Талдықорған қаласында полицейлер қарасора өсірген 44 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қалалық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нәтижелі жедел-тергеу іс-шарасын өткізді. Ұзақ уақыт бойы жедел қызметкерлер күдіктінің әрекеттерін бақылауда ұстады.
Жиналған ақпарат негізінде оның тұрғылықты жерінде санкцияланған тінту жүргізілді. Бақша аумағында ерекше иісі бар өсімдік тектес заттар табылды, бұл марихуанаға тән екені анықталды. Көшет өсірілетін жылыжайдан полицейлер пластик бөтелкелерден өз қолымен жасалған шылым шегу құрылғысын анықтады. Қорадан өсімдік шикізатының елеулі мөлшері табылды.
Сонымен қатар, ас үйде бес қағаз орамда тыйым салынған тұқымдар бар екені анықталды. Тінту қорытындысы бойынша:
-
138 грамм жаңа піскен қарасора,
-
424 грамм қорадан табылған жаңа піскен марихуана,
-
9 граммнан астам марихуананың тұқымдары,
-
196 грамм жаңа піскен қарасора анықталған.
Қазіргі уақытта іс бойынша барлық деректер мен ықтимал қатысушыларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Заңсыз есірткілік заттар құрамындағы тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру үшін үштен сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.





