Талдықорған: +24°C
$ 533.61
€ 621.07
₽ 6.78
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЕАТР МӘДЕНИЕТІ НЕГЕ ТӨМЕН?

26.01.2025
КҮЛТӨБЕ
ТЕАТР МӘДЕНИЕТІ НЕГЕ ТӨМЕН?

Ерлі-зайыптылар театрға жиналды. Отағасы спорттық киім кие бастап еді отанасы бірден: «Мұндай киіммен театрға кіруге болмайды ғой. Саф өнерді мұндай мәдениетсіздікпен ластау – өнерге қара күйе жағумен тең» деп еркелей ескерту айтты. Сәлден соң әдемі киінген екі жас театрдың есігін айқара ашып, рухани демалыстың ауылына аяқ басты. 


ТЕАТР – КИІМ ІЛГІШТЕН БАСТАЛАДЫ, АЛ МӘДЕНИЕТ ТЕАТРДАН БАСТАЛАДЫ.Тегінде осы сөздің астарына үңіліп, терең бойлап жатқандар шамалы ма деп ойлайсың кейде. Себебі, руханият ордасы деп саналатын театрға бара қалсақ құдды КИНОТЕАТРҒА немесе ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ сабағына топ ете қалғандай күй кешетініміз жасырын емес. Жалпы, театр атмосферасы тым ерекше. Осы ерекше әрі жайлы жерге қалай болса солай киініп келетін көрерменді көріп қынжылатынымыз рас. «Неге әрбір көрермен осынау айтулы күнге мұқият дайындалып келмейді?» деген жауабы жоқ сұрақпен алысамыз. Тіпті, көрермендер театрға ерте келу керектігін ұмытып кететіндей көрінеді. Қойылым басталуына шамамен 15-20 минут қалғанда залға жайғасып, барлық ынтасын қойылымға бұрса дейміз. Ал бізде қойылым басталған соң кешігіп келіп, телефонның жарығымен орнын іздеп, отырған көрерменді отырғызып-тұрғызып әуре-сарсаңға салатындар жоқ емес. Тіпті, кейде рухани демалыс орынына су, түрлі тіске басар да алып келетін көрермендерді кездестіруге болады. Оларға бірден «ТЕАТРДЫ КИНОТЕАТРМЕН ШАТАСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ» деп айтқымыз келеді. Осындай әрекеттер жанындағы көрерменнің қойылым тамашалауына да кедергі келтіреді. Үлкендермен сөйлесіп, осы пікірге деген көзқарас сұрасақ олар бірден: «Қазір бәрі замануи болып кеткен. Бүгінгі жастар мәдениеттен жұрдай. Қай жерге қалай киінуді, қалай жүріп-тұруды, ақыр аяғы сөйлеуді де білмейді» деп қатқыл үнмен жауап қатады. Бірақ кішілердің тәртібі үлкеннің жауапкершілігінде екенін де ескерген жөн. Тентегін тезге салып бір мезгіл «ТӘЙТ» дейтін аға буынның осы арада көмегі, тәрбиесі ауадай қажет-ақ. 

