Талдықорған: +15°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«ТАПСЫРМАМЕН» ТҮРІЛГЕН ШЫМЫЛДЫҚ

20.09.2024
КҮЛТӨБЕ
"ТАПСЫРМАМЕН" ТҮРІЛГЕН ШЫМЫЛДЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

«Сөз – заттардың жарығымен сәулеленіп жарқырайды» депті ана тілі үшін саналы ғұмырын сарп еткен поляк ұлтының тіл маманы, профессор В. Дорошевский. Бұдан ілгері уақытта әйгілі Гоголь: «Кейбір атама заттың өзінен де қымбат» деп атағаны көзі қарақты жандарға белгілі. Бұл айтылған қос пікір де өмір шындығы мен руханияттың арақатынасына саяды. Бүгін сөз жасанған (түрлі термин, уақыт талабына сай туындаған зат атауларына байланысты), өнер түрленген (тәжірибеге орай) уақыт. Сондықтан да қос алыптың пікірі кейбір тұрғыда қарама-қайшы көрінгенімен түйісер нүктесі бір.  


Түйісер нүктесі, көкжиегі бір болса да ұлт құндылығы мен руханиятындағы әр дүниенің арна, жылға, сілемінің өзіндік орны бар. Ол әдебиет, мәдениет, өнер болсын, тіпті қарапайым ауылда күн кешкен ұста, қолөнер шеберінің темір мен ағаштан түйген түйіні, зері болсын, әр саланың өз туындысы, бағасы, орны межеленген. Десе де тіл дамуы, өнер өркендеуі керек. Оған уақыт пен сол кезеңге сай жасалатын тәжірибе қажет. Өнердің өрісті болуы – елді рухани шөліркеуден сақтамақ. Жанға шуақ дарытпақ, өмірдің өзін көз алдыңда көлбеңдетпек. 

«Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер – театрға» (Ғ. Мүсірепов) соңғы жылдары үлкен тәжірибе жасалынып келеді. Дұрыс, құптарлық дүние. Десе де мыңжылдық сүрлеу-сүрдектен де жаңылмауымыз қажет. Күннің алапат ыстығынан мұрты бұзылмас мыңжылдық мұздақтардай ғажайып дүниелер бар, оларға кішігірім өзгертулер енгізгенмен табиғаты, қалыбы, зады сол күйінде қалады. Театрдың да өзіндік бағыты, ғажайып қолтаңбасы болған жөн. Күні кеше Би апа театры – Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 49-шы маусымын ашты. «Көке» премьерасына көзайым болдық. Көңілдің көкшалғынын жел ұрғандай жапырайып, жығылып қайттық.

Рас па дерсіз? Рас! Сынның шын болғаны жөн. Әйгілі Әуезов тәлімі солай нұсқайды, соны меңзейді. Біз де осы сүрлеуден сүріне қоймаспыз. 

Айта кетерлігі, 10 жылдан астам уақыт көрермен болып, сол уақыт аралығында әдебиет пен мәдениетті қатар жазып жүрген журналист ретінде сахна әлемін, театр тынысын бір адамдай түсініп-тұшынып, түйсінетін деңгейге жеттік деп ойлаймыз.  Сондықтан да 49-шы маусымның ашылуынан көңілді көкжиекпен астастырар қуаныш, рахат, ләззат сезімін арқалап қайтқанымыз жоқ.

Ең алдымен бекзат, мөлдір өнер – театрға тәжірибе жасап жатқанына қуаныштымыз. Соңғы бір жыл ішінде 6 премьера көрерменге жол тартты. Терсіңді еңбектің нәтижесі. Мойындауымыз, құрметпен қарауымыз қажет. Десе де соның бәрі ойлы көрерменді өзіне шақыратын, үнемі көруге ынтық ететін классика деңгейіне көтеріле алмасы анық. Бір кездердегі «Алтын бесік», «Ана – Жер-ана», «Жаңғырық», «Қанды ғасыр», «Бір түп алма ағашы» секілді жан жүректі шымырлатар, өзіне ынтық етер қойылымдардың соңғы жылдары сахналанбай жатқаны бізді ойландырады, толғандырады.

