Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАРИХИ ЖЕҢІС

04.05.2025
КҮЛТӨБЕ
Жол қайта жаңғыртылуда

Кеше ғана волейболдан «Жетісу» қыздар командасы Филиппинде өткен І Азия чемпиондар лигасында жеңіске жетіп, еліміздегі жанкүйерді қуантқанына барлығымыз куә болдық. Жеңіс туын желбіретіп келген аруларымызды облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы күтіп алып, марапаттаған болатын. Осындай тарихи жеңісті күллі қазақ баспасөзі жарыса жазып, қыздарымыздың ерлігін паш етті. Рас, қуанатын да, насихаттайтын да жеңіс! Бұл Жетісудың тарихи жеңісі. Олай дейтінім жан алып, жан беріскен ойынды алаң шетінде отырып тамашалаған едім. Осы тұста қыздардың ерлігіне кеңінен тоқталуды жөн көрдім.

Әңгімемнің басын ел чемпионатына дайындықтан бастайын. Азия бәсекесіне дейінгі кезеңдерде де «Жетісудың» өрнекті жолы мен қиындықтары көз алдымда. Олай болса, сол кезеңдерді тағы бір саралап көрейін. Өскеменде наурызда өткен ел чемпионатының плей-офф кезеңін сәтті аяқтап, жеңімпаз болып келген «Жетісу» төрт күн ғана үзіліс алып, одан кейін әдетті жаттығуға кірісті. Күніне екі уақыт (таңертең және кешке) жаттығу залында жүретін ойыншылар да, оларды бақылауда ұстап жүрген бапкерлер де маусым соңын көңілді аяқтағысы келеді. Олар жаттығуда бір сәтке де босаңсымады. Өткен жылдың шілдесінде басталған жаттығу үздіксіз жүрді. Соның нәтижесі Петропавлда өткен Қазақстан кубогын ұтып (дәл осы жеңісі Азия чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік сыйлады), одан кейін Өскеменде болған Қазақстан Суперкубогын жеңіп, чемпионатта алтын алды. Келесі меже – ел намысын І Азия чемпиондар лигасында абыроймен қорғау. Дайындық жүріп жатқанымен түрлі себеп команданың толық жаттығуына кедергі келтірді. Бір сәтте команда капитаны Карина Денисова тұмауратып, қатардан 2-3 күнге шықса, одан бас бапкер Марко Гршич орталық ауруханада бір апта ем-дом қабылдады. Білікті бапкер емханада да бекер жатпады. Ем шараларын қабылдаумен қатар арнайы тапсырма беріп, қарсыластарды зерттеп жатты. Артынша виза мәселесі де біраз әбігерге түсірді. Кей ойыншы мен бапкерлердің визасын өзге өңірден реттеуге 3-4 күн кетті. «Берелден» (Шығыс Қазақстан облысы) ауысып қатарға қосылған Кристина Белова да плей-офф кезеңінде алған жарақатынан толық жазыла қоймаған. Оны команданың физикалық дайындығына жауап беретін Неманья Еремич күнделікті қағадалап, соған сай тапсырмалар жүктеп отырды. Бір сәтте жеңіл жарақат алған либеро Мадина Бекет те бір күнгі жаттығудан босатылды. Дәл осындай кедергілерді ойлағанда Неманья Еремич қасыма келіп: «Шыны керек, қорқамын. Плей-оффтың аяқталғаны кеше, Азия чемпиондар лигасының басталуына бар болғаны 3-4 апта қалды. Дайындыққа уақыт аз. Дәл мұндай жаттығумен қай жерге дейін барады екенбіз?» – деп алаңдайтынын айтқан болатын. Алаңдауы орынсыз емес еді. «Қуаныштан» (Солтүстік Қазақстан облысы) уақытша ауысып келіп команда құрамын күшейткен Юлия Дымар да бірден сіңісіп кете алмады. Ал «Жетісудан» бұл сәтте отбасылық жағдайына орай байланыстырушы Мария Гардер мен маусым бойы үздік ойын көрсеткен шабуылшы Сильви Уаттара кеткен еді. Негізгі байланыстырушы Дарья Шаргородскаяның қасынан «Ақтөбеден» Азия чемпиондар лигасында көмекші ойыншы есебінде Алина Ашхабекова келіп, ұжымды толықтырды. Міне, осындай қиын кезеңдерді бастан өткеріп, алдағы ойынға тас түйін дайындалды. Әрбір іс кедергісіз болмайтыны белгілі. Десе де ойыншылар мен бапкерлердің жеңіске деген жігері анық байқалып тұрды. Қандай сәт болсын, намысты қолдан бермеуге бар күшін салды десем артық айтпағаным.

ТҮС
«Жетісу» волейбол клубының директоры Нияз Жантілеуов Филиппинге келе салған күннің ертесінде: «Аттың үстінде отырып құйындата шауып, кең далада еркіндікті сезініп, керемет әсерге бөленіп келемін» – деп көрген түсін айтты. Түсті оңынан, жақсылыққа жорып, бір жақсылық болады деп іштей ой түйіп қойды. Біз де солай жорамалдап: «Жақсылықтың нышаны!», – деп тарқастық. Мына қызықты қараңыз? Келесі күні Ниязға жақын туысы түсін айтып, таңғалдырады. Ол да түсінде ат үстінде отырғанын айтыпты. Бұл жай ғана сәйкестік пе?! Жоқ, Жаратушының өзі осындай қисынға келтіріп, бір тылсымның бар екенін сездіріп тұрғандай. Сенбекке налаң жоқ. Нияз бір-біріне ұқсас сериялы түстің текке қайталанып жатпағанын сезіп, өзара сыр есебінде сақтаған. Чемпионат соңында түстің дәл келгенін біз де, Нияз да сезіп, өзара таңдандық.

