

12.07.2026
Ұлттық  құндылықтарды дәріптеді

Ұлттық құндылықтарды дәріптеді

12.07.2026
Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.