Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЕРІС АҒЫМНЫҢ ЗАРДАБЫ

4 маусым 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде Жетісу жеріндегі діни ахуал тұрақтанып, мемлекетімізде қалыптасқан тыныштықтың тамыры тереңдей түсті. Бұл тұрғыда облыстық дін істері басқармасына қарасты «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» ауқымды жұмыс атқарып отырғандығын айтуға тиіспіз.


Жалпы, діни экстремизмнің құрбандары мен деструктивті діни ағым ұстанушыларға теологиялық, психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрсетумен айналысатын орталық мамандарының оңды істерінің нәтижесінде аймақта діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл қарқынды түрде жүргізілуде. Күллі әлем жұртшылығын алаңдатқан төтенше жағдай, карантиннің өзін тиімді пайдаланған оңалту орталығының мамандары елімізге белгілі дін ғалымдарымен онлайн кездесу өткізіп, дін саласындағы аса өзекті мәселелерді талқылады. Бұл жұртшылықтың діни білімін арттыруға септігін тигізер қадамдардың бірі.

Мысалы, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты ғұламалар кеңесінің мүшесі, теолог, исламтанушы Ерсін Әміремен болған сұхбат көпшіліктің көңілінен шықты. Оны тікелей байланыс кезінде қойылған сұрақтар мен аудитория санынан байқадық. Еліміздің мұсылмандары ұстанатын Ханафи мәзһабының ерекшелігі, дінге қатысты тақырыптарды сол саланың мамандарынан сұрап білудің қажеттілігі, ғаламтордан діни білім алудың зардабы сынды мәселелерге тоқталған Ерсін Әміре:
– Иә, қазір жоқтың бәрін «гуглдан» іздейтін заман болды ғой. Мәселен, біздің қандастарымыз дінге қатысты өзіне қажетті бір мәліметті іздегенде, оның қазақ екенін, Қазақстанда Әбу Ханифа мазхабын ұстанатынын гугл ескертіп, оған қажеттісін сараптап, саралап, шығармайды ғой. Іздегеніне қатысы бар мәліметтің бәрін жайып салады, – деп бүкіләлемдік интернет желісінің екшеу, іріктеу қызметі жоқтығын ескертіп өтті. – Оның ішінде жат ағымдарға тиесілі интернет порталдар міндетті түрде ұсынылады. Өкінішке қарай, осындай дүниелерді білместікпен оқып, адасып жүрген адамдар жетерлік. Олардың дені әлгіндегідей сайттардың түпкі көздеген мақсатына мән бермей, осындай күйге түскендерін өздері де білмей қалып жатады. Сондықтан, дін мәселесінде ел тұрғындары өздерін алаңдатқан сауалдар бойынша жергілікті жерде орналасқан мешіт имамдарының, діни басқарма қызметкерлерінің көмегіне сүйенуі керек. Сонымен қатар, елімізде арнайы Қазақстан  Мұсылмандары діни басқармасының пәтуа бөлімі жұмыс істейтіндігін ескеруіміз керек. Еліміздің әрбір аймағындағы діни басқармаларда 24 сағат бойы халыққа қызмет көрсететін сенім телефондары жұмыс істейді. Сондықтан қандай мәселеге келгенде де арнайы мамандардың кеңесіне құлақ асуымыз керек.

Міне, көпшілігіміз үшін аса қажетті тәртіптерді ұғындырған дін маманы еліміздің тыныштығын, тұрақтылығын, бейбітшілігін бұзуды қалайтын діни лаңкестіктің алдын алудың жолдарын нақты көрсетіп өтті. Себебі, діни лаңкестік пен террорлық әрекетті тек жастарға дұрыс тәрбие беру арқылы ғана тоқтатуға болатындығын өмірлік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан дінге, рухани білімге құштарлығы оянған әрбір жан кәсіби білікті маманның ақыл-кеңесіне жүгінгені жөн деп білемін.

Ерлан МАТАЕВ,
облыстық дін істері 
басқармасы «Діни 
экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым 
ұстанушыларын оңалту орталығының» бөлім 
басшысы

 

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.