Рас, соңғы жылдары «Таптым-ау сені», «Қазақтың тойы бітпесін», «Кездесу мен қоштасу», «Қазақы комедия», «Медаль» сынды туындылар сахналанды. Біразына тәнті болдық. Кейбірін тамашалап, театрдан шыға бере әсерден ада-күде айырылып қалдық. Оның сыртындағы «Орақты батыр», «Мұғалім» секілді бірлі-жарым тапсырыспен қойылған дүниелер бар. Тапсырыстан татымды дүние шықпасын, классикалық деңгейге көтеріле алмасын біз ғана емес, театрсүйер көрермен де айтып жүр. «Мұғалім», «Орақты батыр», кешегі театр қоржынына қосылған «Көке» қойылымы соған дәлел. Ал, соңғы бес- жылдықта қойылған «Ромео-Джульетта», «Ревизор» қойылымдары классика болғанымен оны Би апа театры бауырына басып, «біздің төл қойылым» дей алмасы анық. Қазақ театрының біршамасы сахналаған «Қара шекпен» де көрерменге ой салған, ынтық еткен қойылым, дегенмен қайталаудың аты – қайталау. Сонда барып: «Біздің Би апа театры қашан өзінің қолтаңбасы болып қалар тың дүниені көрерменге көрсетеді?» деп ойланасың. 

Бұл сын емес, уәж! Өнердің қара шаңырағы болған соң өзіне тән қолтаңбасы, дара қойылымы болуы керек. Ал дара деп даралап көрсетер қойылым соңғы жылдары Б. Римова театрының қасиетті сахнасынан көрініс берді ме? Ойланатын, ойландыратын сауал.

Хош, жоғарыда атап өткеніміздей В. Дорошевский: «Сөз – заттардың жарығымен сәулеленіп жарқырайды», – дейді. Өнер ше? Өнердің де жаны, жады, рухы, өзегі – тіл. Бүгінде сол тілдің мәйегі төгілген, кейіпкері күпсектеп сөйлеп шешендігін, күлбілтелеп ынжықтығын көрсететін образға құрылған қойылымдар қалып барады. Театр сахнасында сананы сілкінтер сөзі (диалог, монолог), мәтелі, мәйегі бар қойылымдар азайды (Бұл жерде жалпы қазақ театрын айтып отырмыз). Ал ондай сөзге құрылған, мазмұнды, мәйекті, ғажайып қойылымдар нағыз драматургтардың қолтаңбасында, классикалық қойылымдарда жатыр. Бүгінгі жазушының не жазарманның бірлі-жарым әңгімесі желісінде сахналанған қойылымда емес!

Осындай дүниелерді салмақтай, саралай келе Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықовтың қаламынан туған «Көке» туындысын сахналау да әлгі жаңа толқынмен шайылып кетер бастапқы толқын тектес дүние екенін айтпай кетуге болмас. Бір көргенге жарап тұр, екінші рет қойылымды үздігіп күтпесің анық.

