Талдықорған: +28°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
КҮЛТӨБЕ
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Кедей мен кембағалға тиіспегенімен қожалар мен молдаларды, билер мен бектерді жемдеп, масқарасын шығарып жүрген Тұрлымбет арада тағы бес-он жыл өткенде аяқ жетер жерде би мен шора бар ма екен деп төңірекке көз тігеді. Сонда оның назарына Сарыүйсін Сары би ілінеді.

Сарыүйсін Сары биді көрген адам
Әрі әділ, әрі дейді екен текті.
Әділдік, адалдығын бір көрсек деп,
Баруға Сары биге көңілі кетті.
Жаяулап бірқатар күн сапар жүріп,
Қонаға Сары биге келіп жетті.
Сәкеңе Түкең келіп сәлем берсе,
Қомсынып тыжырынып менсінбепті.
Шақырып бір жігітін біраздан соң,
Acүйге мына біреу қонсын депті.
«Бай-байға құяр…» деген мақал бар-ды,
Жаяуға қонақасы – көже депті.
«Сай-сайға құяр…» деген рас мақал,
Кедейге кім көрсетер қошеметті.
«Кембағал кедей теңі көже ғой» деп,
Аспапты керегеде тұрған етті.
Қасықты көжедегі ұрлап алып,
Ойлайды сол арада талай кепті.

Сол кезде Тұрлымбет қудың көңілі шаттанып, талай кепті ойлайды. «Сары би деген даңқына әдейі іздеп келіп ем, бұл да елді бай-кедей деп бөледі екен ғой. Киімім жаман болған соң, үйіне жаяу келген соң теңім деп ойламады-ау… Сары би, сені жеңген жерім осы» деп ақсұңқар құстай қырланып үйіне келеді. Келесі күні астына қара ат мініп, шапаннан манат киіп, ішіктен жанат киіп, қасына жақсы киінген екі жолдас ертіп Сары бидің ауылын бетке алып жолға шығады.

Бесін кезінде Сары бидің үйіне ат-тұрманы келіскен үш адам «құдайы қонақпыз» деп түсе қалады. Бұл жолы қонақтарға серке сойылып, алдарына қос қазы, жал мен жая қатар келеді. Астарына жұмсақ көрпе төселіп, жастануға құс жастық беріледі.

Әлденеге жымың ете қалған Тұрлымбет «Құданың берген мінезі ғой, еттен гөрі көжені тәуір көруші ем. Бидай көже болса…» деп қазы-қартаға қол соза қоймайды.
Қонақтың бұл тілегі де орындалып, алдына бір аяқ көже келеді. Сол кезде қонақ: «Нашардың асы бидай көже менікі, жал-жая, қазы-қарта, ақ жамбас, уа, ішігім, сенікі» деп ішігін дастарқанға жақындатып жылы-жұмсақты соған тықпалайды. Аң-таң болып отырып қалған Сары биге жаяу шаршап келгенінде бидай көже ғана бергенін, жақсы киініп келгенде ғана алдына қазы-қарта тартқанын айтып, «жаяу-жалпы келгенде неге мал соймадың?» деп айыбын бетіне басады.
Сары би сонда терледі,
Сөйлеуге аузы келмеді.
Өзі Сары болғалы
Мұндай қонақ көрмеді.
Мұнан бұрын Сарыны
Жоқ еді ешкім жеңгені.
– Негізің кай ел болады,
Жөніңді айтып бер? – деді.
– Руымды сұрасаң Жалайыр деген ел, – деді.
– Жалайыр болсаң, батырым,
Тұрлымбетпісің сен, – деді.
– Жалайырдың ішінде
Руым мырза
Әліке Қожаназар баласы
Тұрлымбетің мен, – деді.
– Тоқтат, батыр, сөзіңді,
Сыртыңнан қу деп естісем,
Көзім көрді өзіңді.
Мен жеңілдім, сен жеңдің,
Сөзіңнің бәрі жөн, – деді.
Сарыүйсіндегі Сары би
Адамзаттың шешені.
Белгілі бидің біреуі,
Үйсіндегі көшелі.
– Мен жеңілдім, сен жеңдің,
Тұрлымбет, батыр, – деседі.