Филиппинге келген күні жаттықтырушы Марко Гршич жиналыс ашып, ойыншыларға: «Әр нәрсені бақылауда ұстауымыз қажет. Бәрі біз ойлағандай болмауы мүмкін, тек сабырмен, ақылмен шешейік. Әр елдің дәстүрі басқа, күтуі, дастарқаны өзгеше, сондықтан түсіністік те таныта білейік. Қандай жағдай болмасын біреуміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін жұмыс істейік» – деген-ді. Филиппиннің Ұлттық Астана аймағына (Metro Manila) кіретін жоғары урбанизацияланған Пасиг қаласында (2020 жылғы санақ бойынша қалада 803, 159 адам тұрады) орналасқан 10 мың адамға арналған «PhilSports Arena»-да келген күні ғана жаттығу жасап, қалған күндері дәл осы залда ойын өткіздік. Ал жарыс арасындағы жаттығу Маниладағы Капитоль ауданында орналасқан ағаш еденді «Gameville Ball Park» кешенінде жүрді. Бапкер айтқандай-ақ әр істен күш алып, қайраттанып отырған ойыншылардың белсенділігі қуантты. Филиппин аралдарына аяғымыз тиген сәтте-ақ бізге жауапты болып бекітілген жолбасшы Брайль Гомес: «Бапкерлеріңнің әр күнгі жаттығуы өзгеше. Жеңіске деген жігер бірінші күннен көрініп тұрды. Мен де сендердің жеңетіндеріңе сендім. Бір күні жаттығу болмайды дегенде таңғалдым. Өйткені сендердің командаларың ондайды текке жібермейтін» – деді. Ойын уақытына байланысты, залдағы доппен дайындықтан бөлек, Неманья Еремич жақын маңнан жаттығу залын тауып, командадағы қыздарды екі топқа бөліп, әр топқа жарты сағатын арнап отырды. Осыдан-ақ ұжымдық жұмыстың жүйесін байқауға болатын шығар. Командалық бірліктің арқасы екенін біз де сездік.

ОЙЫН
Бапкер сезгендей-ақ, бірінші күні жарыс ережесі өзгеріп, топтан кейінгі ойындар кестесі басқаша бекітілді. Үнсіз қабылдап, әр ойынды бақылауда ұстадық. Жарыстың алғашқы күні «Жетісу» демалғанымен «А» тобындағы «Al Naser» (Иордания) мен «Creamline» (Филиппин) ойынын бапкерлер құрамы залға арнайы барып көрді. Соның нәтижесі болар, келесі күні «Al Naser» командасын, одан кейін «Creamline» клубын жетісулықтар 3:0 есебімен жеңді. Бізге бірінші ойыннан бастап жеңіс ауадай қажет еді. Сол арқылы команданың рухы көтерілді. Ал ширек финалда «Д» тобындағы електен өткен Филиппин чемпионы «PLDT High Speed Hitters» командасымен жолығып, жартылай финалда Тайландтың үздік командасы «Nakhon Ratchasima QminC» ұжымын айқын ұтты. Финалға дейін қарсыластарының бірде-бір сетті жеңуіне мүмкіндік бермеген «Жетісу» шешуші ойында вьетнамдық «VTV Bin Dien Long An» командасына ғана (3:1 – 25:14, 20:25, 25:23, 25:18) екінші сетті «ұстатып» жіберді. Әрине, өкінетін нәрсе емес. Бастысы жеңілген жоқ. Финалдағы ойынды сөзбен жеткізу өте қиын. Жергілікті командамен финалда ойнау кімге болса да оңайға соқпайды. Жанкүйерлер де, алаң да солардың жеңісін қолдап тұрғандай сезінесің. Бірақ біздің қыздар қаһармандық танытты. Әрбір соққыға тосқауыл болып, ұпайдан шашау шығармады. Әсіресе шабуылшыларымыздың ойынын ерекше атап өтуге болады. Діт­те­ген нүктесіне соққысын дарытқан жеті­с­улық шабуылшылар команданың жеңі­сіне мол үлес қосты. Аласа бойлы либероны Мадина Бекетті айтпай кетуге бол­мас. Шапшаңдығы мен қырағылығы кім­ді болса да сүйсінтпей қоймайды. Оқша зулаған допты қайтарып отырды.

Осылайша әр ойында басымдық көрсеткен «Жетісудың» маусым бойы жасаған тынымсыз жаттығуы көрініс тапты. Оған І Азия чемпиондар лигасындағы әр қарсыластың ойынын арнайы барып көріп, статистика жүргізген, ойыншыларды зерттеп, артынша қонақүйдегі конференцзалда бейнежиналыс ұйымдастырған бапкерлер құра­мы­ның еңбегі зор. Замана­уи «Kinexon» құрылғысы арқылы ойыншылардың физикалық қуатын бақылап, жылдамдығына дейін есептеген Неманьяның да жұмысы орасан. Тәртіп, жүйе бар жер­де қашанда нәтиже бар.

Биылғы маусымды ресми түрде аяқтаған «Жетісу» үшін алдағы шілде айында жаңа маусымға арналған оқу-жаттығу жиыны басталады. Күзде ел намысын Әлем чемпионатында қорғау міндеті тұр.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.