 Бұл қойылымның сахналануы – тәжірибенің жемісі, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен театрдың бірлескен жобасы аясында көрерменге жол тартқан тәп-тәуір дүние. Жас режиссер Рамазан Үсеннің еңбегін, Ерлік Қалибек пен Еркебұлан Айдынбаев бастаған театр әртістерінің қабілетін, қарымын жоққа шығармаймыз. Бәрі де талантты. Десе де, бізді қынжылтқаны – «Көке» қойылымымен (Тапсырыспен сахналанған дүниемен) театрдың шымылдығын, маусымын ашу. Бұл орайда да Қазақстанның Құрметті журналисі, өнерді бір адамдай салмақтап жүрген жазушы ағамыз Жұмахмет Жайлаубаев: «Театр 49-шы маусымын ашты. Сәттілік! Келесі жылы елуінші маусымын тапсырыстан туындаған қойылыммен емес, жүректен жүрекке жететін, таза сезімнен туындаған салмақты, әсерлі, көрермендер үйлеріне таңдайына тәтті өрік салып жібергендей тамсанып қайтатындай керемет дүниемен ашады деп сенемін. Баяғыда бір ағамыз: «Шарға ұстаған балта едім, шабуы келмей қор болдым» деуші еді. Театрда шарға ұстаған балтадай мықты актерлер баршылық. Шеберліктерін бүгін де көрсетті. Ал қойылымның мазмұны, көрерменге берері туралы айтуға болар еді. Бірақ менің айтқанымнан не өзгереді? Қадыр аға бір өлеңінде: «Бір тәмпішті сынаймын деп, барлық пұшық жау болды» деп еді. Жүремін бе сол жау іздеп?!», – деп жазды әлеуметтік парақшасында. Соңыра сұрағанымызда: «Көке» қойылымын қай уақытта қойса да жарасар еді, алайда маусымды мұндай дүниемен ашуға болмайды», – деді. Бұл ретте «Егемен Қазақстан» газетінің Жетісу облысындағы меншікті тілшісі Мұхтар Күмісбек: «Театр – өнердің ең асылы, оған әр нәрсені жапсыруға болмайды… Аталардың тойы болсын, не мемлекеттік мереке болсын, болмаса агенттіктердің тапсырмасына сай қойылым қою абсурд. Оны театрға жүктеу тап-таза нонсенс. Өнерді олай қорлауға болмайды. Бүгін «Көкеден» көңілім қалып қайтты…», – деп пікір білдірді. Бұл да өнерді таза сараптай алатын азамат, шығармашылық иесінің жанашыр сөзі. Ал, журналист, ақын Аршын Айдынбек: «Тапсырмамен сахналанған қойылымның ғұмыры қаншалықты баянды боларын уақыт екшер… Режиссердің кей шешімдері шолақ қиылып жатқандай болды. Шымылдық жабылар тұстағы түйінді эпизодта салмақ жетпегендей әсер қалдырды. Көрерменді күлдіру оңай емес, әрине, актерлер сол межеден көрінді, бәлкім… Маусымашар болғандықтан тың дүние күттік», – деп жаза келе актерлық құрамның мықтылығына, театр басшыларының салмақты жұмысына риза екенін де жеткізді. Міне, Жетісу жерінде қалам ұстап жүрген азаматтардың осындай пікірін мысалға ала берсек, бірталай жерге ат шалдырып, көш-керуен жөнелтеріміз анық. Бәрінің де пікірі бір нүктеге, бір көкжиекке түйіскен. Ол – тапсырмамен театр маусымын ашуға болмайды деген жалқы ой. Біздің де айтпағымыз осы, «Кейбір атама заттың өзінен де қымбат», – деген Гоголь пайымына саяды. «Премьера» деген қойылым сөзінен соғұрлым әсерлі, «Премьерамен маусым ашты» деген де жылы, жақсы естіледі. Алайда, тапсырыспен түрілген шымылдықтың арғы шетіндегі шындық, қойылымның салмағы ше?..

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Спорт: 11-17 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесі

Спорт: 11-17 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесі

12.05.2026
Тұзды көп тұтынудың денсаулыққа әсері қандай?

Тұзды көп тұтынудың денсаулыққа әсері қандай?

12.05.2026
Алакөл ауданында 12 шақырым жол пайдалануға берілді

Жетісуда 1600 шақырымнан астам жол жөнделді

12.05.2026
Дәрігерлер мен IT мамандары жетіспейді: Қазақстанның еңбек нарығындағы кадр тапшылығы

Дәрігерлер мен IT мамандары жетіспейді: Қазақстанның еңбек нарығындағы кадр тапшылығы

12.05.2026
«Бір пәтердің бағасы»: Бақбақ гүлін жұлғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қазақстандықтарды таңғалдырды

«Бір пәтердің бағасы»: Бақбақ гүлін жұлғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қазақстандықтарды таңғалдырды

12.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.