Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Таза Қазақстан» аясында «Жаркент мешіті» мұражайының маңайы абаттандырылды

26 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
«Таза Қазақстан» аясында «Жаркент мешіті» мұражайының маңайы абаттандырылды

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысындағы Панфилов ауданында «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайының маңайы абаттандырылды. Сонымен қатар туристік нысан айналасындағы көшелерді жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Жаркент қаласында абаттандыру бағытында 3 жоба іске асырылып жатыр.

Жұмабай Мұсабеков

— Біз ең алдымен «Жаркент мешіті» туристік нысанының маңын көркейттік. Бұл — Юлдашев көшесінің Масанчи және Гапаров көшелері аралығындағы бөлігі. Онда брусчатка төселді, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды, жарықтандыру жүргізілді, 30-ға жуық ағаш, гүлзар мен көгал егілді. Осындай абаттандыру жұмыстары Головацкий көшесінің Жібек жолы-Масанчи аралығындағы бөлігінде де басталды. Бұған дейін 2023 жылы қоғамдық тыңдалым кезінде  тұрғындар «Арбат» типіндегі серуен алаңын жасау туралы ұсыныс айтқан болатын. Соған сәйкес қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізіп, жоспар әзірледік. Қазір «Арбаттың» құрылысы басталды. Шатырлар, орындықтар орнатылып, шағын архитектуралық формалар қойылып, көпшілік серуендейтін әдемі демалыс орнына айналады, — деді Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Дидар Ешенов.

Оның айтуынша, Жібек жолы даңғылының шығыс бөлігі де абаттандырылады.

Жұмабай Мұсабеков

Аталған үш жоба аясында 500-дей ағаш егіліп, автоматты суару желісі орнатылады. Көшелердің жалпы көлемі 20,7 мың шаршы метр болатын учаскесі абаттандырылады.

Жаркент қаласының тұрғындары мұндай бастамалардың қолға алғанын қуана қолдайтынын білдірді.

— Жабайы сауда мен такси жүргізушілерінің ретсіз қойылған көліктерінің кесірінен Жаркент қаласындағы орталық, атап айтқанда базар маңындағы көшелерден жаяу адам өте алмай қиналатынбыз. Ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан бұл мәселе биыл қолға алынып, орталық көшелер абаттандырылып жатыр. Өзім жұмысқа барар жолда күнделікті осы көшелерден өтемін, көргенге көз сүйінеді. Тап-тұйнақтай, жинақы, жаңа. Кешкілік бала-шағамен серуендеуге қолайлы әрі қауіпсіз демалыс орны пайда болғанына қуаныштымыз, — дейді қала тұрғыны Зульфия Шамиева.

Қатысты жаңалықтар

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.