Сандуғаш МҰҢАЙТПАСОВА, 
Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының бас әкімшісі, ҚР Мәдениет қайраткері: 
– Театр – мәдениет ордасы.Аты айтып тұрғандай бұл жерге келетін әрбір адам асқан дайындықпен, ұқыптылықпен келеді. Барлық театрға арналған ортақ қағида бар. Соны ескерген жөн. Ең бірінші – театрға кешікпей, уақытында келу. Бізде көбіне 15-20 тіпті жарты сағатқа кешігіп келе­тін көрермен де кездеседі. Кіргізбесек ренжиді. Ол әртістерге, демалуға келген көрерменге кедер­гі келтірмегені жөн. Адам өз уақытын жоспарлағанда соған икемдеп дайындық жасау керек емес пе?  Жақсы көңіл күймен-тәртіпке сай киім үлгісімен театрға келіп, өнерді бағалап жатса біз екі есе қуанамыз. Кейбір көрермен күндізгі және кеш­кі уақыттағы қойылымдарды шатастырып бала ертіп келеді. Жас ерекшеліктерге мән бермейді. Кешкі қойылымда балалар тапжылмай шамамен екі сағат уақыт отыра алмайды. Жылайды, жүгіреді, сыртқа шығады. Бұл өзінің ғана емес, басқа көрерменнің де көңілін бұзады. Сондықтан көрермендер осыны да ескерсе дейміз. Ал балаларға арналған арнайы қойы­лымдарға әрине, шектеу жоқ. Қойылым аяқ­талса, көрермен сыртқа шығуға асығады. Біз оларға актерлердің еңбегін бағалап, қол соғып, ал­ғыс білдіру қажет екенін айтып, түсіндіреміз. Сондықтан да білім ошақтарындағы тәрбие сағат­тарында арнайы мәдени орындардағы тәртіп  жайлы  ұстаздар айтып, түсін­дірсе деген ұсыныс-тілек бар. 
Қазір театрымыздағы «Абай» қойылымын әр жас көруге міндетті. Оқыған бір бөлек, ал тыңдап оны көзбен көру мүлде басқа. Біз ұлттық кодымызды ұмытпау үшін жастарды театрға тартуымыз қажет. Сондықтан мектеп ұстаздарының жастарды тәрбиелейміз десе тәртіпті бірінші орынға қойып, мәдени ошақтарға жиі алып келгені жөн. Мәдениетті елдің, мәдениетті ұрпақтың ғана келешегі кемел болады. 

Әсем қаламыздағы әдемі мәдени ошақтарда көбіне оқушыларды, білімгерлерді жиі ұшырастырамыз. Олар ересек адам. Жүгіріп, ия шулап, жылап жүрген бала емес. Бірақ театрға келген олардың киім киісіне, мәдениетіне қарап ересек адамдар тізіміне қосуға сәл де болса ұялып қалатынымыз тағы бар. Амалсыз рухани сусындап жүргеніне қарап еріксіз риза боламыз.  

Coca-Cola мен попкорн қолтықтамаса да сөмкесіне нығыздап салған көрерменге қарап-ақ қарнымыз ашады. Адамның физиологиялық өсуі үшін ас-ауқат әрине керек. Бірақ рухани дамуы, кемелденуі, ойлауы үшін ас емес сана, жүрек қажет. Тамаққа емес, өнерге сусындап келген көрермен көп болса деп армандайтынымыз анық. Сондықтан әрбір әке-шеше ұрпақтарымызды ойын-сауық орталықтарына жиі апарып, алдарына әлем дәрігерлері дабыл қағып «зиян» деп жатқан жеңсік асты үйіп-төгіп алып бергенше, бір уақыт өнер ордасына жетектеп алып барып, мәдениеттің кішкентай болса да дәнін бойына ексек, ертең соның жемісін тұтас ел көреді емес пе? Бұл ұрпақ тәрбиелеудегі ең үлкен жетістік емей немене?!

Түйін. Біз «Алдыңғы буын ағалар, кейінгі буын інілер» деп ағаға ізетпен, кішіге құрметпен қараған тектінің ұрпағымыз. Мұндайды тек сөзбен әдемі айтып қана қоймай, соны іспен де көрсетуге бір қадам жасап көрейікші. Мәселен, мектептегі ұстаз, оқу орынындағы оқытушы белгіленген театрдың күнінде оқушы, студенттеріне бес минут уақытын қиып, ТЕАТР МӘДЕНИЕТІ жөнінде бір-ақ ауыз сөз айтса дейміз. Қарапайым ғана киім кию үлгісін түсіндірсе де жеткілікті. Солай мүмкін театр мәдениетінің сәл де болса артуына, түзелуіне, жоғарылауына ықпал етерміз. Десек те, МӘДЕНИЕТТІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ ең бірінші АТА-АНАНЫҢ БІР ПАРЫЗЫ мен МІНДЕТІ екенін ұмытпайық.

 

Қатысты жаңалықтар

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

18.07.2025
Жетісудың жайсаңы

Жетісудың жайсаңы

18.07.2025
Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

18.07.2025
Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

18.07.2025
Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.