Үй иесі бұлай деген соң бәйбішесі төрдегі қалы кілемді шешіп береді. Түйе бастаған бір тоғыз айыбын тартатынын айтқан Сары би тағы сөз алады.
Сары би сонда сөйлейді:

– Қапыста, батыр, кеп калдың,
Көңліме тоқтау шек салдың.
Абақ, Тарақ баласы ең,
Қара шалды шепке алдың.
Сары би мен болғалы
Шешендікпен тоқтатып,
Талай би мен бекті алдым.
Жас та болсаң, Тұрлымбет,
Қулықпен сен де көпті алдың.
Қарекеңе қалжыңдап,
Әртүрлі мен де айтушы ем,
Бір сапар, батыр, кекті алдың.
Берекелі нулы өзенге
Рулы ел сыйып қонады.
Арнаулы жүйрік сұңқардың
Өзені сондай болады.
Жүремін десең жол болсын,
Осы сөзімді еске алғын, – деп шынайы ілтипатын білдіреді. Осылайша Тұрлымбет бұл елге қош айтысып, ауылына абыроймен оралады.

Сары биге қош айтып,
Еліне қайтты Тұрлымбет
Би мен байдан ежелден
Басынан болған алымы.
Қош айтысып Тұрлымбет
Еліне қайтып барады.
Он ұл бопты өзінен
Жалайырда әйткенмен,
Бір кісі бопты балалы.
Кедейменен зауқы жоқ,
Көп тиген байға залалы.
Он ұлы да ержетті,
Оны да болды көрнекті.
Сол уақытта Тұрлымбет
Алпыстан асқан шамалы.
Осы кезде ауырып
Ажалдың келді хабары.

Қамшының сабындай шолт ете қалатын шолақ ғұмырдың таусылуға таяғанын сезген Тұрлымбет қасында иман айтып отырсын деп бір ғұлама молданы алғызады. Тірлігінде біліп-білмей істеген күнәсі, мал табу үшін жасаған азды-көпті қулығы үшін өкінетінін айтып, о дүниеде сұраққа алатын Мүңкір-Нәңкірден құтылатын жол бар ма деген мәселеге алаңдайтынын білдіреді.

Арасында әлі бітіп талықсып кеткен Тұрлымбет есін жиған сәтінде тағы бір қулық ойлайды. Молданы бір қорқытып алайын деп ысылдап барып «Құқ!» деп бас салады. Мұндайды күтпеген молда шалқасынан түсіп, өз-өзінен қысылып жүк астына тығылады. Осылайша Тұрлымбет өлейін деп жатқан кезінде де молданы қорқытып мазақ қылады.
– «Құқ» дегеннен қорқасың,
Кім қол салды қолқаңа?
Қорықтың, молдам, оңбадың,
Сен де иманды болмадың
Оқуың бес қап болса да.
Ақылыңнан танғандай,
Шошынып қорқып қалғандай,
«Шыныңды айт!» деп кім қинап
Алып жатыр ортаға?
Босқа терлеп ұялып
Молда сөзге сынады.
Бетіне киім жапқызып
Тұрлымбет көзін жұмады.
Ажал келсе адамның
Шаруасы тынады.
Кеселі жаман болған соң
Балалары жиылып,
Он ұл басын құрады.
«Ақылыңды айт», – деп сұрады.

Тұрлымбет болса: «Көрмеген, ел баспаған жерге бара жатырмын, ақылдарың болса маған сендер айтыңдар», – деп бұл өтінішке де жауап табады. Әйтсе де соңынан дұрыс сөзге келіп: «Ауызбірлікті болыңдар, оның бірге болсаңдар сендерді ешқандай жау алмайды. Береке-бірліктеріңнен айрылмаңдар, алауыздық сондай береке-бірліктен айырады» деген ақылын айтады. Сөйтіп дүйім қазаққа «Тұрлымбет қу», «Тұрлымбет шешен» деген аты шыққан әйгілі азамат өмірден өтеді.
Тұрлымбет аты шығыпты
Ақыл, айла, өнермен.
Сол ауырған науқастан
Алпыс үш жаста жөнелген.
Артында қалған ұрпағы
Өркендеп өсіп, көгерген.

Тұрлымбеттің бұл сөзі
Ертегі болып бір күнде
Ел аузында жүретін.
Қулық-амал, өнерсіз
Өткізбепті тірлікте
Өмірінің минутын.
Көрден-көрге жүгіртті
Толықсып жатқан бай көрсе,
Қызыл алтай түлкідей
Қыдырды ойдым сай көрсе.
Осыменен тоқтаттым,
Жаза берсем әлі де
Айтылмай қалған сөзі көп,
Естіген адам күлетін.

Үш ғасырдай болыпты
Сол Тұрлымбет өлгелі.
Баспаға бұрын беруге
Кезі мұның келмеді.
Әңгіме болып жүруші ед
Істеген жұмыс өрнегі.
Кезі енді келгенде
Қалайша мұны бермелі.
Қисынсыз болса, сөкпеңдер,
Осы болды Қалқаның
Тілінің күші келгені.

Жауапты шығарушы Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025
Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.