Тұран жолбарысын қазақ жеріне қайта жерсіндіру ісі 2026 жылы басталады, бұл жөнінде 7su.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай жоспар Самарқанда өтіп жатқан жабайы жануар түрін сақтау жөніндегі халықаралық конвенция отырысында айтылды. Жиынға еліміздің Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі мен бір топ отандық сарапшылар қатысты.
Ежелде Тұран атырабын мекен еткен жолбарыс тұқымы көп ұзамай қайта пайда болады. Ғалымдар бұған еш күмән келтіріп отырған жоқ. Себебі 8 рет өлшеп, бір рет қабылданған кесімді шешім бар.
Соған сай қазақ жеріне 2026 жылы табиғаты жағынан ұқсас саналатын Амур тектес жыртқышты әкелу көзделіп отыр. Оның тұқымы біздің өлкеге әбден жерсінген соң Тұран жолбарысына айналады.
Соған сай қазақ жеріне 2026 жылы табиғаты жағынан ұқсас саналатын Амур тектес жыртқышты әкелу көзделіп отыр. Оның тұқымы біздің өлкеге әбден жерсінген соң Тұран жолбарысына айналады.
БҰҰ даму бағдарламасының жануарлар дүниесін басқару жөніндегі сарапшы Айман Омарбекова: — Ел Үкіметі осы жыртқышқа арналған экожүйені қалыптастыру бойынша БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен гранттық келісім жасады. Оның аясында Тұран жолбарысының қоректік базасын құру ісі басталды. «Алтынемел» ұлттық паркінен «Іле-Балқаш» резерватына 60 құлан әкелінді. «Қара Бақанас» арнасын тазарту бойынша жобалық құжаттама әзірленді. Оның нәтижесінде Тұран жолбарысы үшін су қажетті көлемде болады деп жоспарланған, — дейді.
Ал ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Нұркен Шәрбиев: — 2026 жылы Амур жолбарысын Ресейден әкелу жоспарда бар. Және Еуропаның тағы бірқатар мемлекетінен жеткізу қарастырылып жатыр. Барлығы тегін. Орындар мен экожүйе дайын. Ғалымдар да тиісті әзірлік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әуелі Амур жолбарысының тек 2-3 басы әкелінбек. Тәжірибе сәтті жүзеге асса, бұрындары Сырдария мен Іле өзенінің жағалауын мекендеген жануардың тіршілігі қайта жанданады. Бұл іс мемлекетке имидждік пайда әкеліп қана қоймай, шетелдік туристер ағынын арттыруға сеп болады,- деген пікірде.





